Жамбыл облысы, Талас ауданы,
Қаратау қаласы "Бәйтерек" балабақшасының
тәрбиешісі Аубаева Майра 2-санатты тәрбиеші
Білім беру саласы: Қатынас,шығармашылық.
Бөлімі: Тіл дамыту, жапсыру
Тақырыбы: Жабайы аңдар
Мақсаты:
Балаларға сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге үйрету. Жабайы жануарлардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру: мекені, коректенуі туралы түсінік беру. Жабайы аңдарға байланысты тақпақ, жұмбақты пайдалана отырып, әңгіме құрауға үйрету.
Дайын форманы ақ қағаз бетіне дұрыс орналастыруға үйрету.
Көрнекілігі: Жабайы аңдар суреті
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Билингвальды компонент: Қоян-заяц, қасқыр-волк.
Сөздік жұмыс: Қонжық, көжек, абдан
Тәрбиеші:
Біздің ұл-қыздарымыз,
Тату-тәтті ойнайды.
Әлемдегі бар адамға,
Тек жақсылық сыйлайды,-деп.
-Балалар, бір-бірімізге, келген қонақтарға арнап жылы сөздер мен жақсы тілектерден бастайық.
Қуан,шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі.
-Өте дұрыс, күз айларын атап беріңдерші?
Азамат:
-Қыркүйек, қазан, қараша.
-Күз ерекшіліктерін айтып беріңдерші?
Жансая:
-Күн суытады, жапырақтар түседі, жаңбыр жауады.
Жания:
-Адамдар жылы киімдер киді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
-Ия ,өте дұрыс айтасыңдар. Енді, балалар, сендер қандай аңдарды білесіңдер? Ол аңдарды қайдан көрдіңдер?
-Дұрыс айтасыңдар бүгін біз «Жабайы аңдар» жайлы әңгімелейміз.
Теледидарда суреттелген.
Жабайы аңдарға қоян, қасқыр, түлкі, арыстан, жолбарыс жатады. Суретін көрсетемін. Балалар,жабайы аңдар орманда, таулы жерлерде, далада өмір сүреді. Өз азықтарын өздері тауып жейді. Олар күннің суығында, ыстығында да далада жүріп өмір сүреді. Аңдар жыртқыш және пайдалы болып бөлінеді.
Жолбарыс, арыстан, аю, қасқыр - жыртқыш аңдар қатарына жатады. Солардың ішінде арыстанды - аң патшасы деп атайды.
Балалар, аңдардың да пайдасы бар .Олардың терісінен тон, ішік, жаға, киім-кешектер жасалады.
Дидактикалық ойын: «Немен қоректенеді?»
Аюдың баласы - қонжық,
Қасқырдың баласы - бөлтірік,
Қоянның баласы - көжек,
Арыстанның баласы - абдай,
Жолбарыстың баласы - шөнжік,
Түлкінің баласы - мышан.
Осы жабайы аңдарға байланысты жұмбақ айтамын
1.Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды кісін.
-бұл жұмбақтың шешуі: -қасқыр
2.Жазда қырады,
Қыста тынығады.
-бұл жұмбақтың шешуі: -аю
3.Орғыған қорқақ көзі еді,
Қыс пен жазда тон киеді.
-бұл жұмбақтың шешуі: -қоян
4.Қу екен аңдардың бір сәтте алдадым.
-бұл жұмбақтың шешуі: -түлкі
-Өте дұрыс, сендер, жұмбақты да шеше білесіңдер.
Сергіту сәті
Қасқыр ағаш жарады,
Түлкі кілем қағады.
Елік тамақ пісіріп,
Қоян тамды жабады.
Кірпі көйлек тоқиды,
Тиын сабақ оқиды.
Аңдарға байланысты кім өлең оқып береді?
Жанна:
-Өзім айлакер,өзім бір қу,
Жүрген жерім айқай да шу.
Бекболат:
Қасқыр жортар түнімен,
Күндес болып күнімен.
Қасқыр жортар түнімен,
Аңыз болып айменен
Айша:
Ақ қоян-ау ақ қоян,
Үркек қоян сақ қоян.
Дыбыс шықса қашасың,
Белден бірақ асасың.
Бағлан:
Аю отыр партада,
Екі қолы қалтада
«А»деді, «Б» деді,
«Р»-ға тілі келмеді
-Ал енді,балалар,аңдардың кейіпкерлері бар қандай ертегілер білесіңдер?
Асқар:-«Жеті лақ»
Аяулым: «Қызыл телпек», «Үйшік», «Бауырсақ»
-Өте жақсы, балалар, сендер көп ертегі біледі екенсіңдер.
-Өте дұрыс, мен сендерге «Бауырсақ» ертегісін айтып беремін.
(үстел үсті театры)
Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.
Қызықтыру сәті:
Қонаққа қоян келеді.
Қоян:
-Балалар, мен сәбіз жегім келіп тұр.
Шығармашылық орталыққа барып ақ қағаз бетіне қиылған сәбіздерді жапсырады.
Балалар жапсырған сәбіздерін қоянға сыйлайды.
Балалардың жұмысы
Қоян балаларға ризашылығын білдіреді.
Қоян қоштасып кетеді.
Сұрақ-жауап
Балаларды мақтау, мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: балалар жабайы аңдарды білді.
Түсінеді: жабайы аңдардың аттарын дұрыс атады.
Қолданды: сәбізді ақ қағаз бетіне жапсыра білді.
Сарқыт
Рахмет