«Дарын» балабақша гимназиясының
1-ші санатты тәрбиешісі Мырзағалиева Алия
Мақсаты: Геометриялық пішіндер (шаршы, үшбұрыш, дөңгелек), түстер (көк, жасыл,қызыл-сары) туралы түсініктерін бекіту.
Санау арқылы сан туралы ұғымдарын қалыптастыру. Дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Жапсыру арқылы саусақ қимылдарын дамыту.
Көрнекілер: жазық дала келбеті, пішіндер, түрлі-түсті гүлдер, көбелектер, аңдардың суреті.
Балалар орындарына тұрып амандасады.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жайнай түссін даламыз,
Жайнай түссін қаламыз.
Қайырлы таң,
Қайырлы таң, -деп сабақты бастаймыз.
-- Балалар, айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
-- Көктем мезгілі
-- Ал көктемде қандай ерекшеліктер болады?
-- Күн жылынады, ағаштарда жапырақтар өседі, жерге шөптер, гүлдер өседі,
-- Құстар жылы жақтан ұшып келеді.
-- Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Ғажайып пішіндер», жаңағы сендер айтқан көктем ерекшеліктерін біз пішіндермен суреттеп, құрастырып көреміз. Мына ақ қағазды жазық дала деп алайық. Осы жазық далада мына бір пішін домалап келе жатты — бұл қандай пішін?
-- Дөңгелек
-- Түсі қандай?
-- Сары
-- Балалар қандай дөңгелек заттарды білесіңдер?
-- Күн, шар, доп,алма т.б
-- Енді мына дөңгелек пішінді, жазық далаға орналастыруымыз керек, Бұл пішін не болсын?
-- Күн болсын
-- Күн қайда орналасады, биікте ме, төменде ме?
-- Жоғарыда, аспанда
-- Сендер де өз дөңгелектеріңді орналастырыңдар.
-- Енді мына ұзын таспаны алайық, бұл не балалар
-- Жасыл шөптер, әдемі гүлдер
-- Қалай орналастырамыз?
-- Енді мына бір пішін, сендермен дос болғысы келеді, бұл қандай пішін?
-- Шаршы
-- Шаршы сөйлей алатын болса, өзі туралы не айтқан болар еді?
-- Мен шаршымын, менің төрт бұрышым бар, төрт қабырғам бар
-- Шаршы мына жазық даламызда тұрғысы келеді, бірақ бір ғажайып дауыс «Балалармен ойын ойна сонан соң келесің дейді,--балалар шаршыға көмектесейік, дейді. Ойын ойнайық «Көбелектерді өзі түстес гүлге қондыр», орындай қойыңдар.
-- Енді шаршыны орналастырыңдар, қай жерге орналасады?
-- Жасыл шөптің үстіне
-- Келесі пішініміз, бұл қандай пішін?
-- Үшбұрыш
-- Үшбұрыш сөйлей алса өзі туралы не айтар еді?
-- Менің үш бұрышым бар, үш қабырғам бар
-- Балалар үшбұрышпен біз кішкене сергіту жаттығуын жасап алайық,
Аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз,
Үшбұрыш боп тырналар
Көк жүзінде сырғанар
-- Үшбұрышты қайда орналастырамыз?
-- Шаршының үстіне
-- Пішіндеріміз неге ұқсады?
-- Үй болды
-- Үйімізге не жетпей тұр?
-- Терезелер, есік (тік төртбұрышты анықтау)
-- Өздеріңде бар пішіндерден үйдің терезесін, есігін орнатыңдар
-- Міне балалар біз ғажайып пішіндерді жазық далаға орналастырдық.
Айналамызға қарасақ барлық нәрселердің өзіне тән пішіндері бар екен.
Айналамыздан қандай пішіндерді көріп тұрмыз?
Балалар айналадағы нәрселердің қандай пішін екенін айтады.
Сергіту жаттығуын орындап алайық. «Аяқпенен топ-топ» әніммен сөзіне қимылды жаттығулар жасап бой сергіту.
-- Менің үйіме орманнан мына аңдар келіп орналасып алыпты, қандай аңдар? (қасқыр, түлкі, қоян, аю, терезеге орнату) сендермен ойын ойнағылары келеді. Ойынның аты «Қайсысы жасырынды» сендер көздеріңді жұмасыңдар бір аң жасырынып қалады, сендер қайсы аң жоқ екенін табасыңдар. Балалар жасырынған аңды тауып, өз орнына қояды.
«Ғажайып пішіннің» қонаққа келуі балаларға сыйлықтар тарату.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі