Сабақтың тақырыбы:
“Отбасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?”
Сабақтың мақсаты:
Ата-ана мен бала арасындағы қарым- қатыныстың орнауына ықпал ете отырып, ата- ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты,
бір –біріне деген сезімді нығайту. Бала тәрбиесіндегі отбасының орны ерекше екенін әкенің ақылымен, өнегесімен, ананың ақ сүтімен, даритынын оқушы бойына сіңіру, отбасы мүшелерінің арасында бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы да инабатты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.“Шаттық шеңбер” (балалар ата-аналарына тілек тілеу)
III.“Ойлан, жұптас, талқыла”. Топтық жұмыс (сұрақтар беріледі)
IV. Сергіту сәті. “Күн”
V.Ата-ана туралы дана сөздер
VI.«Тілек шамы».
VII.Қорытындылау:“Отбасындасындағы қарым-қатынасының сүйіспеншілігі
” Ойлан, жұптас, талқыла”
Топтың аты:“Сүйіспеншілік”
Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіздер?
Топтың аты:"Кешірім"
Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?
Топтың аты:“Бірлік”
Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?
Сергіту сәті. “Күн”
Жағдаятты шешу:
Абзал мен Ғазиз ойыншыққа таласып қалыпты....
1.Осындай жағдайларда өзара түсінісу үшін не істеуге болады?
2. Өзгелердің пікірімен келіспеген жағдайда не істер едіңіз?
3. Келісімге келу не үшін қажет деп ойлайсыздар?
Ата-ана туралы дана сөздер
1- Ұл-қыз ата-анасын қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтемін десе, алдымен әдепті болу керек.
2- Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей ата-анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады.
3- Сәби шағында ата-ана өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда ата-анаңды алақанға салып аялап күту керек.
«Тілек шамы».
Тілек шамының суреті
Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!
Қош сау болыңыздар.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі