Өлең, жыр, ақындар

Әдебиет көшбасшысы

Тақырыбы:Әдебиет көшбасшысы Сыныбы:8 Пәні: Қазақ әдебиеті Пән мұғалімі: Пірімқұлова Гүлзат Сабақтың мақсаты: білімділік: төменгі сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен өтілген материалдарды меңгергенін тексере отырып, білімділік дағдысын қалыптастыру; Тәрбиелік: ана тілін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу; Дамутышылық : оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдаланып, ғылыми танымдық әрекеттерін жетілдіру. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын. Сабақтың жабдықталуы: «Әдебиет көшбасшысы», шарлар, тоғыз жұмбақ. Сабақтың барысы. 1. Сыныптан әдебиетке бейім алты оқушы іріктелініп алынады. 2. Ол оқушылар таныстырылады. Оқушыларға сабақ шарты таныстырылады. 1-тур «Бәйге» Бұл турда 12 сұрақ беріледі. Мен сұрақты оқимын, білетіндерің қол көтеріп белгі бересіңдер. 1. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен неше тіл бар? (шамамен 5651) 2. Әдеби тілдің неше формасы бар? (екі формасы бар:ауызша, жазбаша) 3. Сөздің тура мағынасы деген не? (сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы) 4. Сөздің ауыспалы мағынасы дегенді қалай түсінесіңдер? (бір заттың негізгі атауын екінші бір затқа атау етіп, ауыстырып қолданылуынан туған ) 5. Деректі зат есім деп қандай зат есімді айтамыз? (көзбен көріп,қолға ұстауға болатын) 6. «Аягөз , қайда барасың?» Кімнің өлеңі (Дулат Бабатайұлы) 7. «Бір адамға» өлеңі кімдікі, қандай мәнде жазылған? (С.Торайғыровтың өлеңі, ирония, кекесін мәнде жазылған) 8. «Екі шыбын» шығармасы кімдікі? (Ахмет Байтұрсынұлының) 9. «Аттандыру » өлеңінің екі шумағын жатқа айт. Аттандыру (Ж.Жабаев) Атаңнан бата ал , балам, Арғымақ атқа мін, балам! Ақ сақалым желбіреп, Артыңнан қарап мен қалам; Құлағыңда, құлыным, Дауысым жүрсін жырлаған. Алғадайым арлы едің Ата сөзін сыйлаған. 10. Абайдың қанша қара сөзі бар? (45) 11. «Тарланым» кімнің шығармасы? (Махамбет Өтемісұлының) 12. Қазақ жерінде ең алғаш рет мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин) 2-тур «Тіл - өнер» Бұл турда мақал-мәтелдер беріледі. Мақалдың ішінен бір сөз жасырынады, сол сөзді оқып, шет тілінде және орыс тілінде аудармасын тауып айту керек. 1. Бірлікті ел бұзылмас. Ел –страна (орысша), ағылшынша – кантри (contry) 2. Татулық – табылмас бақыт. Бақыт – счастье (орысша) , ағылшынша – һәпинес (happiness) 3. Білімдіден шыққан сөз. Сөз – слова (орысша), ағылшынша - уод (word) 4. Тіліңмен жүгірме біліммен жүгір. Білім – знание (орысша), ағылшынша- кнолидж (knoledge.) 5. Хан қарақшы, халық сарапшы. Халық – народ (орысша), ағылышынша – пипл (реореl). 6. Тас жармаса бас жарады. Тас – камень (орысша), ағылшынша – стоун (stone). 7. Ашу дұшпан ақыл дос. Ақыл – ума (орысша), ағылшыншы – клевенс (cleverness) 8. Қыз өссе елдің көркі. Қыз – девочка (орысша), ағылшынша - гёол (girl) 9. Адал еңбек аздырмас, арамдық бойды жаздырмас. Еңбек – труд (орысша), ағылшынша – уои (work). 3 – тур. 9 жұмбақ 1. Сол жақтағы 30 Тұрмыс- салт жырларына қандай жырлар жатады? (Бесік жыры, Тұсау кесер,Жар-жар, т.б) 2. Ортадағы 30 Қой сүйеді баласын «қоңырым»деп, Ештеңені білмеген момыным деп................ Өлеңді ары қарай жалғастыр (Сиыр сүйеді баласын торпағым деп, Қараңғыға баспаған қорқағым деп). 3. Оң жақтағы 30 Ертегілер қаншаға бөлінеді? (үшке бөлінеді:шыншыл ертегі, қиял –ғажайыптар ертегісі, хайуанаттар жайлы ертегі) 4. Сол жақтағы 40 «Ер Төстік ертегісі» қандай ертегіге жатады? (қиял-ғажайып) 5. Ортадағы 40 Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды атап шық? (а,ә,о,ө,ұ,ү,ы,і,е,и,э,(у) ) 6. Оң жақтағы 40 «Қобыланды батыр жырындағы» Қобыландының сүйген жары мен мінген тұлпарының аты қалай аталады? (Сүйген жары - Құртқа, тұлпары - Тайбурыл) 7. Сол жақтағы 50 Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін жатқа айт. Қараңғы түнде тау қалғып . (Абай) Қараңғы түнде тау қалғып, Ұйқыға кетер балбырап. Даланы жым-жырт , дел –сал ғып, Түн басады салбырап. Шаң шығармас жол-дағы, Сілкіне алмас жапырақ. Тыншығарсың сен-дағы, Сабыр қылсаң азырақ. 8. Оң жақтағы 50 «Толағай» әдеби ертегісінің авторы кім? (Ә.Тәжібаев) 9. Ортадағы 50 Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді? (үнді,ұяң,қатаң) Ұпайы төмен 4 оқушы ойыннан шығады, қалған 2 оқушы ойынды жалғастырады. 4-тур. «Тапқырлық» Туған жер,өзен - көл, Қымбатсың сен,сүйем сені - берілген сөз тіркестерін қатыстырып екі шумақ өлең құрастыру. (ұпай беріледі) 5-тур. «Жорға» Екі нұсқада қалған екі оқушыға сұрақтар беріледі. (ең алдымен ұпайы жоғары оқушы таңдайды) І нұсқа 1. «Көксерек» повесінің авторы кім? (М.Әуезов) 2. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі қалай аталады? (түбір) 3. Қосымша қаншаға бөлінеді? (екіге:жұрнақ және жалғау) 4. Абайдың табиғат лирикасына байланысты жазған өлеңдерін ата? (күз,қыс,жаздыгүні т. б.) 5. Хабарлы сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады? (нүкте) 6. «Ананың анасы» шығармасының авторы? (Ғ.Мүсірепов) 7. Екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған сөздер қалай аталады? (қос сөздер) 8. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт? «Ғылым таппай мақтанба» Абай Ғылым таппай мақтанба Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жемеңіз 9.«Сырдария» өлеңінің авторы? (Ә.Тәжібаев) 10. 22 қыркүйек қандай күн ретінде аталып өтіледі? (Мемлекеттік тіл дәрежесін алған күні) ІІ нұсқа 1. «Жусан исі» шығармасының авторы? (С.Мұратбеков) 2. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде қалай аталады? (табу) 3. Дауысты дыбыстар қаншаға бөлінеді? (екіге:жуан және жіңішке) 4. «Шығыс ұлына хат» шығармасы кімдікі? (Б.Бұлқышев) 5. Сөйлем неден құралады? (сөзден) 6. «Шәкірт ойы» өлеңінің авторы? (С.Торайғыров) 7. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? (9 сөз табы бар: зат есім, сын есім,сан есім,есімдік,етістік,үстеу,одағай, шылау, еліктеу) 8. «Сыр сандық» өлеңінің авторы кім? (С.Сейфулин) 9.Абайдың «Күз» өлеңінің бір шумағын жатқа айт? Күз (Абай) Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. 10.30 тамыз қандай күн ретінде аталып өтіледі? (ҚР –ның Конституциясы күні) Ұпайы көп оқушы «Әдебиет көшбасшысы» атанады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер