Жамбыл облысы Жуалы ауданы.Көлбастау ауылы.
№13 Аркадий Гайдар атындағы орта мектеп
Информатика пән мұғалімі Орманалиева Индира Құрманқызы
Пәні: Информатика
Сыныбы: 6 «а»
Күні: 30/11/2015;
Cабақтың тақырыбы: Алгоритм кұрылымы (типтері)
Сабақтың мақсаты: Алгоритм түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс-әрекеттерінің алгоритмін құра білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс,бірлесіп постерге суретті салу арқылы көрсете түсіндіру, жаңа технологияны пайдалану.
Сабаққа кажетті құралдар: компьютерлер, бейнепроектор,қағаз,маркер,стикерлер
Пән аралық байланыс: математика,бейнелеу,әдебиет
Күтілетін нәтиже: Алгоритм типтері бойынша күнделікті өмірде орындалатын алгоритм құруды үйренеді. «Блотаның» тапсырмаларын орындай отырып жаңа тақырыпты меңгереді.
Сабақтың жоспары
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты топқа бөлу |
Шаттық шеңберін құру арқылы бүгінгі сабаққа оқушылар бір біріне сәттіліктелеп,жылы лебіздерін білдіреді. |
Оқушылар іс әрекетті,барлығы бірдей істейді. Қалаған қиындыны алып құрастыру арқылы 2топқа 5—6 оқушыдан бөлінеді |
II. Үй тапсырмасына шолу |
Үйге берілген тапсырманы «Алгоритм сарайына» саяхат жасау арқылы дайындықтарын байқаймыз «Алгоритм сарайының» тапсырмалары: 1.Ережені ұмытпа 2.Шағын тест 3.Кім жылдам? |
Оқушылар өзара әрбір тапсырмаға топ мүшелері кезе кезек жауап беру арқылы орындайды |
III. Жаңа білімді меңгеру |
Миға шабуыл әдісі арқылы ашық сұрақ қойып,жаңа тақырыпты анықтаймын. 1.сызықтық алгоритм дегеніміз не? Блок схемасын көрсет сызып 2.Тармақталған алгоритм дегеніміз не? Блок схемасын көрсет |
Топпен бірлесе отырып жауап береді,туындаған сұрақтарға топ болып жауабын анықтайды |
IV. Голоссарий (сөздікпен жұмыс) |
Бүгінгі тақырып бойынша ережелермен таныстыру |
Оқушылар жаңа сөздер мен танысып дәптерлеріне ережесі мен жаңа терминдерді жазады |
V. Компьютермен жұмыс |
1.топқа «Ағашты өсіру» алгоритімінің сәйкестігін тап 2.топ «Бауырсақ» ертегісінен тармақталған алгоритмнің сәкестігін тап |
Оқушылар тапсырманы алып компьютерде орындайды |
VI. Сиқырлы қалам |
Атқарушы «Ботаның»командаларын орындау компьютермен жұмыс |
Оқушлылар суретке қарап жауап программасын қалай салғандарын түсіндіріп береді. |
VII. Қызығушылықты ояту |
Сергіту сәті Физминутка |
Оқушылар өз орындарынан тұрып,бейнероликти бақылап отырып жаттығу жасайды |
VIII. Сабақты бекіту Постермен жұмыс |
Мектеп оқушыларының формасы қандай болуы керек? |
Оқушылар постерге топпен сурет салып салған суреттерін қорғайды |
IX. Үйге берілетін тапсырма |
1-жаттығу жазбаша,ауа райының маусымдық ауысу алгоритмін құр |
Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады |
XI. Бағалау |
Әр топқа таратылған бағалау парағын алып балдық жүйе бойынша топтардын жалпы пайызын көрсету |
Оқушылар өдерінің топта қойылған балдарын,бағалау парағын көрсетеді |
XII. Кері байланыс |
1.Бүгін мен не үйрендім? 2.Маған не ұнады,ұнамады? 3.Жаңа сабақ бойынша тағы не білгін келеді? |
Оқушылар стикерге өз пікірлерін,ойларын ерін жазып,кері байланыс парағына жабыстырады |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі