Өлең, жыр, ақындар

Хх дыбысы мен әрпі

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Сабақ: әліппе

Мектеп: № 101

Мерзімі: _____________

Оқытушының аты-жөні: Баймаханова Гүлнура Нұртайқызы

Сынып: 1 «    »

Қатысқан оқушылар саны: _____________

Қатыспағандар саны:

____________              

Сабақтың тақырыбы: Хх  дыбысы мен әрпі

Осы сабақтың оқу мақсаттары:

Хх дыбысының айтылуын, әрпінің  жазылу ерекшеліктерін меңгереді. Өткен әріптерді пайдалана отырып, сөздер жаза алады. Сурет бойынша сөйлем құрайды.

      Сабақтың мақсаты

                          Барлық оқушылар:

Хх дыбысының айтылуын, әрпінің  жазылу ерекшеліктерін меңгереді . Бағандағы сөздерді буындап оқи алады. Сөздерді буынға бөліп, буын санын біліп, ондағы дауысты дыбыстарды айта алады.

                          Оқушылардың көпшілігі:

Х әрпін қатыстырып сөздер айта алады. Сөздерге дыбыстық талдау жасай алады.

                              Кейбір оқушылар:

Х әрпін қатыстырып сөйлемдер құрайды. Берілген мәтіндерді оқып, мазмұндай алады. Мұғалімнің көмегімен шығармашылық тапсырмаларды орындай алады.

Тілдік мақсаттар

 

 

 

 

 Бұған дейін меңгерілген білім:

 Юю дыбысы мен әрпінің айтылу ерекшелігін білу. «Жарыс» мәтіні мен бағандағы сөздерді жүргізе оқи алу.

                                Оқушылар:

Хх дыбысының айтылу ерекшелігін түсіндіреді. Мысалы: Х дыбысының неліктен дауыссыз екендігін айтып дәлелдейді.

Пәндік лексика және терминдер:

Хх  дыбысы, әрпі, хат-письмо, хадис, шахмат

             Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер

Талқылау:

  • Х дыбысы сөздің қай бөлігінде орналасқан?
  • Х дыбысы айтылу ерекшелігіне қарай, қандай дыбыс?
  • Мына жерде қандай әріп жасырынған?

Жоспар

Жоспарланған

   уақыт  

  Жоспарланған жаттығулар

   Дерек көздері

     Басы

    0 – 7 мин

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Ортасы

   8 – 15 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    16 – 24 мин

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   25 – 30 мин

 

 

       Соңы

   30 – 35 мин

 

 

     36-40 мин

1 топтың аты: «Білімділер» Топтың ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашан да үміткерміз жеңіске.
2-топтың аты: «Талаптылар» Топтың ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
-Тапсырмаларды үздік орындаған топ қызыл кітапқа, жақсы орындаған топ көк кітапқа ие болады. Қай топтың қызыл кітабы көп болса сол топ Дараға жақсы көмектесіп жеңіске жетеді.

-Балалар бүгін біздің сыныпқа саяхатшы Дара келіпті (бейне таспа жіберу). Ол кітапханадан алған қызықты кітаптарын оқып болып, енді оларды тапсырмақшы. Кітаптарды тапсыру үшін Дара кітапханаға бара жатыр екен. Жолда кездескен қиындықтарды жеңіп, Дараға көмектесуге әзірсіңдер ме? Ол үшін қай топ Дараға жақсы көмектесетінін білу үшін 2 топқа бөлініп жарысамыз.
- Әр топ өздерін таныстырсын.

Өткенді пысықтау.
-Я,Ю дыбыстаны қайталау, Жарыс мәтінін оқу, түсінік айту.
-Ең алдымен Дараның кітаптарын үстелгі жинайық. Ол үшін біздер үй тапсырмасын қайталап алайық.
1-тапсырма. Үлестірмелі қима қағаздардағы сөздерді оқып, буынға бөлу. аяқ, таяқ, қоян, қияр, пияз, аяз, дария, ұя,баяу,шаян, тақия,сая,аю,ою, қою,құю,есею,азаю,үлкею,көбею.
2-тапсырма. 1 топ «Білімділер» Жарыс мәтінін оқу, 2-топ «Талаптылар» сұрақтарға жауап беру.
- Дараның кітаптарын үстелге жинадық.Енді оларды Дара қайда салады? (жолдорбаға)

-Енді кітапті жолдорбаға салу үшін, алдымен жолдорбаны босатуымыз керек, ол үшін жолдорбаның ішіндегі суреттерді айтып қайталасақ ,бүгінгі сабақтың тақырыбын біледі екенбіз.( «Сиқырлы кітап» бейне таспа жіберу) .
-Бүгінгі танысатын х дыбысымен танысамыз. Қане дыбыстап көрейікші? Қандай дыбыс? Х-дауыссыз дыбыс,себебі? Ауа кедергіге ұшырап тұр. Х - әріптернің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
Суреттерге назар аудару, х дыбысының орналасуын түсіндіру.
- Х нешінші буында тұр, сөздің қай жерінде тұр.
- Не байқадық? Х әрпі сөздердің қай жерінде кездеседі? Х әрпі сөздердің басында, ортасында және кейде сөздің соңында кездеседі. Мысалы: хат, шахмат, шах.
-Жолдорбаны тапсырмасын орындайық.«Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнау.
-Жолдорбаның ішін босаттық, жолдорбаның ішіне кітаптарды орналастырдық, енді Дара жолға шығуға дайын.
-Кітапханаха бару үшін алдымен көпірден өтуміз керек, көпірдің күзетшісінің тапсырмасын орындасақ, Дара көпірден өтіп кітапханаға жетеді.
Күзетшінің тапсырмасы оқулықпен жұмыс.
-тізектеп бағандағы сөздерді оқып шықсақ,х дыбысының астын сызып шықсақ көпірден өтеміз. Х дыбысы сөздің қай жерінде орналасады?
-тізбектеп оқу, түртіп алу, осы сөздердің ішінде түсініксіз сөз бар ма?
-хат -хабаp жiбеpу үшiн жазылып қойылған не жөнелтiлген жазбаша мәтін.
Хор-музыканы қосылып оpындайтын әншiлеp тобы.
Хан-ел билеушi .
Саяхат - алыс жеpге, ел аpалауға шыққан сапаp.
Дәріхана-Дәpi-дәpмек даяpлап және оны сататын оpын;
Хабар-жаңалық
Халат- үй iшiнде күнделiктi киетiн жеңіл киiм.
Хадис- діни кітаптарда айтылған қасиеттi сөздеpi, өсиеттеpi.
Шахмат-ойын
Хаттама- жиналыстың, мәжiлiстiң баpысы туpалы жазылған қысқаша мазмұндама.
Ұстахана-темірден әр түрлі заттар жасап шығаратын шеберхана.
Шеберхана-әртүрлі материалдардан заттарды жасап шығаратын орын.
-Күзетшінің тапсырмасын орындадық Дара көпірден өтті.
-Міне енді Дара кітапханаға да жетті. Әр топтың басшыларына тапсырма беріледі.
1 топтың басшысы сурет бойынша әңгімелеу.
2 топтың басшысы кітапхандан алынған кітаптарды қалай күтіп ұстау керек екенін айту.
-Мәтінді оқу.
Мынау біздің кітапхана. Кітапханада көптеген газет-журналдар да бар.Кітапхана қоры- кітап. Оқушылар кітапханаға жиі келіп тұрады.
Біздің кітапхана екінші қабатта орналасқан.Онда орыс, қазақ, ағылшын және басқа тілдерде кітаптар бар. Біз күнде кітапханаға келіп тұрамыз.
Іші өте таза, жылы, әдемі.Кітапханада түрлі газет-журналдар да көп. Онда өте мәдениетті,инабатты,өз істерін жақсы білетін кітапханашы жұмыс істейді. Кітапханада керекті журнал немесе кітаппен пайдалануға болады.Мұнда сабаққа дайындалуға жақсы жағдай жасалған.
Кітапханада тыныштықты және тәртіпті бұзуға болмайды.
(Балалар міне Дарамен бірге кітапханға да жеттік, Дара кітаптарын тапсырды.) Дараға өте жақсы көмектескен, топтардың ұпайын санайық. Бейне таспадан біз жеңдік әнін орындау. Қане өзімізге қошемет білдіріп қояйық.)

 

 

Тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер мен әріпті шаршылар

 

 

 

 

 

 

 

Парақшалар

 

 

 

 Қосымша ақпарат

Дифференциация – көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

   «Адасқан сөйлемдер» атты      шығармашылық тапсырма беру

                Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?

 Бүгін оқушылар нені  үйренді?

 Оқыту ортасы қандай  болды?

 Оқушыларға дифференциация табысты болды ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспардан қандай ауытқулар жасадым және неге?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Бағалау – оқушылардың жетістігі мен білімін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

 

Қалыптастырушы бағалау элементтер(жұлдызша, күлегеш, вербальді т.б)

Пәнаралық байланыс:

Музыка, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі, дүниетану.

                                                               Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі кезеңді атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге байланысты)

1.

2.

2.Қандай екі кезең сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1.

 

2.

 

Сынып туралы және жекелеген оқушы туралы не білдім және ол келесі сабақты өткізуіме қандай әсерін тигізеді?

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер