Мақсаты: Мәтінді оқи отырып, оның негізгі идеясын ашып, табиғатты аялауға, қамқор болуға үйрену.
Міндеттері:
1. Топпен жұмыс істеуге бейімделу;
2. Сын тұрғысынан ойлай отырып, топтық тапсырмаларды орындау;
3. Күз ерекшеліктерін айту;
Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау», «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу»
Сабақтың әдіс – тәсілдері: «Амандасу рәсімі», «Топтастыру», «Сынақтан өткізу», «Қайта бағыттау» сұрақтары, «Венн диаграммасы», «Кубизм», «Қызығушылықтарын ояту», «ДЖИГСО», «Диалогтік оқыту» стратегиясы, «Картоп егу» сергіту сәті, «2 жұлдыз, 1 тілек» рефлексиясы
Формативті бағалау оның ішінде: смайликпен бағалау
Уақыты (мин) |
Жоспар мазмұны (сабақ кезеңдері) |
Мұғалімнің іс – әрекеті |
Оқушының іс – әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||
Ұйымдастыру кезеңі
|
Психологиялық дайындық: Амандасу рәсімі
Өткен сабақты пысықтау
Топқа бөлу: |
Оқушылармен амандасады:
Үй тапсырмасын тексеру: * «Күзгі орман көрінісін» қалай елестетесіңдер? * Әңгімеде қандай кейіпкерлер бар? * Тиіннің іс – әрекеті қалай суреттелген? * Борсық қысқа қалай дайындалды? *Мәтінде қоян қалай суреттелген? *Мәтінде қандай ағаш атаулары берілген? *Мәтінде қанша ағаш түрлері айтылған? -Топқа бөлу: жәндіктердің атауына қарай топтастыру |
Амандасу рәсімі: Амансың ба алтын күн, Амансың ба көк аспан. Амансың ба достарым, Амансың ба ұстазым. Өткенді пысықтау: «Кубизм» стратегиясы бойынша әр топ өзіне түскен сұрақ бойынша жауап береді.
Әр топта 6 оқушыдан 1. «Құмырсқа» тобы 2. «Шегіртке» тобы 3. «Ара» тобы 4. «Инелік» тобы |
|
Текше
Жәндіктердің суреттері |
|||
Тұсаукесер |
Сюжетті мақал – мәтелдердің жалғасын тап |
Интербелсенді тақтаны қолдана отыра, сюжетті мақал – мәтелдерді көрсетеді.
. . . жаны тәтті.
Тояды қарның тіленбей.
|
Сюжетті мақал – мәтелдер жалғасын табады.
Жалқаудың жаны тәтті.
Тояды қарның тіленбей.
|
|
Интербелсенді тақта
Тұсаукесер |
|||
Жаңа сабақ |
Сынақтан өткізу сұрақтарын қою
|
- Мақал – мәтелдер не жайында? - Еңбек деген сөзді қалай түсінеміз? - Еңбек етуден жалықпайтын адамды кім дейміз? - Онда бүгін біз еңбек пен еңбекқор сөздерінің мағынасын толығырақ түсінеміз. |
- Әр мақал – мәтелдердің мағынасын ашады
|
|
|
|||
Сергіту сәті |
«Картоп егу» |
Сергіту сәтінің мәтінін оқып тұрады |
Іс – қимылмен көрсетеді. |
|
|
|||
Мәтінмен жұмыс |
«Күзгі орман көріністері» |
- Әр топқа мәтінді оқуға 5 мин уақыт беріледі. |
- Тақтаға әр топ мәтінді оқи отыра, жасырын тұрған сөзді табады. «Құмырсқа» тобы: . . . шегіртке Ыршып жүріп . . . Көгалды қуып . . . , Қызықпен жүріп жазды алған.
«Шегіртке» тобы: Жылы . . . жоқ, тамақ жоқ, Өкінгеннен не пайда? . . . тоңған, қарны . . ., Ойын қайда, . . . қайда?
«Ара» тобы: Секіру қайда, сүрініп, . . . қайғы жабады. Сабанда жатып дән жиған . . . іздеп табады.
«Инелік» тобы: Селкілдеп келіп . . . , Аяғына бас ұра:
. . . шыққанша асыра! |
Формативті бағалау, яғни топтардың сабаққа қатысу белсенділіктеріне қарай смайликпен бағалау.
Жасырын сөзді тапқан топқа жапырақ беріледі. |
Таратпа қағаздар |
|||
Сергіту сәті |
|
|
Бір, екі, үш, Бойға жинап күш. Қолға қалам аламыз, Әдемі етіп жазамыз. |
|
|
|||
Топпен жұмыс |
Суретпен жұмыс
Сөйлем құра |
1.Әр топқа суреттер таратады
2.Әр топқа еңбек етеді, ұшады, секіреді, бал жинайды сөздері жазылған үлестірмелі қима қағаздарын таратады |
1.Әр топ өз тобының атауының суретін бояп, оны сипаттап береді. 2. Еңбек етеді, ұшады, секіреді, бал жинайды сөздеріне сөйлем құрайды. |
Тапсырмаларды орындаған сайын әр топ смайлик алады.
|
Суреттер топтамасы
Үлестірмелі қима қағаздар
|
|||
Сергіту сәті |
«Мұның аты еңбек»
|
|
Іс – қимылмен көрсетеді. Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты еңбек. Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты еңбек. Қиындықтың бәрін, Еңбек қана жеңбек. |
|
|
|||
Топпен жұмыс |
Топпен жұмыс |
3. Әр топ өздерінің ойларынша күзгі орман көрінісін суретін салады. |
3. Әр топ күзгі орман көрінісінің суретін салады. |
Тапсырмаларды орындаған сайын әр топ смайлик алады.
|
Постер, маркер. |
|||
Бекіту |
Топпен жұмыс |
-Бүгінгі өткен мәтінге сүйене отырып, жазғы және қысқы шегірткенің іс – әрекетін салыстырмалы түрде жазғызу |
-Әр топ шегірткенің жазғы және қысқы іс – әрекеттерін салыстырмалы түрде жазады. ШЕГІРТКЕНІҢ ІС - ӘРЕКЕТІ
жазғы әрекеті қысқы әрекеті
|
|
|
|||
Рефлексия |
«+,-,қызықты» |
Оқушыларға стикерлер тарату + сабақта не ұнады? -сабақта не ұнамады? Қызықты сабақтың қай кезеңі қызықты болды |
Әр топ мүшелері «+,-,қызықты» рефлексиясын толтырып, ұнаған смайликке жабыстырады. |
|
|
|||
Бағалау |
|
Әр топ жинаған смайликтерін санайды.
|
«BLOB» бағалау парақшасы |
|
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі