Өлең, жыр, ақындар

Қош келдің, Жаңа жыл! (жаңа жылдық ұстаздарға арналған шара)

№17  жалпы  орта  білім  беретін  мектеп

Дайындаған: Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Жаекешова Куралай Сатбекқызы

 

Мақсаты: Жаңа жылда жақсы жетістіктерге, алға  қойған  мақсаттарға  жету.

Әдісі: Мерекелік  концерт,сахналық көріністер.

Жаңа жылдық сценари жүргізіп дайындаған: Куралай Сатбекқызы

Армысыздар ардақты ағайын,ұлағатты ұстаздар, менің әріптестерім бүгін баршаңызды келе жатқан жаңа жыл мерекелеріңізбен шын  жүректен құттықтаймын.

Жаңа  жыл! Жаңа  күн! Жаңа  өмір  бұл  күн  тіршіліктің барлық  иелеріне  жаңа  үміт,қуаныш,ерекше  махаббат  сыйлайды. Сол махаббат, қуаныш пен үміт жыл бойы шаңырақта болсын. Мерекелік  кештің  қуанышқа  толы  көңілді сәттері жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын. Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын. Жаңа  жыл құтты болсын!

Ендеше ---------  орындауындағы осы бір тамаша ән жаңа жылдық тарту ретінде­ өздеріңізге арналады қабыл алыңыздар! (рахмет )

Құрметті жамағат «жақсы сөз, жарым ырыс» - деп дана қазақ айтқандай жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім  ордасының білікті басшысына  құттықтау  сөз  кезегін береміз.

Рахмет .......

Осы кешті  ұйымдастырып, әріптестерімізбен ақылдасып, кешті қызықты да көңілді өткізу үшін, үш топқа бөлініп сайыс ретінде өткіземіз деп  шешкенбіз, мұнда ешқандай жеңімпаз  болмайды, дегенменде кешті қызықты да  көңілді  өткізу өз қолымызда, ендеше сайысымызды бастаймыз іске сәт................!

Сайысымызды бастамас бұрын аяз ата мен ақшақарды бәріміз бірге ортаға шақырайық, оларда бізбен бірге кешті тамашаласын!

Ендеше  әріміз бірге Аяз ата ...............Ақша қар...............

Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар.

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді Ақшақармен,

Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңдар! (осы кезде аяз ата мен ақшақар келеді)

Қош келдіңіз Аяз ата, Ақша қар біздің әріптестерімізбен бірге дайындаған сайысымыз бар соны бізбен тамашалауға шақырамыз. Ендеше  орындарыңызға жайғасыңыздар кешті бізбен бірге тамаша да қызықты өткізіңіздер.

Енді сайысымызды бастайық  ...... бәріңізге сәттілік тілеймін!

1-ші сайыс өз өнерлерін көрсету( 1-2-3  топтар )

Тамаша келесі сайысымызға дайындалып отырайық. Ендігі кезекті жаңа жылдық құттықтау сөзге кезек берейік ортаға өзінің жаңа жылдық тілегін айтуға ------------------  шақырамыз. (рахмет апай)

Олай болса кешіміз ары қарай жалғасын табады бәріміз ортаға биге.......

Айналамды өздеріңдей керемет жандар қоршаған мен ең бақытты жанмын!  Жаңа жылдың жылтыраған ойыншықтарындай жүздері жайнаған әріптестерім мәңгі жанымда болсын. Әріптестер мереке құтты болсын, дастарханымыз мол болсын, көңіліміз даладағы аппақ қардай таза болсын!  Сайысымызды  жалғастырамыз.....

Енді келесі сайысымыз пародия 1-2-3  топтар..........

Тамаша қыздар өнерлеріңе баршамыз таң қалып отырмыз рахмет сіздерге.

Тағыда құттықтауға сөз кезегін берейік ортаға мектеп директорының оқу ісі орынбасары мен тәрбие ісі орынбасарын шақырамын (рахмет  апайлар)

Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл айтып, әр жерден келген өнерпаздардың арасында да табаны жерге тимей билейтін бишілеріміз  бар  екен. Ендеше келесі сайыс би өнерімен ортаға.1-2-3 топтар......

Рахмет қыздар,  тамаша би өнерлерің өрге жүзсін....

Әнімізде сәнімізде жарасқан, тілегімізде, жүрегімізде бір болған әріптестерім, өздеріңізді жаңа жылмен құттықтауға асығып отырған

  --------------------------- құттықтау сөз беріп, ортаға шақырайық.

Тілегіңізге көп рахмет бәріміз ортаға биге..............

Енді келесі сайыс әр топ дайындап келген ойындарын ойнатып  өтсін. 1-2-3 топтар.....

Рахмет барлығыңызға.

Кәсіподақ ұйымының төрайымын тамаша тілегімен ортаға шақырайық. Рахмет тілегіңізге ......

Кешімізді әрі қарай жалғастырамыз ортаға баріміз биге.................

Биіктерге құлаш сермейді

Шарықтап көкке өрлейді

Өтседе қанша ғасырлар

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй,-деп Алаш жұртына есімі мәшһүр болға  ғасырлар тоғысындағы ұлы тұлға Абай атамыз айтқандай, кезекті ән  сайысына береміз ортаға 1-2-3  топтар.......

Тағыда тамаша бір құттықтау сөзге кезек берейік ортаға .................

Тілегіңізге рахмет кешіміз әрі қарай жалғасын табады ортаға бәріміз биге.........................

 Тағы да баршамызға жаңа жыл құтты болсын!

Адам баласы жаңа жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа жылға көп үміт артады. Армандарыңызбен тілектеріңізге қосылып, сіздерге алдағы  жылда денсаулықтарыңыз мықты, бақыттарыңыз үстем болып, күш-қуаттарыңыз таусылмасын, қанаттарыңыз талмасын деп тілек тілеп,  өткенге риза болып, жаңа жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа  жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік.  Жылымыз тек бәрімізге қуаныш әкелсін.

Әрі қарай жаңа жылдық сайысты жалғастырайық, жаңа жылдық киім үлгісімен әр топ ортаға..........

Рахмет баршаңызға............

Алдағы жыл  тек игі жақсылықтармен, ырыс-берекесімен,  мол қуаныштармен төрімізден орын  алсын!-дей  келе тағы да құттықтау сөзге  кезек берейік.............................

Рахмет тілегіңізге.........................

Жаңа жыл мерекесімен баршаңызды тағы  құттықтаймын. Сіздерге отбастарыңызға тыныштық, өмір жолында ақ жол тілеймін. Қазақ халқы аман болсын!  Бәріміз ортаға биге.............................

Рахмет орнымызға жайғасайық...........................

Сайысымызды жалғастырамыз ұлттық билерден сайыс........  топтар ортаға................

Рахмет.........................

Манадан сайысымызды тамашалап отырған аяз атамен ақшақарға сөз кезегін береміз өз тілектерін айтып өтсе.....

Рахмет сіздерге  .....................

Осы кешімізді сайысымызды барымызша жақсы етіп өткіздік деп ойлаймыз, баршаңыздың көңілдеріңізден шыққан болар, осы сайысымызды мектеп басшысы қорытындылап өтсе................

Жылыстаған жылдарме  жылжып есен-сау жүре берейік!  Көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлаған Жаңа жыл құтты болсын. Бауырымыз бүтін болсын, жақындарымыз аман жүрсін! Жылымыз ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың  жылы болғай!  Аялы арманыңыз орындалып, жүректер жылудан айырылмасын!  Қош аман сау болыңыздар! Бәріміз биге...............................................


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер