Өлең, жыр, ақындар

Адамгершілік асыл қасиет

Тәрбие сағатының мақсаты:

а) Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету,  имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.

ә) Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

б) Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.Үй  тапсырмасы             Мақал-мәтел

ІІІ.Жарқын  күнімізді  түнерген  бұлттардан  қорғайық

IV. Күн  артынан  күлімдеген  кемпірқосақ  сыры.

V. Адамгершілік  ағашын  өсіру

VІ Көрініс  «Әдеп»

VІІ» Би    Қазақша

VIII Қорытынды(Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?
 

 

 

Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі
Ыбырай Алтынсарин. Ал, адамгершілік дегеніміз не?  Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек,  асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек

ІІ.Мақал-мәтелдер

 

ІІІ.Жарқын  күнімізді  түнерген  бұлттардан  қорғайық

Адам атаулының жақсы касиеттерінің бірі — адалдық, ол өмірден қымбат асыл қасиет, асыл мінез, ашык, шыншыл қарым-қатынас. «Өтіріктің балын жалап жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық»,—деген Б.Момышұлы. Адамда асыл қасиеттермен қатар, жағымсыз қасиеттер де болады. Олар — жалқаулык, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, пайдакүнемдік, қорқақтық, менмендік, мақтаншақтық, қулык, екіжүзділік, жарамсақтық, қатыгездік, ашу, ызақорлық, басарсыздық, т.б.

 

. Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтаға ілінген күннің суретіне қараңдаршы. Жаркын күн - көлбейленіп тұр, күнді біз мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі төнерген бұлттарды ашайық.

 

Кәне, бірінші булт. – Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
– Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.
– Әдептілік деген не?
– Адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының ережелері.

Екінші бултты сейілтсек:.– Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты.

 Сен не істер едің? 
– Үлкен кісімен амандасып жол беремін


Үшінші бұлтқа таядык – Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
– Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.

төртінші бұлтты сейілтейік, осы. Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
– Асықпай түсіндіріп беремін.
 

Соңғы  бесінші  бұлт – Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?
– Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

тапсырманы орындаған соң күн күлімдеп шығады. Мәдениетгі болу дегенді

Өзіңе көмектескен, керек затынды берген, сыйлық тапсырған адамға және жолдасыңа алғыс айт.


Тамақ ішіп болған соң, рақмет айт.


Біреу өзіңе алғыс айтса, «жақсы» деп жауап бер.


Телефонға біреуді шақырғанда «рұқсат болса» дегенді ұмытпа.


 


Бір жолдың шығарып сап саласына: 
Ей, балам, шамаң келсе, жақсылық ек, 
Ақ пейіл адамзаттың арасына. 
Егер де жол үстінде тікен жатса, 
Кірер деп аяғына біреу басса. 
Ерінбей-ақ, иіліп қолыңменен
Сол тікенді көтеріп алып таста. 
Бұл еңбегің қылмасты босқа, бекер,
Соны көрген соңғы жас солай етер, 
Жақсы үлгіні жалпы жұрт дәстүр жасап, 
Жол тазарып, жолаушы жолдан өтер.
 

Міне, адамгершіліктің асыл қасиеттері өте көп, алуан түрлі, дегенмен солардың ішіндегі ең маңыздысы — аманат. «Ешкімнің ала жібін аттама, аманатқа қиянат жасама» дегендей, тапсырылган істі, айтылган аманатты міндетті түрде орындауымыз керек. Аманаттың бірнеше түрі бар, олар тапсырылған істі орындау, беріп жіберген затын аман-есен жеткізу т.б.

(Күн ашылады)
Даламдай кең пейілім,
Жүрегім толы мейірім.
Мен үшін жоқ уағыз,
Бәріңе ортақ шуағым.

Осы жарқын күндей, мейірімді, жан-шуақты, көңілдерін адамға тек жақсылық жасай білетін адамгершілігі мол азамат пен азаматша болыңыздар.

 

IV. Күн  артынан  күлімдеген  кемпірқосақ  сыры

Бүгінгі сабағымызда аз болса да, жақсылықтың нәрін, адамгершіліктің дәнін алдыңыздар деп ойлай отырып, ашылған күннің соңындағы әсем кемпіркосаққа көңіл аударайык. Кемпірқосақтың әрбір түсінің өзіндік бір мән-мағынасы бар. Ендеше, «Күн артынан күлімдеген кемпірқосақ сыры» не айтады?

1-түсі. Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңыздар.
2-түсі. Күні бойы өзіңізді қоршаған адамдардық бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүріңіздер.
3-түсі. Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңызды, жұбатқаныңызды, күлдіргеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көріңіз.
4-түсі. Әнді жиірек тыңдағаныңыз дұрыс, бәрінен жақсысы жаныңызды жадыратып, рақатка белінесіз.
5-түсі. Баскалардың қажетіне жарай білуге талпыныңыз.
6-түсі. Тыныштық сақтай білуге үйреніңіз. Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдыланыңыз.
7-түсі. «Жақсылықа жаксылық - әр кісінің ісі, ал жамандыққа жақсылық — ер кісініқ ісі» деген нақыл сөз жадыңызда жүрсін.
 

V. Адамгершілік  ағашын  өсіру

Көк аспан аясында күлімдеген күнімізді түнерген бұлттан қорғадық, артынан жадырап кемпірқосақ керілді, міне, осындай әсем табиғат аясына асыл касиеттерге толы «Адамгершілік ағашын» өсірсек калай болады?
Асыл қасиеттерге толы «Адамгершілік ағашы»
Оқушыларға  жапырақтар таратылады. Жапырақтарға асыл қасиеттерді жазып, ағашқа жапсырады.
Мінекей, жаңа ғана біз сізбен асыл қасиеттерге толы «Адамгершілік ағашын» өсірдік. Осы әсем ағаш сіздерге алдағы уақытта сая болсын, бір-біріңізге деген ықылас сезімдеріңіз еш уақытта жойылмасын, үнемі қайырымды, мейірімді, адал, ақкөңіл, еңбекқор, ақылды, әділ, парасатты  бала   болыңыздар!
 

Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?
1-оқушы.Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
2-оқушы.Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын – еліміздің дәстүрін ата-ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.
3-оқушы.Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.
Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.
Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.
4-оқушы.Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік.
Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т.б.
5-оқушы.Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.
6-оқушы.Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәртүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.
7-оқушы.Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.
Имандылық – әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.
8-оқушы.Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.
Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.
Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.
 

 

Қорытындылау.Адамгершілік қағидалары туралы бірталай мағлұмат алдық. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата-ананың, өз Отаныңның мақтанышы боласың. Алған мағлұматтарды қорытындылай келе, «Адамгершілік – асыл қасиет» пікір-сайысына кезек береміз.

 

     

 


Пікірлер (3)

Ергешова аАқтолқын

Өте керемет

Зируза

Оте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз