Өлең, жыр, ақындар

Сөз тіркесі

Алматы облысы, Балқаш ауданы

"№1 Бақанас орта мектебі" МКМ-нің

Бастауыш сынып мұғалімі: Жұман Дария Жұмаділқызы

Сабақтың тақырыбы Сөз тіркесі
Сілтеме Оқулық 4-сынып,қазақ тілі
Жалпы мақсат Синтаксис бөлімінен алған білімдерін,сөз тіркесі туралы білімдерін жетілдіру.Сұраққа жауап алу арқылы сөз тіркесін анықтау.Сөз бен сөз тіркесінің айырмашылығын аңғарту.
Оқыту нәтижесі Сөз бен сөз тіркесінің айырмашылығын біледі.Сөз тіркесінің қай сөз табынан жасалғандығын ажырата алады.Сөз тіркесін қатыстыра отырып,сөйлем құрауға дағдыланады.
Түйінді идеялар Сыныпта интербелсенді әдістерді қолдану арқылы оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру.
Жаттығулар

1."Мозайка" әдісі

2.Өзіндік жұмыс  (суретке қарап сөз тіркесін құру)

3."Серіктестік сағаты" әдісі

4.Топтық жұмыс.Әр сөз табынан жасалған сөз тіркесін құрастыру.

5.Жұппен жұмыс.Жұмбақ шешу

6.Сергіті сәті

7.Шығармашылық жұмыс."Астана-арман қала" тақырыбына сөз тіркестерін пайдаланып  әңгіме құрап жазу.

8.Сөз тіркесін қалай түсінесің?(Постер  қорғау)

Жағымды психологиялық ахуал 

"Жүректен-жүрекке" тренингі 

-Оқушылар бугінгі күнге сәттілік тілей отырып,бір-біріне жүрек жарды жылы лебіздерін білдіреді.

Топқа бөлу Оқушыларды түстерге байланысты топтарға бөлу.
1-тапсырма

Топпен жұмыс  "Мозайка" әдісі

Мақсаты:Ақпарат алмасу арқылы алған білімдеріне рефлексия жасай отырып,топтарда жұмыс жасау дағдыларының дамуына көмектесу.

1 топ Сөйлемнің  түрлері

2 топ Сөйлем мүшелері

3 топ Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

4 топ Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

2-тапсырма

Өзіндік жұмыс

Мақсаты:Суреттер бойынша сөз тіркесін құрастыру арқылы оқушылардың өзін-өзі  реттеу  дағдылары қалыптастыру.

Слайдтағы суреттерге қарап ,сөз тіркестерін құрастырып,оны қорғайды.

3-тапсырма

"Серіктестік сағаты" әдісі

Мақсаты:оқушыларды оқу материалы  бойынша ой бөлісуге тарту.

Әр оқушыға сөз тіркесі беріледі,серіктесіне оның мағынасын түсіндіреді және сөз тіркесін құрап тұрған сөздер қай сөз табынан екенін айтып дәлелдейді.

4-тапсырма

Топтық жұмыс

1 топ Екі сыңары да зат есімнен жасалатын сөз тіркестерін ойлап,жазады.

2 топ Бірінші сыңары сын есімнен,екінші сыңары зат есімнен жасалатын сөз тіркестерін құрастырады.

3-топ Бірінші сыңары сан есімнен,екінші сыңары зат есімнен жасалатын сөз тіркестерін ойлап,жазады.

4 топ Бірінші сыңары зат есімнен,екінші сыңары етістіктен жасалатын сөз тіркестерін құрап жазады.

5-тапсырма

Жұппен жазба жұмыс орындау.

Жұмбақты шеш.

Бұйра тұлым,

Желмен ойнайды.

Қызыл мұрыны,

Жерге бойлайды.(сәбіз)

Сын есім+

Зат есім

Зат есім+

Зат есім

Сан есім+

Зат есім

Зат есім+

етістік

       

 

Сергіту сәті "Қара жорға"биі
6-тапсырма

Шығармашылық жұмыс

Берілген сөз тіркестерін пайдаланып,"Астана-арман қала" тақырыбына әңгіме құрап жазу.

7-тапсырма

Топтық жұмыс.Постер құрастырып,қорғау.

-"Сөз тіркесін қалай түсіндік?"

Үйге тапсырма 5-жаттығу Сурет салып,салған сураттері бойынша сөз тіркесін құрау.

Рефлексия

 

Бағалау

"Тілші" әдісі  арқылы тақырып бойынша оқушы-оқушы,мұғалім- оқушы арасында диалог құру. 

"Басбармақ" әдісі бойынша балалар өздерін бағалайды,өзара топтар бірін-бірі бағалайды.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз