Өлең, жыр, ақындар

Бейімділік. Қорғаушы рең. Жасырушы рең. Мимикрия (еліктеуші рең). Сақтандырушы рең. Бейімділіктің жетілдірілуі және оның салыстырмалы сипаты

Пән атауы: Биология

Пән мұғалімі: Амангелдиева Ақсауле Дүйсенбайқызы

Сынып: 10 сынып

Сабақтың тақырыбы: Бейімділік. Қорғаушы рең. Жасырушы рең. Мимикрия (еліктеуші рең). Сақтандырушы рең. Бейімділіктің жетілдірілуі және оның салыстырмалы сипаты.

Сабақтың мақсаты: Бейімділік және оның түрлерінің қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру. Жұмысты өз бетінше жасауға дағдыландыру. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар арасында өзара қатынас қалыптасады. Сабаққа деген қызығушылығы артады. Өтілген тақырыпты қорытындылайды, жалпы диалогтық қарым-қатынас жасайды. Ізденеді танымы артады. Топтық диалог қалыптасады. Тақырыпты меңгереді.

Міндеттері: - бейімделушілік туралы жайлы түсінік алу.

                    - топта, жұпта, жеке жұмыс жасауға үйрену.

                    - жауапкершілікті, табандылыққа, қоршаған ортаны қорғай білу.

Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ, ОүБ.

Стратегиялық іс әрекет: «Сұрақты қағып ал». «Постер»әдісі. «ДЖИГСО» әдісі. «Венн диаграммасы», «Топтастыру», «Суретпен жұмыс», «Семантикалық карта», «Ратация» әдісі,  «Топтық бағалау».

Уақыт өлшемі

Жоспар мазмұны

Мұғалім іс әрекеті

Оқушылардың     іс әрекеті

ресурстар

3 мин

1. Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Оқушыларды психологиялық дайындау.

Өзін -өзі реттеу.

 

Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу. Психологиялық дайындық.

- Көңіл күйлеріңіз қалай?

- Керемет (қолдарын көтереді)

- Сабаққа дайындығымыз қалай?

- Тамаша (шапалақ)

- Ынтаңыз ше?

- Ғажап (қолдарын көтереді)

- Ендеше сабақты бастаймыз

- О,о,о (бас бармақ көтеру)

 

 

6 мин

2. «Жайлауға көшу»

Өткен тапсырманы қайталау.

 

«Сұрақты қағып ал әдісі» арқылы үй тапсырмасы сұралады. Допты топтағы оқушыларға қарай бағыттап сұрақ қоя отырып лақтыру.

Топтағы оқушылар допты қағып алып, сұраққа жауап беріп, допты басқа топқа бағыттап сұрақ қоя отырып лақтырады.

Доп

 

1мин

Топқа бөлу

Суреттер таратылады. Сол арқылы топқа бөлінеді.

1-топ. Жасырушы рең.

2- топ. Сақтандырушы рең

3- топ. Қауіптөндіруші рең

4-топ. Еліктеуші рең

Оқушылар берілген суреттерді алып, шағын топтарға бөлінеді.

 

 

Флипчарт,

 түрлі-түсті маркер

2 мин

Қызығушылықты ояту

Тақтадан  қандай сурет көріп тұрсыңдар?  Жаңа сабақтың тақырыбын ашуға арналған суреттер.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіреді.

Суреттерге жауап табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Оқушылар сабақтың мақсатына өз идеяларын қосады.

Интерактивті тақта.

 

1 мин

Проблемалық сұрақтар

Мұғалім проблемалық сұрақ қояды.

 Тірі ағзаларға қажетті жағдайлар? Осы жағдайлар болғанда ғана тірі ағза тіршілік ете алады.

Оқушылар жеке-жеке  сұраққа жауап айтады. Сұраққа жауап береді.

 

Интерактивті тақта.

 

9 мин

3. «Кереге керу».

Кубизм” (Саралаңыз) әдісі.

Алдарына кубик таралылады. Кубиктің 6 бұрышында сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарды таба отырып, тапсырманы орындайды.

Топтық жұмыс. Постер құру.

 

 

 

Оқушылар жеке-жеке  сұраққа жауап іздейді, мәтін мазмұнын оқып, танысады, содан соң жұпта, топта  бірлесіп талқылап жұмыс жасап,  талқылайды, сұраққа жауап бере отырып, зерттеушілікпен айналысады.

Оқушылар жұптасып, топтасып пікірлесе отырып, өз ойларын еркін, дәл, анық түрде постерге түсіріп, қорғайды.

Интерактивті тақта, компьютер

 Стикер, плакат, қалам.

9 мин

4. «Уық шаншу»

 

Әр топқа  тапсырмалар беріледі.

1 топ. Венн диаграммасы

2 топ. Топтастыру.

3 топ. Суретпен жұмыс.

4 топ. Семантикалық карта

Әр шағын топ оқушылары өздері ойланып, жұпта пікір алмасып, топта талқылап, соңында қорытынды ойды тақтаға сызады.

 

Дәптер , қалам.

8 мин

5. «Шаңырақ көтеру»

 

Ратация ” ауыстыру әдісі.

Бұл тапсырмада әр топқа сұрақ беріледі.

Жауап бергеннен кейін сұрақтарын ауыстырады.

 Топ оқушылары тақтадағы арнайы дайындаған плакатқа сұрақтың жауабын жазады.  Жауап бергеннен кейін  сұрақтармен  алмасады.

 

2 мин

6. Туырлық жабу

 

Үйге тапсырма

 

Бағалау

§44 оқып түсінік айту.  Тест құрастыру

 

 

 

Оқиды, тест құрастырады.

Жасыл-  өте  жақсы

Сары  -   жақсы

Қызыл-   орта

Оқулық

Ж. Шілдебаев

«Биология » 2013ж

 200-202 бет

 

2 мин

Рефлексия.

Екі жұлдыз, бір тілек

Оқушыларға жасыл, қызғылт түсті стикерлер таратады.

 - Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

- Нені үйрендіңдер?

- Шағын топта жұмыс жасау сіздерге ұнады ма?

Оқушылар стикерлерге

- Бүгінгі сабақтан қандай әсер жазады.

- Нені үйренгендерін

- Шағын топта жұмыс жасау  ұнады ма? деген сауалдар төңірегінде ішкі сезімдерін жазады.

Түрлі-түсті стикерлер.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер