Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай ауылы
"Балбөбек" балабақшасының тәрбиешісі
Махмутова Гүлжазира Сиражеденқызы
ІІ санатты тәрбиеші
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математика.
Тақырыбы: 2 цифры және санымен танысу. Қысқа, ұзын. Сопақша (өзге фигуралардың арасынан табу)
Мақсаты: 2 саны және цифрымен таныстыру: 2 цифрын жазып үйрену, «кеше», «бүгін», «ертең», түсініктерін айыра білуге үйрету: «алыс», «жақын» түсініктерін айыра білуге үйрету.
Көрнекілігі: Суреттер, геометриялық пішіндер,сан, қысқа, ұзын заттар, сопақша пішінді суреттер.
Қолданылатын әдіс – тәсілдері: жұмбақтар шешу. Цифр таңбасымен танысу, сұрақ – жауап.
Сөздік жұмыс: 2 саны, сопақша, ұзын-қысқа.
Билингвальды компонент: екі-два, цифр-сан.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы-лық |
Педагог балаларды жылулық шеңберіне жинайды. Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, бірге қайталайық. Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік. Өткен оқу іс-әрекетін қайталау. Ой қозғау. Санамақ жасыру. Далада жүрген сиырдың, Іші пысты, жалықты. 1 сиыр келіп қасына, Қатары оның толықты. Далада неше сиыр жайылды? |
Балалар педагогтің ұсынысын тыңдады.
1 саны және цифры
2 сиыр жайылды.
|
Ұйымдас-тырушы-іздестіру
|
Бүгінгі оқу іс-әрекетінде «2 цифры және санымен танысу. 2 затты топтастыру Жұмыс дәптеріндегі №1 тапсырманы орындатады. «Басқа цифрдың ішінен 2 цифрын қызылмен, 1 цифрын көк түспен қоршау»
Ойын: «Кім көп біледі?» 1 және 2 сандарына байланысты заттарды топтастыру. Сопақша пішінді заттарды табу. Жұмыс дәптер №2 тапсырма. 2 цифрын табу.
Ойын: «Тапқыр болсаң, тауып көр» Сандардың ішінен 2 санын табады, қызыл түспен белгілейді.
Сергіту сәті «Санамақ» орындатады. Бейнеролик «Әли мен Айя»- Санамақ - YouTube[via torchbrowser.com] Біз ботақан екеуміз, Есептеуге бекенбіз. Ақтөс келіп қосылса, Үшеу болып кетеміз. Бір ауылда бірге өскен, Бар қызықты бір кешкен. Көжек ,бота, Аянмен, Біз нешеуміз Ақтөспен.
Жұмыс дәптер № 3 тапсырманы орындатады. Жеке жұмыс жүргізеді. Сөздік жұмыс: 2 саны, сопақша, ұзын-қысқа. Билингвальды компонент: сан-цифр, екі- два 2 цифрын жазып үйрену |
Жаңа оқу іс-әрекетін түсінді.
Берілген тапсыр маны орындады.
2 санын қорша ды.
Заттарды топтастырды. Ойынға қатысты.
Тапсырманы орындады.
Қимыл жасады
Қайталады. |
Рефлексивті- коррекциялаушы |
-оқу іс-әрекетінде өзін –өзі бағалау, және атқарған жұмысқа баға беру. Педагог балаларды мадақтайды. -Біз қандай цифрмен таныстық? |
Балалар өздері жасаған жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырды. 2 цифрымен танысты. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: 2 цифрын, сопақшаны игереді: өзге цифрдың арасынан 2 цифрын табуды, сұрақтарға жауап беруді, өзіне таныс заттарды көлеміне, ұзындығына қарай салыстыра білуді: меңгереді: сопақша туралы түсінікті, соған ұқсас пішіндегі заттарды таба білуді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі