Ақтөбе қаласы
№ 59 жалпы білім беретін орта мектебінің
Физика пәні мұғалімі: Қуатбаева Орынгүл Айнашқызы
Қазірге кезде белгілі планетамызда экологиялық жағыдай күннен күнге нашарлап барады. Бүгінгі күннің басты мәселесі экология, сондықтан оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу ұстаздар міндеті. Физика пәнін оқытуда табиғатты қорғау жөнінде көптеген экологиялық мағлұмат беруге болады.
Физика тек табиғатта болып жатқан құбылыс, процестерді зерттейтін пән емес. Ол зертеулермен қатар тәжірибелік сараптамаларды іске асырып, құбылыстардың тікелей өтуін ықпал етеді. 7-сыныпта кіріспе сабақты табиғат заңдарынан басталады. Оқушыларға табиғатты қорғау қажеттілігін техниканың дамуы оған зиян келтіретінін түсіндіре отырып, жоғары сыныптарда жалғастыру керек. Мысалы: физикада «Атом тарауларын» өткенде атомдық жарылыстар, ядролық сынақтар қателессе қауіп тудыратынын радиоактивті ластану болатынын атап өтуі керек. Осы сияқты мәселелерді айта отырып экологиялық мәселелерді назардан тыс қалдырмау қажет. Біріншіден оқушыларды осы мәселеге қызықтыру керек, екінші, тиянақты білім қажет, үшінші, осы мәселемен нақты айналысатын болуы тиіс. Физиканы оқытқанда оқушыларды өзінің тұрғылықты жеріндегі экологиялық мәселелерді айта отырып, сол жағыдаймен ұштастыра оқыту. Мысалы: «Булану және қатаю» тақырыбындағы өзен көлдер жағыдайы, атмосфераның ластануы, өсімдіктер, жан-жануарлардың тіршілігі барлығын ескеру қажет. Күннің жердегі тіршілікке әсері, қар тоқтату ісі, оның топыраққа, өсімдіке тигізер зияны, пайдасы толық айтылып, оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Ауыл маңындағы өзен көлдердің жағалауларына қоқыстар тастап, шектен ластау осы өзендегі балықтарға және булану кезінде зинды бу шығатынын түсіндіріп осындай келеңсіз жағыдайларды болдырмауға ат салысуға шақыру керек. Оқушыларға экологиялық білімді барлық тараулармен тақырыптарға сәйкес атап көрсетіп түсіндіруге болады. Жоғарыда айтып өткен булану мен ылғалдылық тақырыптарында булану жердің құрғауына соның әсерінен топырақ кебу кезінде жердегі шөптердің құрғап тамырына зиян келіп өсуі тежелетіні, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендесе, булануды тездететіні осының табиғаттағы өзгерістерді жүруді тездететін күш екені белгілі.
Көктемде қатты суықтар шаруаға зиян келтіретінін алдынала болжаудың маңызды екенін білеміз, олай болса оқушылар білетін құбылыстарды қарастыру қажет, шық нүктесін біле отырып, су булары конденсацияланғанда бу құрайтын жылу бөлініп шығып, бұл жылу ауаны жылытуға кетеді. Температураның төмендеуі тоқтайды, демек шық нүктесі нолден жоғары жатса түнде суық болмайды, қатқақ болмайды. Шық нүктесі 0-ден төмен болса ауаның салқындайтынын біледі, оқушылар ауа райын болжауды үйреніп қызығушылығы жоғарылайды. Сонымен халық болжамдарына сүйеніп ауа райын болжау халық мұрасын қадірлеуге үйретеді, желдің оңтүстіктен соқса жылы ауа ағыны келетіні, ұзақ уақыт жел соқса құрғақшылық болатыны экологиялық мәселелерге қатысы бар. Орманды жерлердің ылғалды көп мөлшерде көбейтеді, себебі ылғалдың көбеюі температураның төмендеуіне қосылып будың қанығу күйіне жақындатады.
Орман егістік топырағының қар суымен ағып кетуден сақтайды. Желдің соғу бағытына қарсы қойылған орман алқабы қар тоқтатуда пайда келтіреді, осындай танымал құбылыстар туралы оқушылар жақсы тыңдап, өмірде пайдалануға тырысады.
«Атмосфералық қысым» тақырыбында атмосфералық қысымның қалыпты күйден жоғары төмен ауытқуы, адам денсаулығына және жан-жануарларға да /шыбын, маса, мысық, ит/ әсер етуін түсіндіріп осы жағыдайды бақылауды оқушыларға тапсырма ретінде берсе оқушылар қызыға орындап, көз жеткізуге тырысады. Жылу өткізгіштік тақырыбында қар жылуды аз өткізетіні, қар топырақты үсуден сақтайды, күзде себілген қыстық дақылдардың қалың қар астында үсімей сақталуына маңыздылығы өнімділігінің жоғары болуы, ерте пісуіне ықпалы бар екенін өмірде ауыл шаруашылығында осы әдістерді пайдалануға болатыны айтылады.
«Жылу қозғалтқыштары» тақырыбында қоршаған ортаға таралып жатқан автомобильдердің улы түтіні, заводтардың түтіні атмосфераны ластайтыны, осыны азайту мақсатында завод маңында, ауыл көшелерін мектеп ауласын көптеп көгалдандыру қажеттілігін түсіндіру. Әрбір облыс орталықтарының хал ақуалын айтып соның ішінде Ақтөбе қаласының экологиялық жағыдайының мәнді емес екенін атап көрсету.
Ақтөбе облысының атмосфералық ауа бассейні ластанып барады. Өткен жылы өндіріс ошақтарынан шыққан зиянды қалдықтардың халықтың өмір сүруіне қаншалықты әсер етіп отырғанын тексерген санитарлық дәрігерлер осылай деп дабыл қағуда. Жыл өткен сайын, облыстың атмосфералық ауа бассейні ластанып барады. Атмосферадағы ауаны ластаушылардың бірі автокөліктер. Ақтөбеде автокөліктерден шығатын зиянды заттар көлемінің күрт өсуі қоршаған ортаны қорғау бөлімінің мамандарын алаңдатып отыр. Олардың айтуынша, тек қала бойынша тіркелген автокөлік саны өткен жылы 60 мыңнан асып түсті. Ал олардан шығатын зиянды заттар көлемі 58 мың тоннаға дейін жетті. Ластанудың физикалық факторларына электромагниттік өріс, шу, радиоактивті сәулелену вибрация, гравитациялық өріс өнеркәсіптік қондырғылар жылуын жатқызуға болады. Вибрация әртүрлі механизмдер нәтижесі. Вибрация заңдылықтарын жол салу, ірі құрылыс саласында пайдалану қажеттігін түсіндіру керек. Сонымен қатар біз дыбыс әлемінде өмір сүреміз. Шудың адам ағзасына зиянын ашып көрсетіп шудың деңгейлік нормалары 80 дицибелл–қауіпті деңгей, 120 децибелл аса қауіпті деңгей ірі қалаларда автокөліктердің шуы 100 децибелге жетеді бұл қауіпті деңгейден жоғары болатынын 9-сыныпта «Дыбыстар мен шу» тақырыбында түсіндіру қажет. Осы тәрізді экологиялық мәселелер оқушыларға экологиялық білім беретіні анық. Табиғаттағы айналым, өзгеріс құбылыс және экологиялық жүйелеп отыратын процесс. Экологияны бізден де, табиғаттан да алшақтатуға болмайтын физикаға байланысты мәселе. Қортындылап айтқанда іздене білген мұғалімге әр сабақта үйлесімді түрде экологиялық білім беру мен табиғатты қорғауға тәрбиелеу мүмкіндіктері мол екенін айта аламыз.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі