Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
№205 қазақ орта мектетебінің
Технология пәнінің мұғалімі: Гүлбану Жантаева
Сынып:8
Сабақтың тақырыбы: Ашытқылы қамыр, қамырды ашытқымен және ашытқысыз дайындау
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Технохимиялық бақылау қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы барлық өндіріс элементтерін игеріп және сапаны жақсартуда маңызды роль атқаратындығы туралы түсіндіру.
Б) Дамытушылық: Оқушылардың тағам өнімдеріне деген қызығушылығын арттыру арқылы,бағыт-бағдар беру.
В)Тәрбиелік: Аспаздық өнерге баулу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі:Түсіндіру,үйрету,көрсету.
Пәнаралық байланыс: биология, матем, сурет, химия, физика.
Көрнекілік :суреттер, технологиялық сызба.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ. (Ой тастау)
Асты тас үсті тас,
Ортасында піскен ас. (Таба нан)
Қамырдан жасалған өнімдердің құрамында өсімдік нәруызы, май, В және РР1 дәрумендер тобы, крахмал түріндегі көмірсулар болатындықтан, тамақтың құнарлылығы жоғары крахмал адам организіміне жақсы сіңуі үшін,ұнның жоғары сортынан дайындалған қамыр кеуекті болуы керек. Ол үшін қамырды ашытқы н/е ас содасын қосып илеу қажет.
Қамыр дайындау тәсіліне қарай екі топқа бөлінеді:ашытқылы және ашытқысыз.
Илеу тәсіліне қарай сұйық және қою болып келеді.
Ашытқысыз қамырға қопсытқыш ретінде ас содасы, айран немесе іріген сүт қолданады.
Ашытқылы қамырға ашытқы не дрож қосылып иленіп екі, үш сағатта ашытылады.
5. Сарамандық жұмыс.
Сынып 3 топқабөлінеді.
1-топ «Ақ дастарқан», Үгілмлі печенье пісіру
2 -топ «Мерекелі дастарқан», Бисквит тортын жасау.
3 -топ «Берекелі дастарқан» Құймақ пісіру.
Қажетті өнімдер мен заттар: ұн, құмшекер, ас содасы, сарымай, тұз, жұмыртқа, елеуіш, шұңғыл ыдыс, су, сүт, жалын пеш, қасық, миксер т.б.
Үш топ басшысы осы өнімдердің дайындалу технологиясын тақтаға сызып жазып жарысады. Басқалары өнімді дайындайды.
6. Ой сергіту (Кім жылдам?).
1. Қамырды әзірлеу алдында ұнды не істеу керек?
2. Ұнның сапасын қалай анықтауға болады?
3. Үй жағдайында қалай ашытуға болады?
4. Көмір қышқыл газы қай кезде жойылып кетеді?
5. Қамырды илеу алдында не істеу керек?
6. Алжапқыш пен орамал не үшін керек?
7. Дайындау барысында қандай заттар тұруы қажет?
8. Дайын өнімді не істеу керек?
9. Қамырды ашыту үшін не істеу керек?
Тағамдардың сапасын тексеру.
7. Қорытындылау: Қамырдан жасалған өнімдер жоғары құндылыққа ие, сондықтан барлық ел аспаздығында маңызды орын алады.
Ұн –қамырдың барлық түрін әзірлеу үшін қажетті негізгі өнім. Сондықтанда дастарқанды нансыз елестету мүмкін емес.
8. Бағалау.
9. Үйге тапсырма: Реферат жазу.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі