Жиенбаева Алия Дуйсембаевна,
Алматы облысы Панфилов ауданы, Пенжім орта мектебі (Нұркент)
Сабақ: Қазақ тілі |
Мектеп: «Пенжім орта мектебі» КММ |
|||
Күні:17.02.2016 |
Мұғалім есімі: Жиенбаева Алия Дуйсембаевна |
|||
Сынып: 4 «А» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||
Сабақ тақырыбы |
Дара және күрделі сан есім |
|||
Сабақ негізделген оқу мақсаты |
Дара және күрделі сан есім туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру. Мәтіндерге тілдік талдау барысында сан есімнің дара және күрделі болып бөлінетінін түсінеді. |
|||
Оқу нәтижелері |
Барлық оқушылар Дара және күрделі сан есім туралы жалпы түсініктері қалыптасады. |
|||
Оқушылардың басым бөлігі Мәтінге талдау барысында сан есімнін дара және күрделі болып бөлінетінін біледі және оларды сөйлем ішінен тауып, теріп жаза алады. |
||||
Кейбір оқушылар Дара және күрделі сан есім қатысатын өлең жолдарын құрай алады. |
||||
Алдыңғы оқу |
Балалар, біз өткен сабақта қарсы мәндес сын есім туралы өтсек, бүгінгі сабағымызда дара және күрделі сан есім туралы білетін боламыз |
|||
Жоспар |
||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
|
||
Басталуы 10 минут |
І.Ұйымдастыру кезеңі А) Оқушылармен амандасу, кезекшілікті анықтау, келмеген оқушыларды белгілеу (1 минут) Ә) Топқа бөлу. Топтық жұмысты үйлестіру. Топ көшбасшысын сайлайды, бағалау парағы және табыс критериімен танысады (3 минут) І топ - «7 » ІІ топ -«4 » ІІІ топ - «12 » ІV топ - «2017» Б) Алтын ережені еске түсіру (3 минут) В) Өткен сабақты қайталау. Баспадан шыққан дәптерді толтыру (үй тапсырмасын топ басшысы бағалап, бағалау парағына бағасын қояды ) ІІ Мақсат қою кезеңі (3 минут) Ребус шешу (сабақтың тақырыбы ребустың шешуіне байланысты) |
Бағалау парағы және табыс критериі
Алтын ереже
Ребус |
||
Ортасы 30 минут |
ІІІ Жаңа сабақ. Күн ретімен сабақ тақырыбын жазу. Дәптермен жұмыс 1-жаттығу Сөйлемдерді оқы. Сан есімдерді теріп жазып, олардың неше сөзден құралғанына көңіл бөл. Ережемен жұмыс Сан есім дара және күрделі болады. Дара сан есімге бір сөзден жасалған сөздер жатады. Мысалы: бір, екі, үш, мың, миллион. Күрделі сан есім екі немесе одан да көп сөздің тіркесінен жасалады. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады. Мысалы: отыз сегіз, бес жүз елу бес 2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Дара, күрделі сан есімдерді тап. 3-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Дара, күрделі сан есімдерді теріп жаз. (Т-кестесі бойынша)
Сергіту сәті 5-жаттығу. Өрнектерді оқы, олардың мәндерін тауып, сөйлем түрінде жаз. І топ - Берілген санды сөзбен жазу. Сөйлем құрастырады. ІІ топ -берілген санды сөзбен жазу. Мақал құрастыру. ІІІ топ - берілген санды сөзбен жазу. Көңілді шумақтар ІV топ - берілген санды сөзбен жазу. Санмен өрнектелген мақалды оқы. Ойын: «Ерекше сандар» Әр топтың атына көңіл аударайық І топ - 7 күн, 7 ата, 7 керемет ІІ топ -4 түлік, 4 құбыла,4 мезгіл ІІІ топ - 12 ай ІV топ - EXPO -2017Астана қаласында ұйымдастырылады. Халықаралық көрме |
Дәптермен жұмыс
Интербелсенді тақтамен жұмыс
Ережемен жұмыс
Жұптық жұмыс
Топтық жұмыс
Топтық жұмыс
Постер қоргау
|
||
Аяқталуы 5 минут |
Кері байланыс. Рефлекcия Бағалау Үйге тапсырма: 4 – жаттығу. 46 бет төмендегі сан есімдерді дара, күрделі түрлеріне топтап, сөзбен жаз |
Смайлик |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі