Өлең, жыр, ақындар

Денсаулығым-байлығым

Қызылорда  облысы  Қармақшы ауданы

Төретам  кенті  №269  орта  мектептің

денешынықтыру  пәні  мұғалімі

Табынбаева  Жанар  Табынбайқызы

Тақырыбы:  «Денсаулығым-байлығым»

Мақсаты: «Бірінші байлық-денсаулық» «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болу үшін зиянды әрекеттерден-ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктің денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендгін түсіндіре отырып, спортпен белсене шұғылдануына ықпал ету. Салауатты өмір салтына қалыптастыру.

Көрнекілігі: Денсаулық жөніндегі даналық сөздер жазылған плакаттар, жағдаяттық сұрақтар, мақал-мәтелдер, слаидтар.

Кіріспе:

Мұғалім: «Денсаулық-зор байлық» деген сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Адам баласы үшін денсаулықтан  асқан  байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз абзал. Еліміздің қай азаматын болсада өз елінің болашағы алаңдатары сөзсіз. Еліміздің болашағы- бүгінгі бүлдіршіндер. Сондықтан олардың болашақта дені сау азамат болып өсуі еліміз үшін маңызды.

Денсаулық  туралы  сөз қозғағанда  адам  жанының  арашашысы, ақ  халатты  абзал  жан  дәрігерлердің  еңбегін  атап өткеніміз   жөн   болар,   Олар  бар  күш-жігерін  адам  денсаулығын  сақтап  қалуға  жұмсап,  күн-түні   аянбай  еңбек  етуде.

Мінеки, осы мектебіміздің дәрігері Шолпан  Мұсақызы  апайымыз келіп отыр.

Ой қозғау: Денсаулық дегенді қалай түсінесіз?

Жауабы: Спортпен шұғылдану, күн тәртібін жеке бас гигиенасын сақтау, жаман қылықтардан аулақ болу  (маскүнемдік, шылым шегуден, нашақорлықтан). Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1. Оқу ісінің меңгерушісі: Затова Нұргүл

2. Мектебіміздің дәрігері: Шолпан апай

3. Ұзартылған күн тобының тәрбиешісі: Қалиева Балапан апай

Жоспары:

Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу

І-топ. Шымыр тобы

ІІ-топ. Денсаулық тобы

ІІІ-топ. Сымбат тобы

 

І бөлім: Сәлем берем халқыма

          Шарты: Таныстыру, ұраны

ІІ бөлім  Денсаулығыңды  ойласаң

         Шарты: Денсаулыққа зиян келтіретін қандай заттарды білісіңдер. 

 

 

ІІІ бөлім   Денсаулық- зор  байлық

         Шарты: денсаулыққа  байланысты мақал-мәтелдің  жалғасын табу.      

 

ІҮ бөлім  Салауаттылық,  денсалыққа  викториналық сұрақтар.

 

Ү бөлім  Ауырып  ем  іздегенше, ауырмайтын   жол  ізде.                   

       Шарты:  Зиянды  әрекеттер тақырыбында  пікірталас.                                                 

 

І бөлім: Сәлем берем халқыма

 

І-топ. Шымыр тобының  ұраны

                  Шынықсаң  шымыр  боласың,                                                              

                   Сауғып  айдай  толасың.                                                                      

                   Спортты  серік  ете біл                                                         

                   Салауатты  сен  боласың.                        

 

ІІ-топ. Денсаулық тобының  ұраны

                   Денсалық  ол-  күлуің

                   Көңіл- күйің  жадырай

                   Денсаулық  ол- жүруің

                   Ешбір  жерің  ауырмай.

 

ІІІ-топ. Сымбат тобының  ұраны

                  Спорт-біздің  досымыз

                   Күш,  қайраты  сыналған

                  Спорт-біздің   досымыз

                   Бала  кезден   шыңдалған.

 

ІІ бөлім  Денсаулығыңды  ойласаң

І-топ. Шымыр тобы

1-оқушы  Темекінің  шығу  тарихы.  Темекі  Европа мен  Азия  ХҮ ғасырда келген. Алғашқы  кезде  темекі  тіс  ауруына  қарсы  қолданылатын  дәрі  ретінде  пайдаланып  жүрген.

2-оқушы.Темекі  шегуші  адамдар  тек  өзінің  ғана улап қоймай , қасындағы  басқа  адамдарды да уланатыны  белгілі.

3-оқушы.Темекінің  басты  зияндылықтарын  айтар болсақ, олар  төмендегідей  болады.

1. Ерін,тіл  және  өңеш  қатерлі  ісігіне душар болады.

2.Асқазанда  жара  пайда  болады.

3. Жүрек  ауруларына  шалдығады.

4.Тез қартаяды  теріде  әжім  пайда  бола  бастайды.

5. Өкпе мен  көмекей  қатерлі  ісігіне  ұшырайды.

4-оқушы.Жыл  сайын  дүние  жүзінде  темекі  шегудің  салдарынан 4млн  адам  қайтыс  болады  екен.Өлімге алып  баратынын  бірден-бір зиянды  зат  екенін  айтып , әрбір  тал  темекі  адам  өмірін    12 минутқа  қысқартқанын  анықтаған.

5-оқушы.Темекі  тарту  адам  денсаулығына  көп зиян  келтіреді. Адамның  дене  мүшесіне ең  ауыр  әсер  беретіні – никотин. Ол темекі  жапырағының  алкалоиды  майлы  түссіз  немесе  жағымсыз  иісі  және күйдіргі  дәмі  бар  ақшыл  сары  сұйықтық. Никотинге  адам  денесінің  тез  үйреніп  кететіндігінен  оған  уланып  жатқанын  сезбейді.

 

ІІ-топ. Денсаулық тобы

1-оқушы. Алқаголь  - адамның  денсаулығына  қауіпті  жау. Ғалымдардың  айтуына  қарағанда  ішімдік  ішетін  адамдардың  ағызасына  зақымданбаған  ағыза  болмайды  екен. Арақ  ішетін  адамдардың  өмірі  ағызаның  әлсіреуіне, ерте  қартаюға,  өмірінің  қысқа  болуына себеп болады.

2- оқушы.Арақ  ішетін  адамдардың  өмірі  арақ  ішпейтін  адамдардың  өмірінен  15-20 жылға  қысқа  болады  екен. Ол адамның  мина  орталық  жүйке  жүйесіне  зақым  келтіреді. Ми  жасушаларын  өлтіреді. Тіл, бауыр, кеңірдек,  бүйрек  қатерлі  ісігімен  көп  жағыдайда  маскүнемдер  ауырады.

3- оқушы. Ішімдік  ішетін  адамның есту, есте сақтау  қабілеті  төмендеп, күш-жігері  әлсірейді.  Миы  уланып  дұрыс  жұмыс  істемеген  соң денесі  жарақаттайды, жүрісі  бұзылады.

4-оқушы.  Жасөспірімдер  арасында  ішімдік  ішуге  әуестенуге  себеп-өз  жанұясы. Маскүнемдік  жанұяға  әрқашан  үлкен  кедергі  тигізеді. Ішіп  алған  адам  жанұясында  жанжал  шығарып, шырқын  бұзады.

5-оқушы. Маскүнемдікті  дер  кезінде  тоқтатпасаң, айықпас  дертке  ұшырап,  өз   өміріңе  өзің  балта  шабасың !

 

ІІІ-топ. Сымбат тобы

1-оқушы. Нашақорлық- бұл  адамның   көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын  бұзатын  қауіпті тыйым  салынған  химиялық  зат.  Ол  адамның   есін  алып,  құмарлық  желісіне  ұшыратады, нашақор есірткісіз  өмір  сүре  алмайтын  бейшара халге  түседі.

2- оқушы. Нашақор  адам  өзін  өте  жеңіл  сезінеді, өзге  бір   мәселелерді  және  жауапкершілікті  ұмытады.Егерде   нашаны  ары  қарай   қолдана  беретін  болса  адам  денесі  оған  үйреніп  ауыр  улануға  душар  болады.

3-оқушы . Нашақорлар  өздерінің  дене  мүшелерін  ғана  улап  қоймай   жандүниелерін  де   бұзады.  Жұмыс   істеу  қабілеті  нашарлайды,  біртіндеп

 толық     мүгедектікке  айнала  бастайды,  соның  негізінде  жас  кезден-ақ  нашаның   салдарынан  адамды  өлімге  жетелейді.   

4-оқушы.  Жаман  адамдар  сені  қорқытып,  саған  үстемдік  көрсетіп  топқа  қоспаймыз  деп  маған  билік  жүргізгісі  келеді. Ондай  адамға  еруге   болмайды. 

5-оқушы.  Егер де  топтағы  балалар  саған   темекі  берсе,  спирті  сенімен  шықпай « Жоқ»  деп  айт.  Олардың  достығын   жоғалтып  аламын  деп  қорықпа,  өйткені  шын  дос  сені  сыйлайды  және  сенің  шешіміңді қолдайды. 

Сен  мынаны  есіңде  сақта, сен  бұл  өмірге  арақ  ішуге,  темекі  тартуға, нашақор  болуға  келген  жоқсың.

 

ІІІ бөлім   Денсаулық- зор  байлық

Денсаулық туралы мақал - мәтел

І-топ. Шымыр тобы

Ару батпандап кіріп, ........Мысқыдап  шығады.

Жарлының  байлығы,...Деннің  саулығы.

Ауруын  жасырған ..өлед  

ІІ-топ. Денсаулық тобы

Демі  бардың...........         емі  бар.

Ауырып  тұрдың..........Аунап  тұрдың.

Көзің  ауырса.........қолыңды тый, 

Ішің  ауырса..... ....аузыңды  тый.


ІІІ-топ. Сымбат тобы

Жан  ауырса ... ... тән  азады,

Қайғы  басса, ... ...жан  азады.

Жасырғанның  жарасы... ....асқынады.

Ауру  қалса да ,....Әдет  қалмайды.


ІҮ бөлім  Салауаттылық,  денсалыққа  викториналық сұрақтар. арналған 
 

Дені сау   адам  қандай   болады?

Табиғатты   неге   денсаулықтарыңды   қалай  күтесіңдер?

Өз   денсаулықтарыңды    қалай  күтесіңдер?

Денсаулыққа  қажетті   дәрумендерді  қайдан   алуға   болады ?

 Дұрыс   тамақтану  дененді    қайдан   түсінесіңдер ? 

 Қандай   спорттың    түрлерімен   шұғылданасыңдар ?

 

Ү бөлім  Ауырып  ем  іздегенше, ауырмайтын   жол  ізде.  

Бердібек  Соқпақбаевтың  « Менің  атым  Қожа»  шығармасынан  үзінді көрсетіледі. Сол  үзіндідегі   Қожа  мен  Сұлтанның    ролін  сомдау.

 

Жүректен- жүрекке 

Денсаулықтың   достары   

 І-топ. Шымыр тобы

Көңілді   жүру.

Спортпен   шұғылдану.

 

ІІ-топ. Денсаулық тобы

Дұрыс  ұйықтау.

Таза   жүру.

 

ІІІ-топ. Сымбат тобы

Тазалық.

Шынығу.

 

Денсаулықтың  дұшпаны

І-топ. Шымыр тобы

Дұрыс  тамақтанбау.

Зиянды  әрекеттер.

 

ІІ-топ. Денсаулық тобы

Салақтық.

Жалқаулық.

 

ІІІ-топ. Сымбат тобы

Күн  тәрттібін  сақтамау.

Ашушаңдық.

Қорытынды.

Мұғалім: Ұлы  ойшыл  Сократқа кезінде  мынадай  сұрақ  қойылыпты:

«Адамға  өмірде  не  қымбат,  байлық  па, атақ  па?»  деп  Сонда  Сократ «Байлық  та,   атақ та,  даңқ  та  шын  бақытты  ете  алмайды. Дені  сау кедей    ауру  патшадан   бақыттырақ»  деп  жауап   берген   екен,   яғни адам  бақытты  болу   үшін   оған   денсаулық   керек. Алкогольдің, темекінің  зардаптарынан   болатын   өзгерістердің   ішіндегі   ең  елеулілері адамның   ақыл-ойы   мен  санамыздың   бұзылуынан   сақтанайық, жас  ұрпақ ! Адам  азбасын,   ұлтымыз  тозбасын !


Пікірлер (5)

керемет сайт маган унады

Керемет

Асан Имашев

Сайтта қажетті материалдар жетерлік. Рахмет.

Жанна Абдешова

Заман талабына сай. өте құнды материалдар жарияланатын шығармашылықты дәріптейтін қазақша сайт. Сіздер үшін өте қуаныштымын. Осындай қазақ тілді сайттар көбейе берсін! Шығармашылық табыс тілеймін.

Улдана

Сайтта өзіне қажетті мәліметтерді табу оте оңай. Көп рақмет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз