Өлең, жыр, ақындар

Мейірімді, кеңпейілді тәрбиеші

Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебінің

жанынан ашылған «Балдырған» шағын орталығының

Әдіскері: Абылхасимова Майгуль Айтмукашевна

 

Мақсаты: Тәрбиешілердің кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық  қабілеттерін жетілдіру, теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіптік құзыреттіліктерін нығайту. Ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу.                     

Сәлеметсіздер ме, құрметті мерекелік кештің қонақтары, әріптестер!

«Мейірімді, кеңпейілді тәрбиеші» сайысына қош келдіңіздер!

Сайыстың аты айтып тұрғандай бақыттарын кішкентай бүлдіршіндердің күлкісінен, тіпті тілінен тапқан, анасындай әлдилеп, маңдайынан сипайтын, шағын орталық тәрбиешілері сіздерге жемісті еңбектерінің  нәтижесін көрсетпек.

Сайыстың басты мақсаты тәрбиешілердің талапшыл, жаңашыл, ізденімпаз екендіктерін көрсету.

Ендігі кезекте сайыста әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық. (Әділқазылар алқасымен таныстырылады).

Оқу мен тәрбиені ұштастырған,

Білімнің ұшқыр болсын табыстары.

Қол соғып, қошеметтеп отырайық,

Тәрбиешілер бүгін, міне, сайысады.

–дегендей сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

Нөмірлерін алдыру

Сайыс кезеңдері:

1- кезең  Ал, қанекей, танысайық!

2-кезең   Қазіргі заманғы тәрбиеші моделі

3-кезең   Көрермендермен ойын

4-кезең   Ертегіні сахналау (Бір ертегіні әр түрлі әдіс-тәсілмен көрсету)

5-кезең   “Өнерлі өрге жүзеді”

1 бөлім: Ал, қанеки, танысайық.

Бәйге десе жарысудан қашпайық,

Ойланайық, асықпайық, саспайық.

Ал, бірінші сайыс шарты бойынша,

Өзімізді таныстыра бастайық- деп бірінші шартымыз бойынша таныстыруға кезек берелік.

2 бөлім: Қазіргі заманғы тәрбиеші моделі.

Үйретеді ойнатып, ойландырып,

Жамандықты тастайды артқа ысырып.

Жақсылық жолдарын жарық қылып,

Жүрсін дейді ел сүйсінер адамзат болып- дей келе, сайыстың бұл шартында сайыскерлер өздерінің дайындап келген қазіргі заманғы тәрбиеші моделі туралы ойларымен, жұмыстарымен таныстырады.

3 бөлім: Көрермендермен ойын

Сабақта қолданылатын ойын түрлерін көрермендермен ойнап көрсетеді.

4 бөлім: Ертегіні сахналау.

Бұл бөлімде тәрбиешілерге бір ертегі беріледі соны әр түрлі ідіс-тәсілдермен көрсетеді.

5 бөлім: «Өнерлі өрге жүзеді»

Әр тәрбиеші өз өнерлерін ортаға салады.

Осымен сайысымыз аяқталды. Келесі сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Болашақтың базары да, келешектің кемеңгері де балалар емеспе, олай болса баланың ой –өрісін дамытуға және де олардың қиялына қанат бітіретін балабақша тәрбиешілерінің сіңірер еңбегі орасан зор.

 Марапаттау

                1 -  «Мейірімді, кең пейілді тәрбиеші»

                2 -  Ізденімпаз тәрбиеші

                3 -  Талантты тәрбиеші

                4 -  Шебер тәрбиеші 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз