Жакиянова Асел Бейсембековна,
Алматы облысы, Көксу ауданы,
Мектепке дейінгі шағын орталығы бар
Мұқаншы орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Қысқа мерзімді жоспар
Информатика, жаратылыстану-математикалық бағыт, 11-сынып
Сабақтың тақырыбы |
Web-беттеріндегі гиперсілтемелер |
|
Сілтеме |
Информатика, 11-сынып. Оқулық. Әдістемелік құрал. Практикум. Н.Ермеков, В.Криворучко, С.Ноғайбаланова, Алматы: Жазушы, 2011 |
|
Жалпы мақсаты |
Оқушыларға гиперсілтемелермен жұмыс жасай алу үшін бағыт-бағдар беру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айтуға дағдыландыру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру |
|
Түйінді идеялар |
Гиперсілтемелерге қолданылатын командаларды білу; Гиперсілтемелермен жұмыс істеу. |
|
Күтілетін нәтиже |
Оқушылар гиперсілтемелермен жұмыс жасай алатын болады; Тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана біледі; Теориялық білімдерін практикада қолдану дағдысы қалыптасады; Информатикалық терминдік тілде сөйлеу қабілеттері дамиды; Жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады. |
|
Сабақтың түрі |
Практика элементі бар жаңа сабақ |
|
Әдіс-тәсілдер |
Блум таксономиясы, АКТ |
|
Сабақтың барысы |
||
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі |
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру |
Сәлемдеседі, кезекші сынып туралы мәлімет береді, сабаққа дайындалып отырады. |
Білу |
1-тапсырма. Оқулықты пайдаланып, сұраққа жауап жаз:
|
|
Түсіну |
2-тапсырма. Суреттерде көрсетілген іс-әрекетті түсіндір:
|
|
Қолдану |
3-тапсырма. Төменде берілген практикалық жұмысты компьютерде орында:
|
1. 2. |
Талдау |
4-тапсырма. Объектінің басқа нысанға гиперсілтеме ретінде қолданылатынын қайдан білесің? |
Объект, егер мәтіндік гиперсілтеме болса, онда оның асты әдетте көк сызықпен сызылады және объектіге тышқан нұсқағышын апарғанда пішіні алақан түріне өзгереді. |
Жинақтау |
5-тапсырма. «Гиперсілтеме» сөзіне 5 жолдан тұратын синквейн құра. |
Гиперсілтеме Ыңғайлы, қажетті Байланыстырады, ауысады, өзгереді Веб-сайт беттерін құруға көмектеседі Интернет |
Бағалау |
6-тапсырма. «Веб-беттеріндегі гиперсілтемелердің атқаратын рөлі қандай?» тақырыбына 5 сөйлемнен тұратын өз пікіріңді жаз. |
Әр оқушы өз пікірін эссе түрінде жазады. |
Қорытынды |
Оқушыларды берілген 6-тапсырма бойынша жинақтық бағалау |
Тапсырмаларды дұрыс орындағандарына байланысты бағаланады. |
Үйге тапсырма |
Өтілген тақырып бойынша шығармашылық жұмыс |
сарвиноз
гиперсілтеменің басқада түрлері барма