Өлең, жыр, ақындар

Тіл жүйрікте кім жүйрік?

№254 негізгі мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тіл жүйрікте кім жүйрік?

(сайыс сабағы)

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Г.Примкулова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

Мақсаты:
1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау;
2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;
3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;
қатысушылар: 6-7 сыныптар (әр сыныптан 5 оқушы және сынып жетекшілері қатысады) 
 

Мұғалім:
– Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтатын,білімге қызығушылығын арттыратын «Тіл жүйрікте кім жүйрік?» атты сайысымызға қош келіпсіздер!
Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды.Әр уақытта да батыл.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ
Азаматын өзара күрестірген-дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз!Алдымен сайысқа қатысып отырған топтармен таныстырып өтейін. 6-7 сынып оқушыларын ортаға шақырайық.
- Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері:

 

_____________________________________________________________________________

                                                                                       

-Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы яғни, апайларың бағалап, түсінік беріп, ұпай сандарын көтеріп отырады.
- Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлерін сайлады.

– Бүгінгі біздің сайысымыз 6 бөлімнен тұрады:
І. Таныстыру
ІІ. Деген екен
ІІІ. Білімді мыңды жығар
ІҮ. Өлең өрнегі
Ү. Сөз болатын – мақал
ҮІ. Бейнесұрақ 

 

І. Таныстыру. Бұл бөлімде әр топ өз тобының атымен және ұрандарымен таныстырады.
– Енді таныстыру бөлімі бойынша әділ қазылардың берген ұпайларын көрейік.
 

ІІ. «Деген екен» деп аталатын бөлімде әр топ өздерінің дайындалып келген шешендік сөздері бойынша сайысқа түседі. Сайыскерлерімізді шешендік, тыңдаушыларын баурап алу, өзін-өзі ұстай білу өнерін тамашалаймыз. Оқу мәнеріне назар аударылады.
 

- Осы бөлім бойынша әділқазылардан әр топтың ұпай сандары сұралады. 

ІІІ. «Білімді мыңды жығар» бөлімінде қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен сұрақтарға жауап береді. 
 

6 сыныпқа қойылатын сұрақтар реті
1. Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалатын күрделі сөздер (біріккен сөздер)
2. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата (5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым; Дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)
4. Қазақ тілінде қанша сөйлем мүшесі бар? Оларды атап бер  (5-еу, бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш)
5. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? Оларды атап бер. (9, Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Еліктеу сөздер, Шылау, Одағай)
6. «Үш бәйтеректі» ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин)
7. Фонетика нені зерттейді? (тілдің дыбыстық жағын зерттейтін сала) 
8. Сөздің алғашқы, қалыпты мағынасын қалай аталады? (сөздің тура мағынасы)

9. «Салмақты» сөзінің синонимі – (байсалды, ұстамды, сабырлы )
10. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)

7 сыныпқа қойылатын сұрақтар реті:
1. «Сұлу» сөзінің синонимі – ажарлы, көрікті, келбетті, дидарлы
2. «Бес арысты» ата (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов)
3. Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)
4. Қазақ дәстүрі бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөздерді не дейміз ? (табу)
5. Етістіктің қанша  райы бар? (4-еу,  ашық рай, бұйрық рай, қалау рай, шартты рай )
6. «Екі шыбын» кімнің шығармасы? (А.Байтұрсынов мысал өлең)
7. Морфология нені зерттейді? (сөз құрамын, сөз таптарын)
8. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап бер. (7 атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес)
9. Әдебиет қай тілден енген сөз, қандай мағына береді? (араб тілі, асыл сөз). 
10.Табиғат лирикасына байланысты өлеңдер («Қыс», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жаз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» т.б)


– Олай болса құрметті әділ қазылар, әр топтың ұпайларын берсеңіздер.


ІҮ. «Өлең өрнегі» деп аталатын бөлімде тақтада көрсетілген ұяшықтарды таңдап, ұяшықта жасырынған тақырыпқа өлең шығару.

 

Тақырыптар: Ана, Отан, Елбасы


– Құрметті көрермендер ақындарымыз өлең сөздерін аяқтағанша біз көрермен тапқырларға арналған әзіл викторина ойынын ойнайық. Олай болса дайынбыз ба, көрермендер? Бастаймыз:
-Елекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)
-Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)

-Есік пен терезенің арасында не тұр? («пен» тұр)
-Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай? (Май- үш әріптен тұрады)
-Көкқұтан  өзін құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды)
-Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)

-Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?(12 құс, тордағы құс ұша алмайды)
-Түсі жасыл доп Сары теңізге құласа не болады? (су болады)

-Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)
-Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)
-Жаңа жылда адамдарды жаппай құлататын табиғат құбылысы ? (мұзтайғақ)
-Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады)

- “Шалға” қарағанда “балада” не көп? (буын, әріп)

- Бір арба келіншек келеді, әрбір келіншектің басында бір-бір түйіншек бар (сіріңке)
– Құрметті әділ қазылар ұпайларын көтерсеңіздер.
 

Ү. «Сөз болатын-мақал» деп бұрынғылар айтқандай мақал-мәтелдер-ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. «Мақал-сөздің атасы»демекші сайысымызды жалғастырамыз.
 

Шарты: тақтадағы ұяшықтарды таңдап, шыққан сөздерден мақал-мәтел құраңдар.
1 ұяшық «білім»
2 ұяшық «кітап»
3 ұяшық «сөз»
4 ұяшық «жер, ел»
5 ұяшық «дос»
6 ұяшық «тосын сый», яғни сайыскерге 10 ұпай сыйға тартылады.

 

– Құрметті әділ қазылар ұпай сандарын көтерсеңіздер.

ҮІ. «Бейнесұрақ» бөлімінде әр топ экранда көрсетілген суреттегі тұлға жайлы мәлімет айту керек
 

– Құрметті әділ қазылар, сіздерден әр топтың  ұпай сандары сұралады. 
 

-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі сөз кезегін қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын анықтайық! «Тіл жүйрікте кім жүйрік!» атты сайыстың жеңімпазы атанған топты ортаға қол соғып, шақырайық.
Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз.
-Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.
 

-Ана тілсіз тарих та жасалмайды,
Ана тілсіз іс өрге аса алмайды
Желмаяның үстінде желіп тұрып;
Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы –дей отырып бүгінгі сайымызды аяқтаймыз.
Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

 

 

 

 

 

Тіл жүйрікте кім жүйрік?

(сайыс сабағы)

 

Қатысушы топтар

 

 

І. Таныстыру

ІІ. Деген екен

ІІІ. Білімді мыңды жығар
 

ІҮ. Өлең өрнегі

Ү. Сөз болатын – мақал
 

ҮІ. Бейнесұрақ 
 

Жалпы ұпай саны

 

6-сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-сынып

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер