Мақсаты: оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өтілген тақырыптарды меңгергенін тексере отырып, білімділік дағдыларын қалыптастыру, тапқырылыққа, шешендікке баулу, іздемпаздыққа жетелеу, ой-өрісін, тіл мәдениетіне деген танымдық қабілетін арттыру
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі Психологиялық тренинг
Мектеп деген – киелі ұғым, ғажап ат.
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған
Түлеп ұшқалы тұр – талай ертең азамат.
Құрметті: ұстаздар, оқушылар! «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер
«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп – өсуі үшін- азаттық пен білі қажет»- деп ғалым Ш.Уалиханов айтқандай, еліміз егемендігін, тәуелсіздігін атап өтіп отырған, бүгінгі таңда ендігі алдағы мақсат- халықтың білімін, тілін дамыту. ХХІ ғасыр білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасын үлес қосушы сендерсіңдер деп білеміз.
Бүгінгі сайыс – білім, өнер, шығармашылық ізденіс болмақ.
Сайыстың кезеңдері:
1-кезең Бәйге
2-кезең Тіл өнері
3-кезең Жеті жұмбақ
4-кезең Білімпаздар, зерделілер алға!
5-кезең «Егер де мен....» эссе жазу
6-кезең Жорға
7-кезең Психологиялық тренинг
Әділқазы армысыздар, алқалар.
Талай-талай шындық сізде бар табар!
Бағаларын сайыскердің беретін
Қымбат бізге-билігі бар орталар:
1. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Қайргалиева.С
2.кітапханашы: Ләззат апай
3. жас маман. МаратАзамат Талгатулы
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортаға
Қазақ халқы 7 санын киелі деп санайды, сондықтан бұл сайысқа жеті оқушы қатысып тұр Сәттілік!
1.Ұстаз сөзін көкірегіне түйген қыз,
Ләззат – шапшаң , тапқыр , алғыр қыз
2.Әр сөзінде құпиялы бір сыр бар,
Ақгүлден төгілетін бір сыр бар.
3.Жібек мінез, үлбіреген Жанар,
Тосылмашы , ұпай санын көп жинашы
4.Өжет қыз Мөлдірмін,
Сайыста жүлдегер атанамын
5.Ойлылығын түсінеді көрген жан,
Қазақи қайсар мінез Арайжан
6.Жаңалыққа жаны құмар әр кезде,
Нұргисадай батыл жігіт бар бізде
7.Жауап берер сұрақтарға дәл, анық,
Дамирдің жеңетіні дәл, анық
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе- бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға – сол алда?
1-кезең. Бәйге
1 минут ішінде 15 сұраққа нақты, әрі тез жауап беру керек.
2- кезең «Тіл өнері »
Бұл кезеңде мақал – мәтелдің бірінші жолын жүргізуші өзі айтады, соңын сайыскерлер жалғастырады. Ұпай саны: 10
Сергіту сәті
3-кезең. «Жеті жұмбақ»
Оймен қане, көк теңізін кешіңдер,
Жарқ-жұрқ еткен неше түрлі сұрақтар!
Айтылғанда зор аспанды жұмбақтар,
Зейін салып, зердеменен шешіңдер./ үш тілге аудару/
4-кезең Білімпаздар, зерделілер алға! Әрбір сайыскерге оқылып жатқан пәндерінен
20 сұрақ қойылады / 3 минут/
Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты бір ойын болсын
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын
5-кезең «Егер де мен....» эссе жазу
6-кезең Жорға
7- кезең Психологиялық тренинг
Қорытынды: Оқы ізде талаптан сен жас шәкірт
Бар ғылымнан нәр алғайсың бастау ғып
Болашаығын көркейтетін елімнің,
Тұлғасы бол, данасы бол жас түлек
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі