Ақтөбе облысы
Мәртөк ауданы
Қаратоғай орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Ажыгалиева Жулдыз Аскаровна
Тақырыбы: Пысықтау сабағы
Мақсаты: өткен сабақтардан алған білімдерін бекіту.
Міндеттері:
1. Өткен сабақтарды пысықтай отырып, баланың өз бетінше жұмыс істеп, шығармашылық ойын өсіруге, өз бетінше қорытынды жасай білуге машықтандыру:
2. Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс жасау барысында сөздік қорын молайту, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын ірікпей еркін айтуға дағдыландыру;
3. Ойлану және ойлану арқылы нәтижеге жетіп, іздену арқылы еңбектенуге тәрбиелеп, оқуға деген ынтасын оята отырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдістері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ой бөлісу, іздену, талдау, өзара жұмыс.
Көрнекіліктері: сабаққа тиісті сюжетті суреттер, кескінді әріптер, буындық кесте
Сабақтың барысы:
ІІ. Психологиялық дайындық:
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам жасаймыз.
ІІІ. Мотивациялық-бағдарлау кезеңі:
- Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ. Біз бүгін міне осындай кемеге (суретін көрсету)отырып саяхатқа шығамыз. Кемегеотыру үшін
- Біздер сұрақтарға жауап беруіміз керек.
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыстарды ата.
Дауыссыз дыбыстарды ата.
Сөйлем неден құралады.
Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбысты ата.
- Енді біз саяхатқа дайынбыз деп айтуға болады. Өзімізді теңізшілер сияқты сезіну үшін алдарыңда жатқан теңізшілердің бас киімін киеміз.
Қолымызға дүрбі алайық, алысқа көз тігейік не көрінеді?
- Гүлді алқап. Осы жерге тоқтап гүл теріп алайық. Кәне, кім көмектеседі?
(екі –үш оқушыға гүл жинату) Гүлдерде жазылған сөздерге дыбыстық талдау жасату. (гулдерде жазылған сөздер: егін, масақ, арпа, сұлу,хабар)
- Гүлдердің хош иісін жұтып-жұтып, саяхатымызды жалғастырайық.
- Кәне, кәне алыста не көрінеді? Дүрбімізді алайық, жақсылап қарайық.
Орман екен! Орманда нелер мекендейді? Міне, ағаштың ар жағынан не шығып келеді? (қасқыр, түлкі, барыс, арыстан,тиін сөздерін буынға бөліп, буын санын анықтайды)
- Саяхатымызды жалғастырмақ бұрын тынығып алайық. Аңдар туралы қандай сергіту сәт өлеңдерін білеміз?
Ормандағы аюдың Қонжық аю болайық
Құлпынайы көп екен Маң-маң басайық.
Теріп-теріп алайық Екі құлағы қалқиған
Қалтамызға салайық. Қоян болып секірейік.
- Жақсы кемемізге отырып, жолымызды жалғастырайық. Енді төмен қарайық. Қанша көп балықтар жүзіп жүр! Кәне балық аулайық! Балықтарды аулап, балықтардың тапсырмасын орындаймыз. Баспа түрде жазылған сөздердің жазба түрін жазғызу. (балықтарда жазылған сөздер: шортан, кеме, балық, өзен,шахмат,бояу)
Қараңдар мынау не? Дельфин ғой! Дельфинның да тапсырмасы бар екен. Есту бойынша жазу. Ал,ендеше партада отыру ережесін еске түсірейік, дәптерімізді ашайық.Дәптерімізді партаға қалай орналыстырамыз? Қандай қолға қалам ұстаймыз? Сол қолымыз не істейді?
Көше, гүл, жүген, мерген, шаян, жалбыз, хабар, бетеге
Сергіту: Тырс-тырс жаңбыр жауады (қимылдарын көрсету)
Тамшылар тамады.
Тырс-тырс терезені қағады,
Жылғалар ағады.
Қолымызды демалттық, саяхатымызды жалғастырайық.
- Кәне, дүрбімізді алайық. Не көрінеді? Егіншілік. Сурет бойынша жұмыс. Қараңдар мұнда сиыр жүр ғой! Егінімізді бүлдірмесін, орманға қарай айдап жіберейік. Ол үшін сиыр,жылқы, түйе деген сөзі бар сөйлем құрастырайық. Мысалы: Ала сиыр өрісте жайылып жүр. Сөйлемде неше сөз бар? Сөйлем нені білдіреді? Сөйлем қандай әріптен басталады? Немен аяқталады? (тағы бір-екі сөйлем құрату және оны үлгі бойынша талдау).
- Біздің қайтатын уақытымыз тақады. Теңізшілер кейін қайту үшін біздер тағы бір тапсырманы орындауымыз керек екен . Карточкалармен жұмыс: «Адасқан әріптер» ойыны
Бұтақ,балық, мысық, әнші, кілт, білім, терек, қымыз, қобыз.
Саяхатымызды аяқтаймыз.
ІV. Рефлексия.
Біз бүгін сабақта кім болдық? Ал негізінде біз оқушылармыз солай ма? Оқушы деген кім? (білім алушы)
Білім не үшін қажет? (оқушылардың ойларын тыңдау)
Біз бүгін сабақта қандай тапсырмаларды орындадық?
Бүгінгі сабаққа барлықтарын белсене қатыстыңдар, жарайсыңдар!
Кәнеки, бәріміз бір-бірімізге қарап : «Жарайсың!» деп айтайық.
Сабағымызды осы өлең шумағымен аяқтайық:
Мектебің мынау, класың
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі