Өлең, жыр, ақындар

Көшедегі қауіпсіздік

Жамбыл облысы, Талас ауданы,

Қаратау қаласы "Бәйтерек" балабақшасының 

тәрбиешісі  Сейдашева  Жанар  Атырханқызы

І-санатты тәрбиеші

Білім беру саласы:  «Таным»,  «Шығармашылық»

Бөлімі:  «Қоршаған ортамен таныстыру»

Тақырыбы:  «Көшедегі қауіпсіздік»

Мақсаты:

Білімділік:  Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау, балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.

Дамытушылық: Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін, ән, тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін  арттыру.

Тәрбиелік:  Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар  арқылы  ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:  бағдаршам, аудио дыбыстар, венн диаграмма,  жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер, теледидардан  слайд арқылы суреттер көрсету,  мультфильм, жол макеті,  әуендер.

Сөздік жұмыс: тыйым салынатын белгілер.

Методикалық әдіс – тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, ән, қайталау, көркем сөздер, сұрақ-жауап.

Билингвальды компонент:  қауіпсіздік - безопасность, бағдаршам - светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі – пешеходный переход, тыйым салатын белгілер – запрещающие знаки.

Инклюзивтік әлеумет:  Тілді жетік түсінбейтін  бала  аңғарымдылығын  арттыру, ұялшақ балаға көмек беру. 

(Аудио дыбыстар естіледі, көше, көліктердің)

Шаттық шеңбері:  (балалар бірге айтады)

Алтын сәуле арайлы.

Бақшамызға тарайды.

Қуанышпен шат күліп,

Қарсы алайық арайды.

Қайырлы таң қонақтар!

-Сәлеметсіздерме?!

Тәрбиеші: Біздің тобымыз:  - «Қызғалдақ»

Ұранымыз:

-Ережені білеміз,

Көшеде еркін жүреміз.

Біздің ұран осындай,

Сіздерге айтып береміз.

Біз бақшаға барамыз.

Оқу білім аламыз.

Тәрбиешінің айтқанын,

Есте сақтап аламыз

- Айтыңдаршы балалар,  біз автобуспен қайда саяхат жасадық?

Көшеге саяхат жасадық

-Көліктер қайда жүреді?   - Жолда.

-Көшедегі жолдар қандай болады екен?  -Ұзын, қысқа, тар-кең

-Көшеде келе жатқан адамдарды кімдер дейді?   -Жаяу жүргіншілер.

Қазір қай мезгіл?    -Күз мезгілі.

Күздің қандай аттарын білесіңдер?  - Қоңыр күз, маужыраған күз, алтын күз,берекелі күз, жемісті күз, салқын күз.қара күз.

Ендеше теледидарға қарайық.  Слайд  көрсетіледі

Өлең оқу:

Жапырақтар ұшады,

Айналады дөңгелеп.

Жапырақтар түседі,

Желмен бірге желбіреп.

Күзде дала жаурайды,

Көкте бұлттар ойнайды,

Бұтағынан үзіліп,

Жапырақтар саулайды.

Қане, күз мезгілінің ерекшелігін айтып жіберейікші.

Жапырақтар сарғайып, жел тұрады, жаңбыр жауады, күн суытады.

-Қандай дыбыстарды естідіңдер?

-Ш-ш-ш-ш—жапырақтардың шулағанын.

Тырс-тыр жаңбыр жауғанын, желдің гуілдегенін, у-у-у-у. (Балаларлың жауаптары).

Күзді орысша не дейміз?   - Осень

Тәрбиеші:

Балалар, біз бүгін сендермен «Қоршаған ортамен таныстыру» оқу іс-әрекетінде көше қауіпсіздігі жайында айтамыз.

Айтыңдаршы, балалар!

Жол қозғалыс ережелерінің мақсаты не?

-Бізді қауіптен қорғау.

Слайд:  «Сақта  жолдың  тәртібін» (жәй әуеннің дауысы естіліп тұрады).

Тәрбиеші:

Көшеге шыққаннан кейін, айналамызға абайлап, қарап жүрмесек болмайды.  Себебі  бағдаршамға  бағынып жүру  тәртібін  қатаң  сақтаған  адам  өз  өмірінің қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алады.

Сұрақ- жауап алу.  

Үлкен  жолда  доп  ойнауға,  велосипедпен  көшеде жүруге  бола  ма?  Балалардың жауаптары.

-Келе жатқан көліктің алдынан өтуге бола ма? 

Ой толғаныс: «Венн диаграмма»

Ортақ  қасиетін салыстыру.  Ескерту, тыйым  салу, меңзеу (нұсқау) белгілерін орындарына атап қояды.

Балалар белгілерді дұрыс қойып, қызыға ойнады.

Билингвальды компонент:  қауіпсіздік-безопастность, бағдаршам-светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі-пешеходный переход, тыйым салатын белгілер-запрещающие знаки.   Дұрыс,жақсы айтты.

Ерасыл:

Ерасыл деген баламын,
Мектепке енді барамын.
Жүруді де үйрендім,
Көшесінде қаланың.
Жол шетіне келгенде,
Тоқтай қалып мен демде.
Көз саламын арнайы       

Белгісі бар жерлерге.   

Жол белгісі суреттерімен балалар ортаға шығады. 

-Мына белгі тамақтану орны бар деген белгі.   -Фариза

- Түсі көк шеңберде адам бейнеленген. (Жаяу жүргіншілер жолы).    -Темірлан

- Мынау белгі автобус аялдайтын орын.  - Аяулым

- Қызыл шеңберде адам бейнеленіп, үстінен сызылған. Бұл белгіде жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым  салынады дегенді білдіреді.   -Ақерке

- Бұл белгіде қызыл шеңбердің ішінде велосипед суреті бейнеленген. Велосипедпен қозғалысқа тыйым салынады . - Нұрбек

Жұмбақ жасырылады:

Үш көзі бар қаз – қатар.

Кезек – кезек ашады.

Үшеуінен  байқасам

Үш  түрл і нұр  шашады.    Бағдаршам

Қызықтыру сәті:  (әдемі көңілді  әуенге бағдаршам келеді).  Балалар амандасады.

Бағдаршам:

Менің атым бағдаршам,

Мекен жайым тұрақты.

Жақсы білем міндетімді,

Мүдірмеймін ешқашан.

Тәрбиеші:  Қош  келдің,  бағдаршам!

Балалар, бағдаршам біздің өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз.

Айтыңдаршы, бағдаршамның  көшедегі қызметі қандай?   - Көшедегі жүру тәртібін сақтайды.

Бағдаршам ойын ойнатады:  Ойын: «Сақ  бол!»

Қызыл көзін жағады.   (қозғалмай тұру)
Сары көзін жағады.     (қол шапалақтау)
Жасыл көзін жағады.  (бір орында тұрып жүру).   Балалар ойынды қызыға ойнады.

(Әдемі әуенге жол сақшысы келеді)

Жұмбақ жасыру»

 Ала таяқ ұстаған,       

 Жол тәртібін нұсқаған.   

   Өміріңді күзеткен, 
   Ысқырықпен түзеткен.      Жол сақшысы

Жол сақшысы:

 Армысыңдар жас достарым!  Балалар, мен сендерге жәй келген жоқпын, білімдеріңді көрейік деп келдім, Әкелген ойын, тапсырмаларым бар, сендерге мултьфильм әкелдім.

(Әуен естіледі)

 Бұзық бала велосипедімен жол ережесін бұзады.

Жол сақшысы ысқырығымен сықырады.

-Балақай,сен неге жол ережесін бұзасың?

-Кешіріңіз, мен онысын білмедім.

(екі бала ортаға шығып)

Бағдаршамға қара. Біз саған қазір жол ережесін түсіндіреміз.

Бұзық бала: -Жарайды!

Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Сабыр сақта,  баспа алға!    Нұрдәулет

-Сары  көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін жасқанба!     Шапағат

Тәрбиеші:

Балалар мына тақтадағы үлкен суреттерге мұқият қарайықшы.  Бұлар нені білдіреді?

Балалар:  - Бізге жолдан өтуге көмектеседі. Дұрыс айтасыңдар.

Бұлар «Көрсеткіш белгілер», яғни оларды «Жаяу жүргіншілер өтпесі» деп атайды.

Иә, балалар! Бұл белгілер біздің достарымыз, ал достарын ұмытуға болмайды.

-Қиылыста, жол шетінде, бұрышта.

Түрлі-түрлі  белгілер бар тұратан.

Жүресің бе?  Жүрмегенің дұрыс па?

Не істеу керек?   Бұл белгіні  неліктен  «зебра»  деп айтады?  Кім біледі?

Ақерке:  - Мен, мен білемін, өйткені ол ақ жолақ

Би: «Зебрамен»  Ақерке мен Аяжан билейді.

-1, 2, 3, 4, 5  шықты зебра көшеге,

Қыдырады ол неге?

Сен бұлай шауып жүре берме,

Одан да жат мына жерге.    – С.Ақерке

 

-Қауіпті ғой көше тым.

Қумай жолдың төтесін.

Жолақтарды іздеймін,

Жаяу адам өтетін.         Амира

 

--Асықпаймын аптығып.

Алдым мұны жақсы ұғып.

Күйсандықтың тіліндей,

Қатар – қатар ақ сызық.    Фариза

 

- Ортасында тұра  қап,

Оңға – солға бір қарап.

Жолдың арғы шетіне,

Жетіп алам жылдам – ақ.    С.Ақерке

Жол сақшысы:

 Жарайсыңдар, балалар! Сендер өте ақылды, білгір, сауатты  жолаушылар болатындарыңа мен сенемін.

Мына мултьфильмді арнайы сендерге әкелдім.

Мултьфильм  көрсетіледі.

Жол сақшысы.

Егер жол ережесін бұзсақ, тек қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зиянымызды келтіреміз. Сондықтан жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығармаңдар.

Ән: «Бағдаршам»

Бағдаршам мен жол сақшысы қоштасып шығып кетеді.

Тәрбиеші:

Балалар енді жол тәртібі, көше тәртібі жайлы кім тақпақ біледі?

Тақпақтар:

Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз.

Сақтағанда қатерден

Сау саламат жүреміз.      Мағжан

Бұзба көше тәртібін,

Ұрынарсың апатқа.

Қызықты өтсін әр күнің,

Жақын болма шатаққа.      Арнат

Ата – ананың сенімін,
Еске ұстап ақтай біл.
Жолдан өтер жаяудың,
Ережесін сақтай біл!         Мағжан

Сергіту сәті:

Бұзба көше тәртібін                                 

Ұрынарсың апатқа.

Қызықты өтсін әр күнің,

Жақын болма шатаққа.      Бірге, жақсы жасады.

«Көшедегі жағдаяттар» ойыны.

3 – 4 баланы ортаға  шақырады, өзі  «Бөтен адам» болып келеді. (Киімі қалпақ, көзілдірік)

Балаларға  жақын  келіп, оларды мақтап, телефон, кәмпит, ойыншық көрсетіп, басқа жаққа алып кететін сынай танытады.

Тәрбиеші:

Ойын аяқталған соң талқыланады.  Дұрыс және қате  іс-әрекеттер қорытындыланады.

Балалар, көшеде танымайтын, бөтен адаммен сөйлесуге, оның алдағанына көніп, қолынан заттарын алуға  болмайды екен. Көшеде абай болыңдар?

Балалар, біз қазір сендермен екі орталыққа бөлініп, жұмыс жасаймыз. Балалар мұқият тыңдады.

Өнер орталығында  ұжыммен,  түрлі-түсті бояулармен  суретті бояймыз.

Балаларғ түсіндіріледі. Балалар мұқият тыңдайды.

Жұмыс жасау реті: қылқаламның түгін суға малып аламыз, қажетті бояуды жағып алып ұқыпты, таза жұмыс жасауға кірісеміз. Бояп болған соң қылқаламды тұғырға қойып қоямыз.

Ал, үстел үсті ойындар орталығында  жолдың макетіне тиісті жол белгілерін қоямыз.

Балалар мұқият тыңдады.   Балаларға көмек көрсетіледі.

Рефлексиялық түзетушілік:   Қорытынды  сұрақтар қойылады.

 «Сұрақ-жауап»  ойыны.

- Бағдаршамның неше түсі бар?     Үш:  қызыл, сары, жасыл.

- Қай түс жанғанда машиналар жүреді?  - жасыл

- Көлік күтетін жерді қалай атайды?  - аялдама

 - Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді?  - жүргішілер

- Бағдаршамның «қызыл» көзі не дейді?   «Тоқта!» - дейді.

- Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты не дейді?  - Ақ жолақ немесе зебра жол.

- Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз?  - Көшенің ортасына келгенде оң жаққа қарайды.

- Жарайсыңдар балалар! Жақсы, дұрыс жауап бердіңдер.

Бүгінгі оқу іс – әрекетінде не жайында айтық?   - Көше қауіпсіздігі, жол ережесі, белгілер жайында.

Бүгін бізге қонаққа кімдер келді?   -Бағдаршам, жол сақшысы

Қандай ойындар ойнадық?   - «Сақ бол!», белгілерді  орнына қойдық...

Жарайсыңдар, жақсы қатыстыңдар.  Мақтау , мадақтау.

Дұрыс жауап берген балалар жұлдызшаларға ие болады.

Тәрбиеші:  Жол тәртібін сақтап аман – есен жүрейік.

Балалар  қонақтармен қоштасады

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:  көше қауіпсіздік ережелерін үнемі есте сақтауды.

Түсінеді:  көшеде қауіпсіздік ережелерін сақтап, оларды дұрыс орындау дағдыларын.

Қолданады: қоғамдық жерлерде өзін – өзі ұстау дағдыларын.


Пікірлер (16)

best1968

Маған сабақ өте қатты ұнадыyes

best1968

өте кереметsmileysmiley

berik258

Супер, Маған да ұнады!!!!yeslaugh

best1968

yesyesyes

замира 86

мағанда өте ұнады

зағира

сабақ маған ұнады

айка

Логикалық сұрақтар керемет бірақ"Əинектей көгілдір,теңіздей тым мөлдір"дегеннің жауабын таба алар емеспін өшіріп тастауға қимай тұрмын өтініш жауабын біліп жатсаңыздар жазып жіберіңіздерші

Бейсембаева Карлыгаш

Сабак унады жетістікке жетініз

Улжан

Сабак унады

Гулбахар

Оте жаксы унады

Алия Оразалықызы

Өте жақсы, мен сіздің осы оқу- іс әрекетіңізді пайдаланып балаларыма сабақ өттім

Ажар Толеуова

Өте жақсы. Маған ұнады.

Қазбекұлы бауыржан

өте жақсы

Айнаш

Сабақ өте жақсы Маған ұнады

Гулзат

Өте жаксы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз