Атырау қаласы
МҚКК №26 «Жұлдыз» балабақшасы
«Таным» білім беру саласы бойынша
«Қоршаған ортамен таныстыру» ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті
«Күзгі құбылыстар»
№7 «Үйшік» ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Наушабаева Рысты Сахарбайқызы
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы: «Күзгі құбылыстар»
Мақсаты: Күз мезгіліне сипаттама бере отырып, оның құбылыстарын ажырата білуге үйрету. Табиғаттың қарапайым өзгерістерін атап, айнала қоршаған ортаны танып білуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту. Балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын, байланыстыра сөйлеу дағдысын дамыту.
Көрнекіліктер: Бейне таспадан күзгі бейне, мнемокесте, күзгі құбылыстар, жапырақтар, өлі және тірі табиғат.
Қостілділік компонент: күзгі – осенний; құбылыс – явление; егістік – поля, нива; жауын – шашын – осадки; жапырақтар – листья; жел – ветер.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ – жауап, түсіндіру, жаттау, әңгімелеу, сөздік жұмыс. Күз патшасы достарымен қонаққа келеді. (Қыркүйек, Қазан, Қараша). «Күзгі құбылыстар» бейнесін мнемо кесте арқылы өлең жолымен көрсетіп, түсіндіру. Жомарт күз , Алтын күз, Қоңыр күз. Жұмбақтар.(табиғат құбылыстарына байланысты). Топтастыру стротегиясы. Табиғат атауын екіге бөліп сурет бойынша топтастыру, ажырата білу. Өлі табиғат, тірі табиғат. Сергіту сәті. Жеке жұмыс.(тірі табиғатқа жататын заттарды қарындашпен дөңгелектеп қоршау). Ой қозғау: «Дұрыс па, қате ме» ойыны.
Іс –әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Балалардың іс -әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Шаттық шеңбері Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Ренжуді біз білмейміз. Қуанасың сенде, Қуанамын менде. Арайлап атқан күнге, Амандасамыз бізде! (үш тілде амандасу). Жаңа оқу іс –әрекетін бастамас бұрын өткен оқу іс –әрекетін еске түсіру. Өткен оқу іс –әрекеті «Қала көшелері». |
Балалар өлең сөздерін қайталап қимылдар жасайды.\
Үш тілде амандасады.
|
Ұйымдастыру, іздестіру |
Жаңа сабаққа кіріспе Балалар бүгінгі оқу іс- әрекетіне «Күз ханшайымын» ортаға шақырайық. Ортаға Күз ханшайымы әуенмен билеп кіреді. Қолында күзгі жапырақтар, жапырақтарын жерге төгіп, балалармен амандасады. Күз ханшайымы: -Сәлеметсіздер ме балалар! Сіздерді молшылық айларымен құттықтаймын, бау – бақшада егін пісіп – жетілді, құстар жылы жаққа ұшып жатыр, адамдар қыс қамына дайындалып, егін орып, малдарына азықтарын жинап жатырған кезде, мен сендерге қонаққа келдім. мен жалғыз жүрмеймін, менің қасымда достарым: Қыркүйек, Қазан, Қараша да бар. Үш ай өздерін жеке таныстырып шығады. Қыркүйек: (Ажар) Бірінші қыркүйек, Білім күнінен басталады. Мал мен аң жүр билеп, Құс шарлап аспанды. Қазан: (Айкөркем) Қазан айы келеді, Құстар қайтып барады. Жапырақтар сарғайып, Сыбдыр – сыбдыр түседі. Қараша: (Аягөз) Құстар қайтты ән салып, Бұлт шарлады аспанды. Қыс келеді жар салып, Күзгі суық басталды. Тәрбиеші: -Күз ханшайымы мен оның достары бізбен бірге болыңыздар, балалардың білімдерін саралап, баға берңіздер. «Күзгі құбылыстар» бейнесін мнемо кесте арқылы өлең жолдарымен көрсетіп түсіндіру. Қыркүйек – «Жомарт күз». М. Әлімбаев. «Күз келді"өлеңі. Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді. Кел жемісті алтын кз, Кемелденсін халқымыз. Қазан айы –«Алтын күз». Қуандық Шаңытбаевтың «Күзгі жапырақ» өлеңінде күз құбылыстарын былай сипаттаған екен. Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан – алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Қараша –«Қара күз». Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаев «Күз» өлеңінде күзгі құбылыстарды былай сипаттаған екен. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы онап, бие қашқан, тай жарысқан. Жұмбақ.(табиғат құбылыстарына байланысты). 1.Қараңғыда жымыңдайды, жанады, Жарық түссе, бірден сөніп қалады. (Жұлдыз). 2. Көлде жүрген ақ үйрек, Түнде барда, күндіз жоқ. (Ай). 3. Бір халық аспанда ұшқан аяғы жоқ, Ұстаған қолдарында таяғы жоқ. Күніне талай жерге кетер кезіп, Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт). 4. Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. (Күн). 5. Көктен түседі, Жер ішеді. (Жаңбыр). 6. Жылт – жылт еткен, Жырадан өткен. (Су). Сергіту сәті Дала қандай керемет, Сары түске боялды. Бір ұшып, бір қонады, Күзде жаңбыр жауады. Күзде жел де тұрады, Жапырақтар желмен бірге ұшады. Жеке жұмыс «Табиғат түрлерін түс арқылы белгіле» Тірі табиғатқа жататын заттарды қара қарындашпен дөңгелек етіп қорша. Ой қозғау: «Дұрыс па қате ме?» ойыны Дұрыс болса қол шапалақтаймыз, қате болса отырып қаламыз. Жазда күн суық болады? Сиыр үй жануары? Күзде жапырақтар сары түске боялады? Өсімдіктер өлі табиғатқа жатады? Күз мезгілінің үш айы бар? Банан дөңгелек пішін?
|
Балалар күз ханшайымына амандасады.
Күзгі құбылыстармен танысады.
Жұмбақты шешеді.
Жұлдыз.
Ай.
Бұлт.
Күн.
Жаңбыр.
Су.
Сергіту жаттығуын өлең сөздерін қайталап қимылдар жасайды.
Жеке жұмысты орындайды.
Ойынды қызыға ойнайды. |
Рефлексивті түзетушілік |
Қорытынды Балалар біздер бүгін не туралы айттық? Күз мезгілінде кездесетін қандай құбылыстармен таныстық? Бізге қонаққа кім келіп отыр, оның қасында кімдер бар? Табиғаттың неше түрі бар? Балаларды мадақтау. |
Балалар сұраққа жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: балалар күз мезгілдерінің құбылыстарын білді.
Нені игереді: күзгі құбылыстарды есте сақтады. Өлі және тірі табиғатты айыра білді.
Нені біледі: танымдық әрекеттері дамыды.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Наушабаева Р. С.
20. 20. 2015 жыл.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі