ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру 
курсының II -/негізгі/ деңгейінің сертификатталушысы
ОҚО, Шымкент қаласы, №103 жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Жайықбаева Жібек Сырғабайқызының
Шеберлік-сыныбының (ШС) жоспары:
| Тақырыбы: | «Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруде жаңа әдістердің ролі» | 
| ШС мақсаты мен міндеттері: | Қазіргі заманғы ақпараттық технологияның ауқымды даму кезеңінде заман талабына сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу, жұмысындағы нәтижесінің сапасын арттырудың негізгі бағыты - барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыруда талмай іздену мен жаңалықтан қалмау қажеттігін сезінуге жетелеу  | 
| Күтілетін нәтижелер: | Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану мұғалімге оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны есепке ала отырып дамытуға, толық жағдай жасауға мүмкіндік беретінін түсінеді. | 
| Кімге жүргізіледі: | мұғалімдер | 
| ШС барысы: | Ой шақыру, мағынаны ажырату, рефлексия | 
| Әдістер мен тәсілдер: | Психологиялық дайындық, топқа бөлу, постер дайындау | 
| Құрал-жабдықтар: | Таныстырылым, АКТ , бейне таспа, фламастер, қалам, қарандаш, стикер, қағаз, плакат. А4, | 
ШС мазмұны:
| ШС кезеңдері | Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті | 
| І. Мұғалімдерге жағымды ахуал қалыптастыру (3 мин) Мақсаты: жағымды атмосфера қалыптастыру, тыңдаушылардың жұмысқа деген қызығушылығын ояту, көтеріңкі көңілмен кірісуін қамтамасыз ету. | 
 Ұйымдастыру: (музыка ойнап тұрады.) | 
 Қатысушылар бірінің артынан бірі бір қатарға тұрады, араларында ауа шары, бұл-құрт. Құрт қалай ұйықтайтынын, жылжитынын, керілетінін, жуынатынын көрсетеді. | 
| 
 2. Топқа бөлу /2 – мин/ | Өлең шумақтарына сәйкес топқа бөліну. 1-топ.Ұстаз болу – жүректің батырлығы,  | Өлең шумақтарына сәйкес топқа бөлінеді. | 
| 
 Ой шақыру Таныстырылым көрсету. /10 - мин/ | Таныстырылым көру: «Сіздің мұғалім екендігіңіздің 13 белгісі». - Жаңашыл ұстаз болудың 13 критерийіне біздің жұмысымыз сай ма? - Өзіңізге қандай баға берер едіңіз? - Жер шарындағы барлық мұғалімдерге тән олардың ортақ қасиеттері қандай? Рефлексия (Сын тұрғысынан ойлау) | 
 Мұғалімдер таныстырылым тамашалап, өз ойларымен бөліседі. | 
| Топтық жұмыс Постер қорғау /15-мин / | Топтарға тапсырмалар беріледі: 1-топқа: «Жаңа заманға - озық тәжірибе» 2-топқа: «ХХІ ғасырдағы мұғалім моделі» 3-топқа: «Мұғалім беделі – мектеп абыройы» | Мұғалімдер тапсырмаларын топпен бірлесіп, ойласып жасайды. Топ басшысы өздерінің жұмыстарын қорғайды. | 
| Сергіту сәті /5-мин/ | Мұғалімдер караокемен ән салады. | Мұғалімдер ән салып, жақсы көңіл күй орнайды, демалады. | 
| «Кір жаю» әдісі /10 мин/ | Мұғалімдерге ситуациялық сұрақтар беріледі. Жауабын топта талдап, жауап жазып кір жаятын жіпке іліп қояды. | Олар өз топтарында талдап, сұрақтарға жауап жазып, жіпке апарып іліп қояды. | 
| Шағын эссе жазу. (10 мин) | Топтарға суреттер таратылады. Сол суреттерге қарап шағын эссе жазу тапсырылады. | Тапсырманы мұқият орындайды, жұмыстарын, өз ойларын ортаға салады. | 
| Рефлексия. Кері байланыс 
 (5 мин ) | Жазбаша кері байланыс жасау үшін стикерлер таратылады. Коучингке қатысушыларға рахмет айтып, жұмыстарына шығармашылық табыстар тілейді. | Рефлексияларын жазу, көшбасшылар өз топтарына бағалаулар жүргізеді. Стикерге өз ойларын жазады Коучердің іс-әрекеті туралы әріптестер бағалайды. | 
Saulezhan
Жібек , шығармашылық мол табыс тілеймін!!!
Мадина
Жібек тек қана алға, келесі шығармашылық жұмысың үш тілде болатынына сенімім мол. Жарайсың!