Өлең, жыр, ақындар

Сан есім туралы берілген білімді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Сан есім туралы  берілген білімді қайталау.

Сабақтың мақсаты: Сан есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, дара күрделі сан есімдер туралы білімдерін одан әрі толықтыра түсу.

Дамытушылығы: оқушылардың өздігінен талдау жасай отырып, сауаттылығын, шығармашылық  қабілеттерін арттыру, ойын еркін жеткізуге дағдыландыру. Сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелілігі: ізденімпаздыққа, мейірімділікке, ұқыптылыққа, тәрбиелеу, туған жеріне, тілін құрметтеуге баулу.

Түрі:  пысықтау сабағы.

Әдісі: сто,бис, сұрақ жауап, ой қозғау

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, парақшалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі  Қызығушылықты ояту. Психологиялық дайындық

Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды
Қайырлы күн Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену
Еңбектену арқылы
«5»- ке қолды жеткізу

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау 

ІІI Мағынаны тану.

  • Қандай тарауды аяқтағалы жатырмыз?
  • Сөз таптары туралы не білеміз?
  • Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
  • Сөз таптарының ережелерін пысықтау.
  • Ой қозғау

Зат есім                          Сын есім

Сан есім                        Етістік  (Топтастыру)

  • Слайд  (сан есім түрлері сұрағы)
  • Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты.
  • Дәптермен жұмыс
  •  Көркем жазу сәті   Мм   Мм Әріпке байланысты сөздер жазу
  • Нақыл сөздер. М.Мақатаев

 

  • Терме диктант. ( слайдтан сан есімдерді теріп жазу, жұптасып тексеру, бағалау)

Оқулықпен жұмыс

482- жаттығу. (ауызша талдау)

  • Сан есімдерді ата, дара сан есім, күрделі сан есімдер
  • Сан есімдерді ажырату
  • Қыңыр кісі  -  қандай адам талдау?
  • Ал сіздер ішінде сан есімі бар мақал мәтел білесіздер ме?
  • Мақал мәтелдер айтысу

483 – жаттығу

  • Жатқа жазу
  • Өзін өзі бағалау ( салйдтан тексере отырып)
  • Сан есімдерді табу
  • Жұмбақ шешу  бойынша он екі  ай,  отыз күн.
  • Сан есіммен зат есімнің байланысын талдату.
  • Қызықты деректер (видео ролик көрсету )
  • Бір таңбалы, екі таңбалы сандарды ажырату, дара, күрделі сан есім екенін дәлелдеу
  • Бис технологиясы бойынша бір минут ішінде қазақ тілінде пайдаланатын сөздер жазу.
  • «Не үшін ?» тренинг (ауызша слайд арқылы талдау)

Сергіту сәті.

  • Достық  ынтымақ, бірлік мерекесі видео ролик қимылды ән айту.

«5 ерікті» тренингі

  • Әліппе ретімен сан есімдерді атау
  • Мысалы: алты, бес. Т.б.

IY. Сабақты бекіту. Қорытынды

  • Ау, еу  ыншы, інші, қосымшалар арқылы реттік есептік, жинақтық сан есімдерді құрастыру, түрлендіру.
  • Сабақ соңындағы көңіл күйлерін түстер арқылы көрсету.

Y. Бағалау.

Оқушыларды мадақтау, ынталандыру.

YI. Үйге тапсырма.

 485 – жаттығу, Сан есімдерге байланысты тыйым сөздер жаттап келу.

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз