Сілтеме ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ. Әжістемелік нұсқау хат
|
Сабақ № Әдебиет |
Күні : 13.02.2016 |
Сынып 5 «Б», |
Қатысқаны |
Мұғалімнің аты –жөні Каныбекова А.Д |
||
Қатыспағаны |
|||||||
Сабақтың тақырыбы
|
Сәбит Мұқанов «Лашын» әңгімесі, «Өмір мектебі» романынан үзінді |
||||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
Білімділік: “Өмір мектебі “романынан алынған үзіндідегі қазақтың саятшылық жайлы ой-пікірін, ұлттық дәстүрді насихаттау; Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру, қазақтың ұлттық құсбегілік өнерін дәріптеу; Тәрбиелік: Көркем сөйлеу шеберлігін қалыптастыру, шығармашылық іздемпаздығын арттыру |
||||||
Оқу нәтижелері
|
Тақырыпты түсініп оқиды. Топпен жұмыс істеп дағдыланады. Сын тұрғысынан ойланады. Тілдік қорлары дамиды. Өз ойын еркін жеткізе алады. Өзара диалогқа түседі. |
||||||
Оқушылардың басым бөлігі |
Сәбит Мұқановтың өмір жолымен шығармашылығымен танысады. «Лашын» әңгімесін оқиды. Сұрақтарға жауап береді. |
||||||
Кейбір оқушылар |
Өлеңге ұйқас табуда өз тілбайлығымен ерекшеленеді. Топтық тапсырмаларды жылдам орындайды. |
||||||
Алдыңғы оқу
|
М.Әуезовтің «Ақын қонақтар» атты әңгімесін мазмұндауды, портрет не екенін біледі. Шығармаға композицялық талдау жсай алады. |
||||||
Ресурстар |
Маркер , стикер, әр түрлі суреттер, флипчарт, кесте |
||||||
Жоспар
|
1. С.Мұқанов туралы мәлімет 2. «Лашын» әңгімесі 3. Лашын қандай құс? |
||||||
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар мен тапсырмалар Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Әдіс-тәсілдер |
||||
Басталуы (Ұйымдастыру)
|
-Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Тренинг «Мен өзімді.....теңеймін, себебі» оқушылар арасында жағымды көңіл – күй туғызу. -Топтастыру -Үй тапсырмасын сұрау. Шолу сұрақтары: а) Әңгіме қалай басталып еді? ә) Әңгіме кейіпкерлері кімдер? б) Абайдың сырт келбеті қалай суреттелген? в) Абайдың сырқатынан айығуына не себеп болды? г) Зере мен Ұлжан әңгімелері ғ) Шығарма авторы кім? д) Барлас берген бата. Батаның қазақ тәрбиесіндегі мәні е) Барластың портреті ж) Қонақтарға ризалық |
Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді. Үй тапсырмасына жауап береді. Кезекпен сұрақтарға жауап береді. |
«Бізден сұрақ-сізден жауап» |
||||
Ортасы
|
Жаңа сабақ . Ой қозғау . Балалар, өздерің көріп отырған мына суреттердегі құстар неше үшін берілген деп ойлайсыңдар? Сәбит Мұқанов кім? Лашын құсы туралы , Сәбит Мұқанов туралы не білеміз? Жақсы, балалар, осы әңгімеде Абайдың өмірінің бір кезеңі-балалық шағы туралы айтылады. Себебі, М. Әуезовтің балалық шағы да осы ауылда өткен еді. Абай өлеңдерінен жастай нәр алып, сырына қанық еді. Сондықтан, М. Әуезов Абай туралы, оның өмірі туралы көсілте жазуының да бір сыры осында жатса керек. Енді кейбір жазушыларымыз өзі бастан кешкен оқиғаларды, балалық шағын өзі жазады. Оны "автобиографиялық әңгіме" деп те атайды. Сондай шығармалардың бірі-С. Мұқановтың "Өмір мектебі" романы. Біз бүгін сол романның үзіндісімен танысамыз. С. Мұқанов 1900 жылы Солтүстік Қазақстанда дүниеге келген. Молдадан оқып сауат ашқан. Абайдың, Ғ. Тоқайдың шығармаларын сүйсіне оқып, одан тәлім алған. Омбы қаласынан мұғалімдік оқуды бітіреді. Шығармалары: "Мөлдір махаббат", "Аққан жұлдыз", "Балуан Шолақ", "Ботагөз" тб. Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беремін. Оқулықпен жұмыс. Төрт топқа «Лашын » әңгімесінің бөлімдеріне байланысты сұрақтар беріледі. Топбасшыларына жеке тапсырма беріледі. Мағынаны тану . әр топқа берілген өлең үзінділеріне ұйқас тауып жазу тапсырмасы беріледі. Сәбит Мұқанов тобына «Саятшылық – өмірдің бір қызығы» тақырыбында эссе жазу тапсырылады. |
Берілген тапсырмаларға дайындалады. Сұрақтарға жауап береді. |
«Ойлан,бірік,бөліс» |
||||
Аяқталуы
|
Сабақты бекіту. Жабық тест алу. Қорыту. Табиғаттың көркі болған құстар, Жақсылықпен болашаққа бастар. Лашындай биікке самғайтын, Еліміздің келешегі – жастар! Үй тапсырмасын беру. Әңгімені мазмұндап келу. Рефлексия сәті. «Екі бетті күнделік» |
Тестке жауап береді. Жауап парақтарын өзара тексеріп шығады. Кері байланысты толтырады. |
« Екі бетті күнделік» |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі