Өлең, жыр, ақындар

Ауылдағы адам еңбегі

Жамбыл облысы, Талас ауданы,

Қаратау қаласы "Бәйтерек" балабақшасының 

тәрбиешісі  Науанова Гүлзат Бекетқызы  2-санатты тәрбиеші

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас»

Бөлімі:  «Қоршаған ортамен таныстыру», «Көркем әдебиет».

Тақырыбы: «Ауылдағы адам еңбегі», «Кішкентай бағбан».

Мақсаты: Балаларды ауылдағы адамдардың еңбегімен таныстыру, ауылдағы басты еңбек түрін ажырата білуге  үйрету. Жыл мезгілдеріне қарай еңбек түрлері және қолданылатын техника құралдары жайлы білімдерін дамыту. Әңгіме желісін көрініс арқылы көрсету. Әңгіме арқылы ойын, қиялын дамыту, өз ойын қиялымен ұштастыра айтуға баулу.  Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: слайд, мазмұнды суреттер.

Сөздік жұмыс: егінші, бағбаншы.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Билингвальды компонент: шопан – чабан, бағбан −садовник, еңбек – труд.

 

 Тәрбиеші:

−Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Өйткені бізге көптеген қонақтар

келіп отыр. Осы келіп отырған қонақтармен орнымыздан тұрып

сәлемдесіп,

 жақсы тілектер жолдайық.

Балалар орындарынан тұрып, келген қонақтармен амандасады.

 

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжісуді білмейміз,

Қуанамын мен де,

Қуанасын сен де

Қуанайық,  достарым

Арайлап атқан күнге!

−Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

−Қазір жылдың күз мезгілі.

−Күз мезгілінде  неше ай бар?

−Күз мезгілінде үш ай бар.

−Қыркүйек,қазан, қараша.

−Үш айды кім атап береді?

−Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

−Күн салқындайды,

  жаңбыр жауады, жел соғады, құстар жылы жақа ұшып  кетеді.

 

−Жарайсыңдар, балалар күз мезгілі туралы

−Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Өйткені бізге көптеген қонақтар

келіп отыр. Осы келіп отырған қонақтармен орнымыздан тұрып

сәлемдесіп, жақсы тілектер жолдайық.

Балалар орындарынан тұрып, келген қонақтармен амандасады.

 

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжісуді білмейміз,

Қуанамын мен де,

Қуанасын сен де

Қуанайық,  достарым

Арайлап атқан күнге!

−Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

−Қазір жылдың күз мезгілі.

−Күз мезгілінде  неше ай бар?

−Күз мезгілінде үш ай бар.

−Қыркүйек,қазан, қараша.

−Үш айды кім атап береді?

−Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

−Күн салқындайды,

  жаңбыр жауады, жел соғады, құстар жылы жақа ұшып  кетеді.

 

−Жарайсыңдар, балалар күз мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме?

 Кім айтады?

Азиз:

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Мансур:

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезін бұзық-ау.

Жаңбырын сіркіреп,

Келгенін қызық-ау.

Мирас:

Күз жомарт қой қашанда,

Мол жемісін беретін.

Піскен қарбыз, тәтті алма,

Балаларға керек қой.

 

−Бір аптада жеті күн бар.

 

−Жарайсыңдар, ал балалар бір аптада неше күн бар?

−Кім атап береді?

−Бір аптада жеті күн бар.

−Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,жексенбі.

−Дұрыс айтасыңдар, балалар мені мұқият  тыңдаңдар.

 Мен сендерге мақал-мәтел айтамын, ал сендер не жайында екенін айтасыңдар:

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

−Мақалдың мағынасы не жайында айтылған балалар,

кім айтады?

−Еңбек жайлы.

−Дұрыс айтасыңдар, еңбек жайында айтылған .

Еңбек еткен адамның ырысы мол болады, еңбек еткеннің

 арқасында тамағымыз тоқ болады. Еңбектің түрлері көп.

−Біздің бүгінгі сабағымыз ауылдағы адам еңбегі туралы болмақ.

−Сендер ауылды білесіңдер ма?

−Ия, білеміз.

−Ендеше балалар сендерге ауыл еңбегі жайлы теледидар

 арқылы таныстырайын.

Слайд.

−Шопан - қой бағады.

−Егінші – егін егеді.

−Бағбаншы – ағаш отырғызып, оларды күтіп, баптайды.

−Мақташы – мақтаны қолмен жинайды.

Сөздік жұмыс жүргізеді.

−Балалар бізге қонаққа біреу келе жатқан сияқты.

−Сәлеметсізбе!

 

Шопан ата: −Сәлеметсіңдер ме, балалар.

−Балалар бізге қонаққа кім келді?

−Шопан ата келді.

 

Шопан ата: −Жарайсыңдар балалар, мен сендердің білімдерінді

 көрейін деп келдім. Сендерге тапсырма алып келдім.

−Балалар, Шопан атаның алып келген тапсырмаларды орындаймыз ба?

−Ия, орындаймыз.

−Мына сурет бойынша Шопан атаға кім әңгімелеп береді.

 

Сурет бойынша өздері білетін әңгімені ортаға салады.

Сурет бойынша өздері білетін әңгімені ортаға салады.

Сурет бойынша жұмыс.

 

  1.  Егістік даласында жұмыс. Егіншінің көктем, жаз, күз және  қыс мезгіліндегі еңбегі әңгімеленеді.

2. Мақташының еңбегі туралы түсінік беріледі.

Сергіту сәті:

Шаршасаңдар балалар,

Қолдарынды созыңдар.

Саусақтармен ойнандар,

Қолдарынды сермендер.

Денелерін шынықсың,

Саналарын тынықсын.

Дидактикалық ойын:

«Не қайдан келді?»

Тәрбиеші тақтаға печенье, құрт, алма, көйлектің суретін іліп қояды.

−Жарайсыңдар балалар, ауыл туралы тақпақ кім біледі? Қане кім айтады?

Айша:

Ауылым-алтын бесігім,

Жүрегім, жырым сенікі.

Кеңесті далам, кең далам,

Тудым, өстім, есейдім.

Ақылбек:

Мал қайтару-бір ойын,

Қолғанат болған балаға.

«Тоңам» деп үйде тығылмай,

Бел буып шықса далаға.

Ернар:

Қос қолын салып қалтаға,

Бос жүрген жанды таппайсың

Күзгі ауыл абыр-сабыр,

Еңбексіз елге жақпайсың.

Дархан:

Ауыл қонды жайлауға,

Дала жатыр жадырап.

Қой қаптады қойнауда

Қозы-лақтар жамырап.

 

−Жарайсыңдар балалар, ал еңбек туралы  мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

 

Інжу:

Еңбек етпесең елге өкпелеме,

Егін екпесең жерге өкпелеме.

Инабат:

Еңбек түбі – береке,

Көптің түбі – мереке.

Сандуғаш:

Жан қиналмай жұмыс бітпес,

Талап болмаса мұратқа жетпес.

Фатима:

Халқымның ерлігі - еңбекте.

 

−Жарайсыңдар балалар, олай болса шопан, бағбан, еңбек деген сөздердің қазақша-орысша айтып үйренейік,қайталаймыз:

Билингвальды компонент:

Шопан – чабан,  бағбан −садовник, еңбек – труд.

Балалар қайталайды.

 

Шопан ата:

Жарайсыңдар  балалар, сендер барлығын біледі екенсіңдер. Мен енді сендердің жылдамдықтарынды, ептіліктерінді көрейін. Біздің ауылда сиырда сауады.

Қимылдық ойын: «Сауыншылар».

Ойын шарты:

 Балалар екі қатарға тұрады. Топ капитаны сайланады. Белгі белгісімен, жерде тұрған кішкентай екі шелекті екі капитан өз тобындағы бірінші тұрған балаға жеткізу керек. Ол бала келесі балаға береді. Солай ең соңғы балаға береді. Солай ең соңғы бала жүгіріп барып шелекті орнына қоюы керек. Қай команданың баласы бірінші қояды. Сол команда жеңіске жетеді.

Шопан ата:

−Жарайсыңдар, сендер өте жылдам, епті екенсіңдер.

Тәрбиеші:

−Қәне балалар, енді тыныш отырып Төрежановтің «Кішкентай бағбан»     әңгімесінен үзінді көрейік.

Балалар мұқият тыңдады.

Шопан ата:

 −Балалар мен сендерге риза болып отырмын. Енді мен ауылға қарай қайтайын. Сау болыңдар.

 Сау болыңыз, Шопан ата.

Қорытындылау:

−Балалар бүгін біз не жайлы білдік?

−Бізге қонаққа кім келді?

−Шопан деп кімді айтамыз?

−Бағбаншы  деген кім?

−Қандай әңгімеден үзінді көрдіңдер?

  Балалар өз ойларын ортаға салды.

 −Бүгін  балалар, мен сендерге риза болып отырмын. Рахмет сендерге.

 Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысып отырдыңдар

 

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Ауыл еңбегі туралы жалпы білім алады.

Түсінеді: Жыл мезгілдеріне сәйкес еңбек түрлерін; егінші, шопан,мақташы сияқты еңбек адамдарының еңбегі туралы білімді.

Қолданады: Ауыл адамдарының еңбегін бағалауды үйренеді, дастарқандағы тағамның, үстеріне киетін киімнің қандай жолмен келгенін біледі.


Пікірлер (2)

best1968

сабағыңыз қызық, бірақ  indecision

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз