Тау
Шолақсор орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Кожанова Алмагуль Аюповна
Сабақтың тақырыбы: Тау
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік. Оқушы таулар туралы түсініктерін қалыптастырады. Қазақстан аумағындағы таулармен танысады.
- Дамытушылық. Оқушы картамен жұмыс жасайды, бақылау жасайды, жинақтайды, саралайды, қорытындылау дағдысын дамытады.
- Тәрбиелік. Окушы еліне, жеріне деген мақтанышты сезінеді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Зерттеушілік әдіс.
Сабақтың типі: сұрақ-жауап, пікірталас.
Сабақтың көрнекілігі: физикалық карта, оқулық, интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, экология.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
II Үй тапсырмасын тексеру.
- Төбелер қалай пайда болады?
- Төбенің бөліктерін атаңдар.
- Төбені қандай жануарлар мекендейді?
- Ежелгі қоныстар мен елді мекендердің орнына пайда болған төбелерді атаңдар.
Жаңа сабақ.
- Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін тақтаға сандар жазылған қағаз ілу. Сандарды ретімен қою арқылы сабақтың тақырыбын хабарлау.
Т А У
1 25 26
- Өте жақсы енді берілген тапсырма бойынша тау туралы қандай өлеңдер білесіңдер? Соны оқи қойыңдар.
(Балалар өлеңдерін оқиды)
М. Әлімбаевтың «Туған жерім – тамаша!» өлеңін оқыту.
О, алақай туған жер!
Жақсы-ау орман-бауларың!
Көзге ыстық көрінер
Сенің асқар тауларың!
Сенің асқар тауларың!
Пікірталас.
- Әрбір елін, жерін сүйетін азамат «Туған жерім тамаша!» деп тебіреніспен айтады. Осыған өз пікірлеріңді білдіріңдер.
(Оқушылардың пікірі тыңдалады.)
- Енді барлығымыз тақтаға қарайық. Тауларды ажырата аласыңдар ма?
- Қандай таулар білесіңдер? Қандай биік тауларды білесіңдер?
- Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Алтай болып үш топқа бөлінеміз.
Картамен жұмыс.
- Бүгін еліміздің түпкір-түпкіріне саяхатқа шығамыз. Еліміздің шығыстан батысқа дейінгі, солтүстіктен оңтүстікке дейінгі жеріне саяхаттаймыз. Жеріміздің бедері қандай екенін физикалық картадан көреміз.
- Тау картада қандай түспен белгіленеді?
- Дұрыс, қою қоңыр түспен белгіленеді.
- Таудың қандай түрлерін білесің?
- Биік, аласа.
- Олай болса таулар мен төбелерді салыстырып көрейік.
Зерттеу жұмысы.
Оқушылар энциклопедия және басқа да басылымдардан тау туралы оқығандарын айтады.
- Таулар – жер бетінің өте биік жерлерін атайды. Таулардың арасын аңғарлар бөліп жатады. Олардың кейбіреулері тар әрі терең. Олар-шатқалдар.
- Қазақстанда таулар көп. (Тауларды атайды)
Мақал-мәтелмен жұмыс.
- Тауына қарай тоғайы,
Шошқасына қарай торайы.
- Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.
- Көлдің көркі құрақ
Таудың көркі бұлақ. Т.б.
- Мақалдардың мағынасын ашу.
- Ал, балалар, тау дегенде алдарыңа не елестейді?
- Жақсы. Қандай жанурлардың түрлері, құстардың түрлері, өсімдіктің түрлерін кездестіруге болады?
- Дәптермен жұмыс. Түрлерін дәптерге жазу, оқу.
- Орман алқаптарында: май қарағай, бал қарағай, шырша, самырсын.
- Жануарлары: аю, қабан, бұғы, таутеке, қар барысы мекендейді.
- Құстары: бүркіт, үкі , жапалақ,құр, шіл,тоқылдақ
Топпен жұмыс.
- Алдарыңда сұрақтар берілген соның дұрыс жауабын табу керек.
Ребусты шешіңдер:
Жауабы: ............................
Жауабы туралы білетіндерін сұрау.
Қорытынды: - Оқушылардың білімін минитест арқылы жүйелеу. Ауызша толықтыру.
Бағалау: Оқушылар орындаған тапсырмалары бойынша бағалайды.
Үйге тапсырма: Тау жыныстарының бұзылуы туралы мәлімет жинап келу.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі