Өлең, жыр, ақындар

Іздегенде табылатын қасыңнан

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп  Ақсу қаласының №1 қазақ орта мектебі  Мерзiм 07.12                    

Тақырып:  13   сабақ  «Іздегенде табылатын қасыңнан»         

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Жауапкершілік, тәртіп, сүйіспеншілік

Мұғалiм  Кайсина Л.К

Сынып 8 а,ә,б,в

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға достар арасында рухани жақындықтың мәнін   ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін   ашу

Міндеттері:

         Білімділік:

 Оқушыларға сүйіспеншілік, жауапкершілік қасиеттері туралы түсінік беру.

         Дамытушылық:

Оқушыларды сүйіспеншілікке, жауапкершіліккебаулу.

  •  

Оқушыларды сүйіспеншілік пен жауапкершілікке тәртіптіліккетәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Кітаптар, қаламдар, ақ қағаздар, жұмыс дәптерлері, түрлі-түсті бояулар

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет. 

  1. Үй тапсырмасын тексеру

  мәтін бойынша жұмыс.

  • Достарың ортақ мүдде мен бір көзқараста болуы міндетті ме?
  • Досыңмен мақсатың,талап-талғамың үйлеспесе не істер едің?
  • Досыңның қателігіне,кемшіліктеріне  көз жұмасың ба?
  • Достық пен жолдастықтың айырмашылығы неде?

 

Сабақ барысын талдау: 5 «Т» сақтау Талап, тазалық, тыныштық, тәртіп, тәрбие

Баяу әуен қойылады

Дәйексөз.

«Жақсы мен дос болсаң,жетерсің мұратқа,жаманмен дос болсаң,қаларсың ұятқа»    мақал- мәтел

Барлығымыз жұмыс дәптерлерімізге жазып алайық.

Енді осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

Дәйексөзді барлығы  хормен айтады!

 

Әңгiмелеу :  мұғалім сыйы

Жаман жолдас

Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі

әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру

жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру

байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі

болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан

кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне

кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:

- Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?

Ауру айтты дейді:

- Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап

қашатын достармен жолдас болма деді,- дейді.

Бейнефильм көрсету «Қызғаныш»

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Мен сіздерге осы бүгінгі тақырыпқа тұздық болатындай Фариза Оңғарсынова анамыздың «Бауырластарыма» атты өлең жолдарын оқып беремін. Осы өлең жолдарынан  Бауыр, туыс-туған, ағайын - жекжат туралы мақал-мәтелдерді білетінімізді байқап көрейік.

«Бауырластарыма»

Армысыңдар, бауырлар, бармысыңдар!

Ағаларым - асқар тау, қарлы шыңдар.

Жеңгелерім –жанымның жайлауы еді.

Інілерім-шым болат шалғысыңдар.

Сіңлі, келін – періште тілеулесім,

Барлығың да әйтеуір бармысыңдар?!

Бар болыңдар, сендер болсаң, туардай іркіт күнім,

Қашар менің жанымнан сылтып мұңым.

Мен сендердің шөлдегі бір түп гүлің,

Сендер барда самғайды бүркіт-жырым.

Сендер бар да сезбеймін, сездірмеймін

Иығымның, жанымның жыртықтығын.

Тағдырыма жазылмай кемел несіп,

Жалғыздықтың бейнетін келем кешіп.

Шыбын жаным шырқырап, ертеңгі күн,

Не болар деп ел деген ерен бесік.

Менде арман жоқ – алдымда тілек тілеп,

Сендер жүрсең, қаумалап, елеңдесіп.

                                                                    Ф.Оңғарсынова

Оқушылардың жазған мақал-мәтелдері топ-топ бойынша тақтаға шығып оқылады.

 

Топпен ән айту.

Ал енді балалар барлығымыз ән шырқайық!!!

Ән : «Ата-ана парызы»

Әні : Әбдіғапар Темірханов

Сөзі: Салауат Исақаев

ЖАСТЫҚ ШАҒЫҢ ЖАЙНАП ӨСКЕН,

АТА-АНАҢНЫҢ АРҚАСЫ.

АТА-АНАҒА ҚАМҚОР БОЛАР,

ҰЛ-ҚЫЗЫНЫҢ БАРШАСЫ.

БІЗ СІЗДЕРГЕ ҚАРЫЗДАРМЫЗ,

БІЗГЕ АППАҚ ПЕЙІЛІҢ.

ӨЗДЕРІҢДЕЙ ЖАН БЕРЕ АЛМАС,

СӘБИІНЕ МЕЙІРІМ.

Қайырмасы :

ТІРШІЛІКТІҢ БЕСІГІНДЕЙ,

АСЫЛ АРАЙ ТАҢДАРЫМ.

ҚЫЗ ҰЗАТЫП, КЕЛІН АЛУ,

АТА-АНАНЫҢ АРМАНЫ.

ҚЫЗ ҰЗАТЫП, КЕЛІН АЛУ,

АТА-АНАНЫҢ АРМАНЫ

 

ТАЛ ШЫБЫҚТАЙ ҚЫЗЫҢ ӨССІН,

ЖІБЕК МІНЕЗ ЕСІЛІП.

ҰЛЫҢ БОЛСЫН ЕЛ ҚОРҒАНЫ МЕРЕЙІҢДІ ӨСІРІП,

АТА-АНАҢА КІР КЕЛТІРМЕЙ,

ПЕРЗЕНТТІК ПАРЫЗЫҢ

ҮШ АРҚАЛАП МЕККЕГЕ АПАРСАҢ ДА

ӨТЕЛМЕЙДІ ҚАРЫЗЫҢ

Қайырмасы :

ТІРШІЛІКТІҢ БЕСІГІНДЕЙ,

 АСЫЛ АРАЙ ТАҢДАРЫМ,

ҚЫЗ ҰЗАТЫП, КЕЛІН АЛУ,

АТА-АНАНЫҢ АРМАНЫ

ҚЫЗ ҰЗАТЫП, КЕЛІН АЛУ,

АТА-АНАНЫҢ АРМАНЫ

 

БҰЛ ӨМІРДЕ ОРЫНДАЛСЫН, АТА-АНАНЫҢ АРМАНЫ!

 

Үй тапсырмасы:

№80-82 беттердегі №18 сабақтар Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романынан берілген үзіндіні түсініп оқып келу және жұмыс дәптеріндегі №42 беттегі 1- тапсырма бойынша яғни «Отбасын құру үшін өзіңізге қоятын талаптардың тізбесін жазып келу).

 

Сонымен оқушылар Тыныштық сәтiне де кезек берелік, Оқушылар бір сәт барлық сабақты еске түсіріп, осы сабақ барысында алған шынайы  әсерлеріңді, айтылған дұрыс әрекеттерден шыққан  ойларыңды жүректеріңе түйіп алады.

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер