Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Кәукей ауылы
№225 орта мектеп жанындағы
«Қыр бөбегі» шағын орталығының
тәрбиешісі: Сұлтанова Кәмшат
Тақырыбы: Сүйкімді сұлу қыздар
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Музыка әуенімен жүргізуші залға кіреді.
Жүргізуші: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Хор: «Анаға сәлем»
Жүргізуші: Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер, сүйкімді қыздар және тәрбиеші апайлар! Көктемнің алғашқы айы, қар астынан бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысыдай болып бүршік атады. Біздің асыл қыздарымыз қанша нәзік болса да, барлық қиындық атаулыға төзімді. Құрметті ару қыздарымыз алғашқы көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын. «Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата-бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз.
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен
Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
Он екі мен он сегіз жасыменен,- дегендей, аналарымыз мәпелеп, үкі тағып, үлбіретіп өсірген Қыз Жібек, Баян, Айман - Шолпандар, Айша бибі сұлулықтың пірі емес пе?! Халқымыз қыз сұлулығына ерекше мән берген.
Бүгін сіздер балабақшамыздағы бүлдіршін қыздарымыздың, асыға күткен «Сүйкімді сұлу қыздар» атты сайысына тамашалауға қош келдіңіздер!
Емен жарқын болайық.
Көңіл сарайларыңыз ашылсын,
Күлкілеріңізден інжу-маржан шашылсын!
Осы сайысымызды ашу үшін шағын орталығыныңәдіскері Бақыткүл апайымызға сөз береміз.
Жүргізуші: Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Сенен өскен балалар.
Сенен өскен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар! -дей келе сайысқақатысушы қыздарымызды алдарыңызға шақырамыз.
Жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдып басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.
Жүргізуші: Ендеше сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін.
Сайыстың бағдарламасымен таныстыру.
Жүргізуші: Әділ қазылар алқасын таныстыру.
Ал, халайық ықыласпен демелік,
Қыздарымыздың бүгінгі сайыстарын көрелік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік,- деп бүгінгі сайысымыздың бағасын берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар. Бүгінгі сайысқа қатысушы қыздарымызға қазылық етуші ер балалардың ата-аналарын сайлағалы тұрмыз.
Би: «Көктем»
Музыка әуенімен билеп ортаға шақыру.
Жүргізуші:
Армысыздар қадірменді асыл халқым.
Арта берсін абырой атақ даңқын.
Қарсы алайық құрметтеп қыздарымызды,
Ұстаған қазағымның ата-салтын.
Олай болса, қол соғып қошеметтеп сүйкімді қыздарымызды таныстырып өтейін.
Таныстыру.
1. Ән айтып, би де билейтін,
Еркетай қызымыз өнерлі.
2. Мерей қызымыз елгезек,
Алады тез тіліңді.
3. Нұрай қыз тұр үлбіреп,
Көз жанары мөлдіреп.
4. Кәусар қызымыз шығады,
Бұрымдары желбіреп.
5. Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
Аяна қыз қатарынан қалмаған.
Жүргізуші: Кішкене арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен танысуға-дей отырып сайысымыздың бірінші бөлімі «Таныстырсам тегімді» бойынша қыздарымыз өздерін таныстырады (әнмен, қара сөзбен, музыкалық аспаптың сүймелдеумен).
Жүргізуші: Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық. Қандай жағдайда да "құдайы қонақпын" деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, қолдағы барымен дегендей, шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын.
Ендеше, екінші бөлім– ас мәзірі «Аспаз мектебі»-деп аталады (түрлі жемістерден салат түрлерінен гүлдер бейнесін бейнелеп жасап көрсету)
Құрметті аналар сіздерге деген ұл-қыздарымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Ақан: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым.
Нұрали: Ана дейміз бірімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазақ алтын бақ.
Дәурен: Алтын анам ол менің,
Мені жақсы көреді.
Үйретеді өлеңін,
Ертегі айтып береді.
Нурсая: Мен анамды жақсы көремін,
Айтқан сөзін тыңдап жүремін.
Қасымда анам жүргенде,
Шаттанып ойнап жүремін.
Ән: «Анамызға көмек» әнімен бір топ ұл балаларымызды ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Көрсетемін күллі елді,
Жарық етем түндерді.
Өсіріп мен сыйлаймын,
Жұрт көрмеген гүлдерді- дей отырып үшінші бөлім қол өнері «Он саусақ»-деп аталады (шардан гүл жасап аналар мен апайларына сыйлау).
Жүргізуші:
Думандатып бала-бақшаны,
Қызықты той бастайық.
Келіңдер енді бірігіп,
Тақпақ айтып тастайық.
Тағыда балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Нұртас:
Баланыңда тірегі,
Дананыңда тірегі.
Шаншымасын еш қашан,
Аналардың жүрегі.
Ақмаржан:
Мейрімді сымбатты,
Қадірменді қымбатты.
Ең жақын жан балаға,
Кім десеңдер ол Ана!
Нұрислам:
Өскенде мен енді,
Аралаймын әлемді.
Сыйлық әкеп әжеме,
Таң қалдырам бар елді.
Өте жақсы көремін,
Өйткені мен әжемді.
Ринат:
Менің әжем ақ әжем,
Ұлмен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып берер тағы әжем.
Жүргізуіші:
Ал қалайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділетпен бағаларын берейік.-дей келе төртінші бөлім «Қыздарға әсемдік жарасады» атты сән үлгісіне береміз (ананың көмегімен әр түрлі шаш үлгісі мен киім түрлерін көрсету).
Ән: «Ата-анаға көз қуаныш» әнімен тағыда ұл балаларымызды шақырамыз.
Жүргізші:
Жадырап келді, міне нұрлы көктем,
Көңілдерге құлпыртып гүлін еккен!
Ендеше дәл бүгінгі мерекемен,
Құттықтаймыз сіздерді шын жүректен!-дей келесі құттықтау сөз кезегін ата-аналарға беріледі.
Сіздердің құрметтеріңізге арнап Жолдасбай Айсұлтанды «Анашым» әнімен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Ер балаларымыздың мерекемен құттықтағысы келіп отыр. Ендеше құттықтау сөзін Жанай Сұлтанай мен Әбиев Нұрисламды ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Осымен сайысты бұл тамамдасақ
Тағы да жарысамыз аман болсақ!
Сөз береміз әділ қазы алқасына,
Әр арудың білімдерін сараласақ!
Әділқазылар алқасы дайын болса,сөз кезегі сіздерде.
Жүргізуші: Аналарымыз әрқашан қасымызда болсын. Еліміз тыныш, күніміз ашық болсын!!! Қош сау болыңыздар!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі