Төртбұрыш
Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебінің жанынан ашылған
«Балдырған» шағын орталығындағы
«Бүлдіршін» тобының тәрбиешісі: Слямахметова Жайнар Асылбековна
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Математика
Оқу іс–әрекетінің тақырыбы: Төртбұрыш
Оқу іс–әрекетінің мақсаты: Балалардың ой – өрісін кеңейту, төртбұрыш түсінігмен таныстыру. Төртбұрыштың жасалу жолдарын көрсету. Балалардың ойлау, көріп – тану зейінін, есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту.
Көрнекіліктері: үлгі пішіндер, үлестірмелі материалдар, тақта, жіп, суреттер.
Әдіс – тәслдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын – ойнату, мадақтау.
Оқу іс – әрекетінің барысы:
Шаттық шеңбері: Қайырлы таң, Алтын күн!
Қайырлы таң, Көк аспан!
Қайырлы таң, Жер ана!
Қайырлы таң Апайлар!
Қайырлы таң, достарым!
- Көңіл күйлерің қалай балалар?
- Өте жақсы, осындай тамаша көңіл–күймен оқу іс–әрекетімізді бастайық.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Балалар, бүгін желтоқсан айының он төрті, аптаның бірінші күні дүйсенбі, қазіргі болатын оқу іс-әрекетіміз математика.
- Балалар, қазір біз бір ойын ойнайық, ойынымыздың аты «Өз үйіңді тап» деп аталады.
- Қане, мына пішіндерге өз үйлеріне, яғни орындарын тауып беріңдерші. (Балаларға үлестірмелі матариалдарды таратып беремін)
- Өте жақсы, балалар! Енді бәріміз бірге отырып орындайық.
- Балалар мынау қандай пішін?
- Неше бұрышыбар, қане санайықшы?
- Үшбұрышты неге ұқсатамыз?
- Иә, дұрыс айтасыңдар үйдің шатыры үшбұрышқа ұқсайды екен.
- Қане, енді үшбұрышты өз үйіне, яғни өз орнына орналастырайық, қане кім орналастырып береді?
- Өте жақсы, енді мына бір пішінге назар аударайық. Бұл пішіннің бұрышы барма екен?
- Қане домалатып көрейік бұл пішін ешқандай бұрышы болмағандықтан кедергісіз дөңгелейді екен, иә.
- Сонымен бұл қандай пішін деп аталады?
- Өте жақсы дөңгелек екен, дөңгелектің түсі қандай?
- Осы дөңгелекке ұқсас заттарды атап беріңдерші?
- Өтк жақсы балалар, енді дөңгелекті өз орнына, өз үйіне кім орналастырады?
- Енді балалармынау қандай пішін?
- Өте дұрыс сопақшада бұрыш барма екен?
- Сопақшаға не ұқсайды?
- Балалар, біздің келесі орналастыратын пішінімізге назар аударайық.
- Мынау қандай пішін?
- Өте жақсы балалар, біздің бүгінгі танысатын тақырыбымыз төртбұрыш деп аталады.
Жаңа сабақ:
- Төртбұрыш балалар өзінің аты айтып тұрғандай төртбұрышы болады екен.
- Қане санайықшы.
- Балалар, біздің бөлмемізден осы төртбұрышқа ұқсас заттар табылама екен, қане қарап көрейікші.
- Балалар мына суретке қараңдаршы міне, мына суреттен нені көріп тұрмыз.
- Үйдің денесі қандай пішінге ұқсайды?
- Қане теледидарға назар аударайық.
- Өте дұрыс теледидардың пішіні де төртбұрышқа ұқсас екен иә, балалар.
- Жарайсыңдар балалар, енді шаршаған боларсыңдар, сергіту сәтінжасап, бір сергіп алайықшы.
Сергіту сәті: Төртбұрышты қолданып
Үшбұрышты қолданып
Үй жасаймыз көріңіз
Жаңа қоныс, жаңа үйге
Қуанышпенен кіріңіз
- Өте жақсы балалар енді танысқан төртбұрышымызды өзіміз жасап көрейік. Қане төрт бала бері қарай келе қойыңдаршы. Менің қолымда жіп бар, осы жіптен төртбұрыш жасап көрейік.
- Міне балалар, жаңағы төрт бала төртбұрыш пішіннің төрт бұрышы болды.
- Өте жақсы балалар,енді өз орындарыңа отырып мына таяқшалардан әр түрлі пішіндер жасап көріңдерші.
(Балалар өз беттерімен жұмыс жасайды аралап қарап шығамын).
- Өте жақсы балалар, барлықтарың пішіндерді жақсы жасай аласыңдар екен.
Қорытынды:
- Балалар сендердің тағыда бір ойын ойнағыларың келеді ме?
- Олай болса балалар біз қазір «Сиқырлы пішіндер» ойынын ойнайық.
- Балалар, мына менің қолымдағы қорапшаға қараңдаршы, бұл қорапша сиқырлы екен. Бұл қорапшаның ішінде сиқырлы пішіндер бар, егер сендер сол пішіндерден әр түрлі заттар құрастыра аласыңдар, қорапша ішінен сендер үшін арнайы сыйлық шығады.
- Қане, кім пішіндерден әр түрлі заттар құрастыра алады екен. (Балалар пішіндерден шырша, үй, машина, аққала т.с.с жасайды).
- Өте жақсы балалар.
- Саят сен не құрастырдың?
- Шыршаны қандай пішіндерден құрастырдың? Шыршаның түсі қандай?
- Өте жақсы.
- Мирас сенне құрастырдың?
- Үйді қандай пішіндерден құрастырдың?
- Нұрлытаң сен не құрастырдың?
- Машинаны ұандай пішіндерден құрастырдың?
- Өте жақсы балалар пішіндеріміз шынымен де сиқырлы екен иә, себебі сендер ол пішіндерден әр түрлі заттар құрастыра аласыңдар, енді сиқырлы қорапша сендерге өз сыйлығын береді.
- Балалар, сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
- Өте жақсы, сендердің сабаққа үнемі осылай тыңғылықты қатысуларыңа мен де тілектеспін. Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі