Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Касимова Райхан Баймырзақызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Бидайық орта мектебі

Уалиханов ауданы

Солтүстік Қазақстан Облысы

 

Сынып сағаты: «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»

Мақсаты: Оқушыларға  Жолдау жайлы  мағлұмат бере отырып, мазмұнын түсінетіндей  жағдай жасау; ой - өрісін кеңейтіп, дүниеге көзқарасын қалыптастыру; патриоттық тәрбие беру.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Шаттық шеңбері.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Кіріспе әңгіме.
  2. Дәптерде жұмыс.

 

17-қаңтар ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына

«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдау ұсынды.

    

  1. Мұғалімнің түсіндірме сөзі.

 

Бүгінгі Жолдау арқылы Н.Ә.Назарбаев атқарған істерді қорытындылап, болашаққа бағдар жасады.

                

ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ

 

  • Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық.
  • Әрбір отандасымыздың жүрегінде өз еліне деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық.
  • Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды.
  • Бүгінде отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы.

 

Осы Жолдауда Елбасы Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарын ұсынды.

 

Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуға ұмтылысымызды

біз екі кезеңде жүзеге асыруымыз қажет.

 

Бірінші кезең XXI ғасырдағы «мүмкіндіктер көзін» пайдалана отырып, жаңғыру серпілісін жасау қажет болатын 2030 жылға дейін

Екінші кезеңде 2030 – 2050 жылдар аралығында еліміздің ғылыми қамтымды және жасыл экономика қағидаттарына негізделген орнықты дамуын қамтамасыз ету қажет

 

Алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген.

 

  1. Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу
  2. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру
  3. Ғылыми қамтымды экономика құру
  4. Агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуы
  5. Шағын және орта бизнесті дамыту
  6. Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасау
  7. Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру

 

Стратегия-2050-дегі басты мақсаттарға жетуді көздейтін барлық іс-әрекеттеріміз нақты қағидаттарға негізделуге тиіс.

 

  1. қабылданатын барлық шешімдердің прагматизмі мен эволюциялылығы қағидаты.
  2. өзара тиімді ашықтық қағидаты.
  3. бұл – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру қағидаты.
  4. бүкілхалықтық қолдау қағидаты маңызды мәнге ие.

 

22 жыл ішінде келесі құндылықтарға ие болдық:

 

  1. Еліміздің тәуелсіздігі және Астанамыз.
  2. Ұлттық бірлігіміз, қоғамдағы бейбітшілік және келісім.
  3. Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
  4. Экономикалық өсім.
  5. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
  6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
  7. Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі.

 

Білім беруде:

 

  • 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту
  • Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс.
  •  2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жою.

 

Денсаулық сақтауда:

 

  • Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту.
  • Міндетті медициналық сақтандыру енгізу.
  • Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі -  негізгі ұстаным.
  • Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі.

 

Тілдерді дамытуда:

 

«Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді.  Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Одан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты, әлі де үйренуде. Былтырғыға қарағанда, биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскен. Бұл да біраз жайттан хабар береді. Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар!»

 

                               

  IV. Қорытынды.

 

Н.Ә.Назарбаев:  «Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық. 

 Мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

«Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым!  Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, жасай берсін, елдігіміз мәңгілік! »

 

Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болды.   

Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн.

 

                    

                           

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз