№105 Мукуми атындағы
жалпы орта мектебінің
қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің
мұғалімі Бәкір Индира Абдығаниқызы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тіл дыбыстарын, дауысты дыбыстардың жіктелуін және дауыссыз дыбыстардың жіктелуін, тілмен жақтың қатысуы туралы алған білімдерін пысықтап, жаттығулар орындау.
Дамытушылық: Сауатты жазу дағдысын қалыптастыру, сан есімдерді, тіл дыбыстарды ойын арқылы баланың ойшапшаңдығын жетілдіріп, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқушы нені меңгереді:Тіл дыбыстары жайлы алған білімдерін тереңдетеді.
Көрнекілігі: тест, кесте, қанатты сөздер, сөзжұмбақ.
Сабақтың әдісі: «Ой қозғау», түсіндіру, жауап алу, талдау, ойын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Ой қозғау» кезеңі. «Сөз жұмбақ»
ІІІ. Жаңа сабақ
Ойын. «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
ІV. Сабақты пысықтау.
Фонетикалық жаттығу орындату.
V. Оқушыны бағалау.
VI. Үйге тапсырма беру.
VIІ. Қорытынды.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Психологиялық дайындық)-
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
- Міне балалар, өзіміздің қазақ тілі, туған тіліміз, яғни мемлекеттік тіл - қазақ тілі сабағы.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген жаттығуды тексеріп, лексикадан өткенді қайталауды және ережені сұрау арқылы сабақты бекітемін.
«Ой қозғау» кезеңі «Сөзжұмбақ» шешу.
- Қанеки, балалар, тақтадағы тұрған сөзжұмбақты бірлесе отырып шешейікші.
1. Дөрекі сөз деген не?
2. Сұлу, әдемі, көркем, қандай сөздер?
3. Ас атасы -....(мақал).
4. Сөз байлығын, дамуын зерттейтін ғылым?
5. Қазақстан ғарышкері-....
6. Жеті қазынаның бірі-....
7. Қолданыстан шыққан сөз (садақ, найза).
8. Құдағи, құдағай сөзі қандай сөз?
ІІІ. Жаңа сабақ. «Фонетика».
Тілдегі дыбыстар жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласын фонетика дейміз.
Фонетика (гректің фоне - дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзінен алынған) тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, дыбыстардың жіктелуін, жазылу емлесін, дыбыстардың заңдылықтарын, үнделуін, буын түрлері мен құрамын, тасымал, екпін, орфография, орфоэпия жайлы заңдылықтарды зерттейді.
Қазақ тілінде 42әріп, 38 дыбыс бар екенін білеміз.
Қазақ тіліндегі дауыстар қатарына қарай үлкен екі топқа бөліп қарастырады:
Дауысты дыбыстар 12, олар: а,ә,е,э,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,у.
Дауыссыз дыбыстар 26, олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,п,р,с,т,у,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін 9 әріп бар. Олар:ә,ғ,қ,ң,ө,ұ,ү,һ,і.
Қалғандары – орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер.
Алайда, қоғамдағы әр түрлі саяси – әлеуметтік өзгерістерге байланысты қазақ халқы араб әліпбиінен 1929 жылы латынға, ал 1940жылдан бастап орыс әліпбиіне көшті.
Балалар, фонетика жайлы өткен сыныптарда таныспыз. Сондықтан алған білімімізді пысықтап еске түсіре отырып әріптерден жаттығу жұмыстарын ойнасақ.
1) Өзіндік жұмыс.
Осы құпия сөзді дұрыс шешкенде, М.Әуезовтің сөзін оқи аласыздар. Қане кім жылдам екен?
Сұрақ: М.Әуезов кім? Қандай шығармасын білесің?
Дұрыс жауабы: Күшіңе сенбе,
Адал ісіңе сен. (М.Әуезов).
1. Сөз және оның мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласын тап.
а) Морфология в) грамматика д) лексика
б) синтаксис г) этимология
2. Сөздің тура мағынасын тап.
а) Арман мені таныдыда, атының тізгінін бұрды.
б) Той тізгінін ұстау асабаға берілді.
в) Кедейлерге тізгін тиіпті.
г) Жатқан тізгін бермеңіз.
д) Ашуға аздап тізгін берейік.
3. Көнерген сөзді тап.
а) Қосу, азайту
б) әдебиет, дәптер
в) кітап, қалам
г) болыс, садақ
д) бекет, аялдама
4. Көп мағынаға ие болатын сөзді тап.
Иненің көзінен жіпті өткізе алмадым.
а)Көзінен в) өткізе д) алмадым
б) иненің г) жіпті
5. Тұрақты сөз тіркесін тап.
а) Қызыға қарау в) әдепті оқушы д) қас пен көздің арасында
б) ерігу-еріну г) есіктің тұтқасы
6. Табу сөзді тап.
а) Ит-құс в) кітап д) бала
б) найзағай г) нүкте
7. Диалект сөзді тап.
а) Сым в) халық д) қолғап
б) қазақ тілі г) шымылдық
8. Антонимді тап.
а) Бала-қыз в) пальто, тон д) дәптер-қалам
б) жаз-күз г) алма-алмұрт
Екі топқа бөлініп сұрақ қою, әріптерден келетін сөз табу.
І топ «Ақ шағала»
Топ ұраны: Ұмтыламыз алға,
Шағаладай ұшуға...
ІІ-топ «Атамекен»
Топ ұраны: «Отанды сүй,
Қорға да күй».
«Қ» әрпінен келетін, басталатын сөздерді айту.
1. Ұлдың аты
2. Қаланың аты
3. Сан
4. Төл
«Ә» әрпінен басталатын сөздер
1. Қыздың аты
2. Терезеге не салады
3. Оқушының алғашқы оқулығы
4. Үй құсы
«Ө» әрпінен басталатын сөздер
1.Оқушының құралы
2. Жеміс
3. Ұлт өкілі
4. Жәндік
«Ғ» әрпінен басталатын сөздер
1. Ұлдың аты
2. Ғарышкерлер қайда ұшады
3. Здание сөзінің қазақша аудармасы
4. Қыздың аты
IV. Оқушыны бағалау.
V. Сабақты пысықтау, қорытындылау.
VI. Үйге тапсырма беру.
Ереже жаттау. 234-жаттығу. 99-бет.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі