Алматы облысы
Балқаш ауданы
«№1 Бақанас орта мектебі»
Құлынбай Ажар Қалиқызы
Тарих пәнінің мұғалімі
Түсінік хат
ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалақты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейде шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашақ жастарына үлкен мән берген.
Заманауи оқыту мен тәрбие үрдісінің негізгі идеясы оқушылардың белсенділігін арттыру, іздемпаздыққа үйрету, білімді өз бетінше алып, күнделікті өмірде қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу. Бұл оңай іс емес, себебі, жас жеткіншектің бойындағы ерекше қабілеттін, дарындылығын тани білу, оны одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру үлкен шеберлікті талап етеді. Дарындылықты анықтаудың дайын үлгісі, әдіс-тәсілдері жоқ. Бүгінгі таңда, бұл мәселеге көптеген педагогтар, психологтар, әдіскерлердің еңбектері арналған. Сол еңбектермен танысып, өз тәжірибемізде қолдану, соның негізінде өздігімізден толықтыру еңгізу, біздің міндетіміз. Мен құрастырып, ұсынып отырған осы бағдарламам да соған бағыталған: жетекшілік аткарған сынып оқушыларымның дарындылығы мен талаптарын анықтауға және одан әры дамытуға арналған.
Бағдарламаның мақсаты: сыныптағы оқушылардың бейімділігі мен қызығушылығын зерделеу арқылы дарындылығы мен талаптарын анықтау, дамыту жолдарын белгілеу.
Міндеттері:
Түйінді идеялар: балардың бойындағы дарындылық қабілетің анықтау мен жетілдіру әрекетінің тиімді жолдарын қарастыру.
Күтілетін нәтиже:
Мұғалім: сынып оқушыларының белсенділігін арттыру жолдарымен танысады, сол арқылы балалардың қызығушылығы мен бейімін анықтай алады; дарынды және талантты оқушылармен тиімді жұмыс әдістерімен таныс болады.
Оқушы: Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгереді, шығармашылық қабілеті дамиды; өз жан дүниесін танитын, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетіне талдау жасай алатын тұлға қалыптасады.
№ |
Іс-шаралар мазмұны |
Түрі |
Сағаты |
Мерзімі
|
1. |
Оқушылардың қызығұшылығы мен бейімін анықтау. |
Сауалнама |
1 |
Қыркүйек. |
2. |
Қабілеттеріне қарай ұйымдарға қатысуын ұйымдастыру. |
Ата-анамен, ұйым жетекшілерімен кездесу |
1 |
Қыркүйек |
3. |
Дарынды балалармен жүйелі қосымша сабақтар өткізуді пән мұғалімдермен жоспарлау |
жоспар құру |
1 |
Қыркүйек |
4. |
Шығармашылық жұмысқа тарту. |
Сынып сағаттар, сыныптан тыс сабақтар, түрлі байқаулар, мектепішілік іс-шаралар |
1 |
Жыл бойы |
5. |
«Қазақ хандығына 550 жыл» шығармашылық кеш |
Шығармашылық кеш (презентация, шығарма, реферат, өлен, т.с.с.) |
1 |
Қазан |
6. |
«Менің қоғамдағы алатын орным». |
Эссе жазу. |
1 |
Қазан |
7 |
«Менің болашақ мамандығым» |
Шығарма жазу. |
|
Қараша
|
8. |
«Менің тұңғыш президентім» |
Шығарма, презентация байқаулары |
1 |
желтоқсан |
9. |
Қызығушылықтарына қарай ақпарат жинау, күнделікте қысқаша конспектілеу |
Картотека, күнделік |
1 |
Үнемі |
10. |
Оқушыларды мектепшілік, аудандық, обылыстық пән олимпиадаларға қатыстыру. |
Пән олипиядалары. |
1 |
Кезеңінде |
11. |
«Кенгуру», «Ақбота», «Русский медвежонок», т.с.с. интеллектуалдық марафондарға қатыстыруды ұйымдастыру |
Зияткерлік ойын сайыстары. |
1 |
Кезеңінде |
12. |
Халықаралық «Алтын жабағы» («Золотое руно») сайысына қатыстыру. |
Ойын сайысы |
1 |
Кезеңінде |
13. |
Халықаралық «Инфоурок», республикалық КИО қашықтықтан оқыту олимпиадаларына қатыстыру. |
Олимпиада, байқаулар. |
1 |
Кезеңінде |
14. |
«КҒА», «Дарын» оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференцияларға жобаларын дайындап ұсыну |
Ғылыми-жобалар |
1 |
Кезеңінде |
15. |
Спорттық жарыстарға, фестивальдарға қатыстыру. |
жарыстар |
1 |
Жыл бойы |
16. |
«Қазақстан жаңа әлемде» тақырыбында конференция ұйымдастыру |
Конференция сабағы |
1 |
Желтоқсан |
17. |
Жангір Алтынайдың шығармашылық кешін ұйымдастыру |
Мектепішілік концерт |
1 |
Үнемі |
18. |
«XXI ғасыр көшбасшысы» |
Интеллектуалды сайыс |
1 |
Қаңтар |
19. |
«Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық сайыс |
Ашық сынып сағаты |
1 |
Ақпан |
20. |
«Білім биржасы» зияткерлік ойын |
Интеллектуалды сайыс |
|
Наурыз |
21. |
«Абай оқулары», «Шәкәрім» «М. Мақатаев», т.б. оқуларына дайындап, қатыстыру. |
«Абай оқулары», «Шәкәрім» оқуларына |
1 |
Кезеңінде |
22. |
«Жыр алыбы – Жамбыл» атты жас ақындар айтысын қатыстыру |
Ақындар айтысы |
1 |
Қаңтар |
23. |
«Жарқын болашақ» |
Байқау |
1 |
Кезеңінде |
24. |
«Ауғанның отты жалыны» атты Ауған соғыс ардагерлермен кездесу кеш. |
Кездесу кеш |
1 |
Ақпан |
25. |
«Алтын қақпа» |
Интеллектуалды сайыс |
1 |
Ақпан |
26. |
«Асылдың бірі адалдық» |
Дөңгелек үстел |
1 |
Наурыз |
27. |
Өз шығармашылықтарын презентация арқылы қорғау (АКТ қолдану шеберлігін арттыру) |
Презентация |
1 |
Қажеттілігіне қарай |
28. |
«Мамандықты таңдай біл!» - |
Түрлі мамандармен кездесу |
1 |
Наурыз |
29. |
«Экспо-2017» - біздің визиттік картамыз |
Мақала, очерк, альбом арқылы таұырыпты ашу |
1 |
Сәуірде |
30. |
ҰБТ – менің білім деңгейімнің көрсеткіші |
Пікір-талас. |
1 |
Кезеңінде |
31. |
Брейн-ринг |
Интеллектуалды ойын |
1 |
Сәуір |
32. |
Оқушылар шығармаларын, жетістіктерін баспасөзде, қабырға газетінде жариялап отыру |
Газет шығару |
1 |
Жыл бойы |
33. |
Оқушылардың шығармашылық есебін ұйымдастыру |
Кеш |
1 |
Мамыр |
34. |
2015-2016 оқу жылындағы жұмысты қорытындылау |
Марапаттау |
1 |
Мамыр |
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қарапайым мектепте де дарынды оқушы көп». Атырау қаласы.К.Х. Мұңайтбасова. Мақала.
2. Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал.№4 2015 ж. «Дарынды және талантты балаларды оқыту» Н.Әлім.
3. «Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы». Астана. 2004.
4.«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» ,№7.2008ж. «Дарынды балалардың шығармашылығын дамыту » С.Нұралина;
5. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» ,№2.2006ж. «Дарынды оқушылармен жұмыс » М.Құрманбаева
6. «Бастауыш мектеп». №5. 2009 жыл. «Дарындылықты дамытудағы мұғалімнің рөлі». Авторы: М.Жантурина
7. «Сынып жетекшінің шығармашылық үлгісі мен оқушы жастар ұйымының өзін-өзі басқару міндеттері». Алматы. 2009 ж. Авторы
8. «Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары» Г.С.Жағырапова. 2006 ж
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі