Сабақ жоспар
Пәні Күні: |
Сауат ашу 27.10.2014 |
Сыныбы: |
Мектепалды даярлық «а» сыныбы |
Сабақтың тақырыбы: |
П п дыбысы мен әрпі |
Сабақтың мақсаты
|
Білімділік: Жаңа П п дыбысымен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін, тілін, қиялын дамыту. Балалардың П дыбысы бар сөз,сөйлем ойлап табуына назар аудару, сөздік қорына мән беріп,байланыстыра сөйлеуге үйрету. Тәрбиелік: Ептілікке, бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу
|
Сабақтың типі: |
Жаңа сабақ |
Сабақтың түрі: |
Сұрақ- жауап,ойындар,жұмбақтар |
Сабақтың көрнекілігі: |
Суреттер, әріптер жинағы, слайдтар, тренажер |
Сабақтың барысы |
|
I Ұйымдастыру кезеңі |
|
II Үй тапсырмасын тексеру
|
Т дыбысынан келетін сөздер айту: Ойын «Кім тапқыр?» ойынында допты кім ұстайды сол мұғалім көрсеткен суреттегі кейіпкер тұралы сөйлем құрайды. |
IІІ. Мақсат қою кезеңі |
Қалың киімді ұнатады Шешіндірсең жылатады /пияз/ «Пияз» деген сөз қай әріптен басталады?
Пайдалы деп пияз жеп Парлады жас көзімнен «Піссінші» біраз деп Пысылдадым төзіммен Балалалар осы сөздер қай дыбыстан басталады? Бәріміз сол дыбысты дауыстап айтайықшы П Ал енді балалар назарларынды экранға аударындар 3 «Сиқырлы әліппе» Сиқырлы әліппеде П әріпінен басталатын тағы қандай сөздер бар екен? Соларды ата. Олар қай әріптен басталады? |
ІV Жаңа сабақты түсіндіру
Сергіту сәті
|
Бүгінгі өтетін жаңа дыбыс П дыбысы. П дыбысы дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгіленеді. П дыбысы сөздің басында, ортасында сөздің соңында кездеседі. Мысалы: Піл, парта сөздерге түсінік беріп П дыбысының жазба баспа түрлерімен таныстырып, жазуды үйрету.
Біз тәртіпті баламыз Қолға қалам аламыз Денемізді дұрыс ұстап Енді жазу жазамыз
Дәптермен жұмыс: П п ауада жазу Әуен «Аяқтармен топ топ» «ойнайық та ойлайық»
1/ Сөздерді оқып көрейік . Слайдпен жұмыс
|
V Жаңа сабақты бекіту
|
-Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық? П –дыбысын таяқшамен құрастыру П дыбысынан қандай сөздер басталады? «Ойын-тренажер» П дыбысы бар сөзді тап П әрпінен басталатын суретті атау, жазу, дыбыстық талдау жасау.
|
VI Қорытынды |
Не білдім? Не үйрендім? |
Уйге тапсырма |
Құрамында П дыбысы бар бес сөз ойлап келіңдер. |
Қоштасу |
Сау болыңдар, балалар! |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі