Өлең, жыр, ақындар

Әлімжеттік жасау – әлсіздік

Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті 

«Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы

мектепке дейінгі  шағын орталығымен» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің

Мұғалімі: Дюсекова Ақмарал Ержанқызы

 

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі- бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу екендігін түсіндіру.

Мұғалім: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

               Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

               Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

   Қуанғанда күлкімнен түн түрілген – деп жырлаған халқымыз. Сол халықтың жастары да осал болмауы тиіс. Осал емес те. Бекзат, Бақтияр сынды жастарымыз еліміз намысын биікке асқақтатты. Бірақ әтеген-ай дейтін жерлеріміз де баршылық. Бұл бүгінгі жасөспірімдер арасында қылмысқа бой ұрып бара жатқандығы. Яғни мектеп жасындағы балаларды бір-біріне әлімжеттік көрсетуі, қатігездікке, қылмысқа бой алдыруы заман проблемаларына айналды. Сондықтан бүгінгі әнгіме жастар арасындағы әсіресе мектеп оқушылары арасында болмақ. Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналааңдағы адамдарды сыйлау, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл – заңды білу, яғни заңды білеген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін   қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.

І. Ұйымдастыру кезеңі

1 .Амандасып, шеңберге тұрғызып, оқушылар гүл ұсына отырып, бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтады

2. Түс бойынша қағаз қиындыларын таңдау арқылы топқа бөлінеді.

І топ – сары түс (күннің суреті)

ІІ топ – қызыл (гүлдің)

3. Әр топ өздеріне ат қойып, қорғайды.

І – топ «Шуақ» - күннің шуағы сияқты жан-жағымызға шуақ, жылу, нұр силасақ жаманшылық болмайды.

ІІ – топ «Шапағат» - адамдар бір-біріне шапағатты, мейірімді болса әлімжеттік деген болмайды.

ІІ. Ой бөлісу

  1. Мұғалім: балалар біз бүгін сабағымызда «Әлімжеттік жасау – әлсіздік» тақырыбында ой қозғамақпыз. Олай болса Әлімжеттік жасау – әлсіздік деген сөзді қалай түсінеміз?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

  1. Бейне ролик көрсету арқылы оқушылардың пікірін тыңдау.

1-ші бейнероликте 11 сынып оқушылары 9 сыныпта оқитын оқушыны ұрып өлтіреді.

2-ші бейнероликте қыздар арасында болған жағдай 10 сыныптың оқушысы 7 сынып оқушыларынан әлімжеттік жасап, ақша талап еткен.

Осы екі бейнероликті көріп, өз ойларын ортаға салып талқылайды.

  1. «Қарғысқа ұшыратқан балық» мәтінін тыңдай отырып осы мәтіннің мән-мағынасын ашып, ой түйу. Өз ойларын ортаға салып, талқылау.
  2. Жағдаяттар: «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?»

Деп аталады. Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер де, себебін алдарыңыздағы параққа жазасыздар, егер қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер, себебін тағы параққа жазасыздар. Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересіздер.

1. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.

2. Бір оқушы сыныптасына: «ертең 50 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.

3. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.

4. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын ақтарды. (Оқушылар түсініктеме берген соң заң қызметкерлері заңға сүйене отырып, өз ойын айтады.)

Қорытынды:

Ұлы Абай:

Заман ақыры жастары,

Қысылмас ешбір бастары.

Біріне-бірі қастыққа ,

Қойынына тыққан тастары деп,- жастардың тәртіпсіздігін сынға алып, жаны қиналған еді, заманымыздың тыныштығы, еліміздің ертеңгі болашағы әрқашан өз қолымызда екенін ұмытпайық.


Пікірлер (2)

Мейірбеков жомарт

Өте жақсы. Мұғалім мен ата-ана тығыз байланыста болып жұмыс істесе нәтиже болады деп ойлаймын.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз