Корейская косметика премиум класса

Болжалды келер шақ

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,

Сарыкемер ауылы, Сарыкемер орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Примкулова Жанар Секенқызы
 

Пән:  Қазақ тілі

Сынып: 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Болжалды келер шақ

Мақсаттары: Оқушыларды болжалды келер шақтың жасалу жолдарын, ерекшеліктерін, ажыратап білуге қолдануға үйрету.

Күтілетін  нәтиже : Тақырыпты түсінеді, шығармашылық тапсыралыр арқылы өз бетімен жұмыс істеп үйренеді

Модульдері: АКТ ,СТО (сын тұрғысынан ойлау),ОҮБжОБ (оқыту үшін  бағалау және оқуды бағалау)

Бағалау: Бағалау парағы

Деректер: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары

Әдіс тәсілдер:Миға шабуыл, кім жылдам, Жеке, жұптық, топтық жұмыс, Үш қадамдық сұхбат. Диалогтік оқу

 

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

Білу

 

 

    «Миға шабуыл»  әдісі

 

  • Слайдқа «келер», «болжау», «болжал» сөздерін жазып бұл сөз туралы не білетіндерін сұрау,мағынасына үңілту.
  • «Болжалды келер шақ» сөзін ережемен байланыстырту.

Оқушылар әлі орындалмаған, енді келеді, оны болжайды ,- деп жауап береді

 

 

Оқушылар ережені пайымдайды, айтады, ойларын түйіндейді.

Ойланады, еске түсіреді

 

 

 

Сөздік қоры көбейеді, қолданылуын біледі

Түсіну

«Болжалды келер шақтың жіктелуін» жолдарын кесте арқылы түсіндіру.

Кітаппен жұмыс

 

 

 

Болжалды келер шақтың жіктелуін,  ерекшеліктерін түсіндіру, жекеше және көпше жіктелуіне тоқталу.

 

117-жаттығу Ауызша құрамынан болжлды келер шақты  тапқызу

Ынталандыру ретінде 1 ұпай

Оқушылар мұнда  берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой дәлелдерін ұсынады

 

 

Болжалды келер шақты табады, жазылуына мән береді.

Ережені түсінеді, түрлену ерекшеліктерін, жұрнақтарын ажыратады

 

Ізденеді, белсенділік танытады, табады,

Қолдану

«Кім жылдам?» әдісімен кітаппен жеке жұмыс жүргізу

 

 

 

 

Үй тапсырмасын сұрау

119- жаттығу Мақал- мәтелдерден болжалды келер шақтарды тауып, теріп жазу,қалай жасалып тұрғанын түсіндірту.

Жеке жұмыс

7-8 сөз -3 ұпай

4-6 сөз -2 ұпай

1-3 сөз - 1 ұпай

 

114- жаттығу «Таумен келеміз. Түрлі күй естіледі» мәтінінен осы шақ шақ етістіктерін теріп жазу, оларды ауыспалы осы шақты нақ осы шаққа ауытырып  бөліп жазып келу

Критерий арқылы бағалау

7-8 сөз - 3 ұпай

4-6 сөз -2 ұпай

1-3 сөз- 1 ұпай

 

Оқушылар өз бетінше жұмыс жасайды,етістіктерді тауып, олардың түбір күйінде және түрленіп тұрып қолданылуын байқайды. Түрленген кезде түбір есімдіктердің түрленуін, қалай өзгеріске ұшырайтынына мән береді.

 

 

Оқушылар бағалау парағы арқылы қателерін табады, өздерін өздері бағалайды.

Ізденеді, бәсекелестік қалыптасады критерий бойынша көп сөз табуға талпынады, өз деңгейлерін байқайды.

 

Үй тапсырмасын пысықтайды, өтілген тақырыпқа шолу жасайды, өзін- өзі бағалайды.

Талдау

 Жұптық жұмыс

 

Сыныпты 2- 3 тен  топқа бөлу, «келер», «жазар», «көрінбес», «оқыр», сөздерін екеуара таратып беріп, жылдам жекеше, көпше түрде жіктеп шығуға тапсырма беру

Түгел дұрыс - 2 ұпай

2 қате - 1 ұпай

Жұптасып жылдам тапсырманы орындайды, бағалау критериі арқылы өздеріне ұпай қояды.

Жұптасып жұмыс істейді, бәсекелеседі критериге жетуге талпынады,тапсырманы түсінеді.

Жинақтау

Топтық жұмыс

Постермен қорғау

Шығармашылық жұмысқа баулу

Тыңдалым, «Жақсы бір адам қартайса» термесін тыңдату.

 

«Үш қадамдық сұхбат» әдісімен өтілген тақырыптар бойынша сабақты пысықтау

Диалогтік оқу әдісін де қолдану

Термені мұқият тыңдату, құрамындағы болжалды келер шақты тыңдап үлгеру,жазу, талдау.

Терменің өсиеті туралы өз пікірлерін білдірту.

Ерекше жұмысқа - 2 ұпай

Ұқсас жұмыстар -1 ұпай

 

Сыныпты үш - үштен топқа бөліп, тыңдаушы, сараптаушы етіп

2 - сұрақ, 2 - жауаппен жұмыс жасату

2 дұрыс сұрақ,

2 дұрыс жауап -

 2 ұпай,

1 қате сұрақ

 1 қате жауап-

1 ұпай

Топта жұмыс жасайды, өз ойларып ортаға салады, шығармашылық жұмыстың ұпайына байланысты ерекшенленуге және күрделісін орындауға талпынады.Топта өз идеясын ұсынады.

 

 

Өз бетінше жұмыс жасайды, ролдерді мүмкіндіктеріне қарай бөліп алады. Сараптаушы 2 тыңдаушыға баға береді, жауаптарын талдайды.

Топ бойынша ақылдасады, тіл табысады, ортақ шешімге келеді, ынтымақтастық қалыптасады.

 

 

Ойланады, қоятын сұрақтарына сараптама жасайды, тапсырманы өз бетінше күрделенді

реді.сабақты қорытындылайды.

Бағалау

Бағалау парағы шкаласы

 11-13 ұпай -«5»

 8-10 ұпай - «4»

 4-7   ұпай –«3»

Бағалау парақшаларын толтырту

Ұпай сандарын санайды

Өзін - өзі бағалайды.

 

                                                                                                       Мұғалім рефлексиясы

 

Жетістігім                                                                                             Кемшілігім

 

 


Қарап көріңіз