Өлең, жыр, ақындар

"Сөз маржан" интеллектуалдық сайысы

БҚО, Теректі ауданы

Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Кисымова Актолкын Галымжановна

 

 

Жүргізуші:

Тілімде менің-

Бабамның батырлығы да,

Махамбет пен Абайдың ақындығы да.

Дүниеге келе,

Айқайды салған іңгәләп,

Тілімде менің - Сәбидің батылдығы да, - демекші , тіл-әр халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті құралы. 
- Тілді әр уақытта аялай, шұбарламай таза күйінде мұра етіп, қалдыру-біздің борышымыз.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар,-дей келе, «Сөз маржан» атты сайысымызды бастайық.

  • Сайысқа 6,7,8,9-сыныптардан құралған 4 топ қатысады. Сайыс басталмас бұрын топқа бөліп, топтастырып алған болатынбыз. Ендеше

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты
Білім мен тапқырлықты бағалайтын
Әділ-қазылар алқасы әділ, мықты, - деп бүгінгі ойынымыздың сарапшыларымен таныс болыңыздар.

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шың жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді,- деген Төле бидің сөзімен сайысымыздың кезеңдерімен таныстырайын. Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең: «Мықты болсаң тауып көр»

Екінші кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр»

Үшінші кезең. «Ойлы болсаң,озып көр»

Төртінші кезең «Адасқан тіркестер»

Бесінші кезең «Әдеби әлемге саяхат». Әр дұрыс толық жауап үшін 5 балл, толық емес жауап – 3 ұпай

 

Бірінші кезең - «Мықты болсаң тауып көр» деп аталады.

«Мықты болсаң озып көр» кезеңінде      

Тапсырмаларға жауап беру, кезекпен орындалады. Егер жауап дұрыс болмаса, келесі топқа кезек беріледі.Ендеше алғашқы тапсырманы орындау үшін назарымызды экранға аударайық:


1.

Бас

 

Суытты

 

жауабы: аяқ суытты.

мағ: біраз демалды, тынықты

Қол 

Аяқ

Мойын

 

2.

Аспан

Қаптырды

жауабы: жер қаптырды 

мағ: алдап соқты «қап» дегізді.

Өзен

Жер

Тау

 

3.

   1. қант

 

 

                      таңдай

 

 

 

Жауабы: бал таңдай

 

   2. науат

   3. бал

   4. кәмпит

 

4.

   1. ыстық

 

алды

        

 

жауабы: суық қарсы алды

мағ.: қабағын түйіп қарсы алды

 

   2. суық

   3. аптап

   4. аяз

 

5.

   1. ақ

 

 

 

       төндіру

 

 

 

жауабы: қара аспанды төндіру

мағ.:

 

 

   2. қара

   3. ала

   4. сары

 

6.

1. сиыр

 

 

ала қашты

жауабы: ат тонын ала қашты         

мағ: басын алып қашты

2. ит

3. ат

4.ешкі

 

7.

   1. қол

 

 

 

  аққа тиді  

 

 

 

 

жауабы: аузы аққа тиді

мағ.:

   2. ауыз

   3. аяқ

   4. арқа

 

8.

Бас

 

орды

 

жауабы: аузымен орақ орды

мағ:

Қол 

Аяқ

ауыз

Бірінші кезеңнің ұпайларын сұрайық (әділқазылар әр топтың ұпайларын айтады).

    

 2. Екінші кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр»  деп аталады.

Халқымыз сөз өнеріне ұқыпты қарап, сөйлеу тілінде мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді көп қолдана білген.Сіздерге мақал-мәтел құрастыру тапсырылады. Онда 7 тапсырма қамтылған. Дайын болсақ бастайық

1.

Сөз    

 

 

Мін

 

жауабы: сын түзелмей, мін түзелмейді.

 

Дыбыс

Дауыс

Сын

 

2.

Әже  

 

 

Қыз

 

 

жауабы: анаға қарап қыз өсер,

атаға қарап ұл өсер

Ана

Жеңге

Сіңлі

  

 

 

 

 

 

 

3.

тон

 

 

 

келте

 

 

 

жауабы: кеңеспен пішкен тон келте болмас

шапан

көйлек

жемпір

4.

 ит

басқа

 

жауабы: әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа

қой

ат

түйе

 

5.

аға

алмайды

 

жауабы: досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды

дос

апа

әке

6.

қол

өткір

 

жауабы:  тіл қылыштан да өткір

аяқ

тіл

арқа

 

 

 

 

 

 

 

7.

тіл

бай

 

жауабы: жері байдың елі бай

жер

өзі

мал

 

 

 

 

 

 

 

Екінші кезеңімізде аяқталып қалды, ендеше әділқазылардан бірінші кезеңнің ұпайларын сұрайық (әділқазылар әр топтың ұпайларын айтады).

3.Үшінші кезең. «Ойлы болсаң,озып көр» деп аталады .Бұл кезеңде 5 көнерген сөздер жасырылады. Сол көнерген сөздердің мағынасын ашу керек.

  1 .         мата

жөргемеш

   2         ыдыс

   3.        тағам

   4.         сусын

Дұрыс жауабы:  тағам

 

   1         ай аты

 

дүрия

 

   2         жыл аты

   3.        мата аты

   4.        ыдыс-аяқ аты

Дұрыс жауабы:  мата аты

 

   1         мата аты

әбдіре

   2         үлкен сандық

   3.        үлкен қазан

   4.        қолдан тоқылған алаша

Дұрыс жауабы:  үлкен сандық

 

   1        тамақ атауы

ақ берен

   2         киім атауы

   3.        мылтық атауы

   4.        мата атауы

Дұрыс жауабы:  мылтық атауы

 

   1       тағам   

доғал

   2.     дәрі

   3     тұрмыс құралы

   4.     қару

Дұрыс жауабы:  құс атуға арналған жебе

 

Әділқазылардан бірінші кезеңнің ұпайларын сұрайық (әділқазылар әр топтың ұпайларын айтады).

 

4. Төртінші кезең «Адасқан тіркестер» деп аталады. Бұл кезеңде 3 тапсырма беріледі, яғни тіркестерді дұрыс тауып, орналастыру керек.

   1          қыс

 

 

түсті, туды, келді, шықты

 

              

   2         жаз

   3.        күз

   4.        көктем

Дұрыс жауабы:  қыс келді, жаз шықты, көктем туды, күз түсті

 

   1          түйе

 

  

    мөңірейді, маңырайды, боздайды, кісінейді  

 

              

   2         қой

   3.       жылқы

   4.        сиыр

Дұрыс жауабы:  түйе боздайды, қой маңырайды, жылқы кісінейді, сиыр мөңірейді.

 

   1          аққу

 

  

       қарқылдайды, сұңқылдайды,

       қаңқылдайды, шиқылдайды

 

              

   2         торғай

   3         қарға

   4.        қаз

Дұрыс жауабы:  аққу сұңқылдайды, торғай шиқылдайды, қарға қарқылдайды, қаз қаңқылдайды

 

   1          өлең

 

  

     айтты, оқыды, жырлады, шырқады

 

              

   2         ән

   3         жыр

   4.        тақпақ

Дұрыс жауабы:  өлең оқыды, ән шырқады, жыр жырлады, тақпақ айтты.

 

«Адасқан тіркестер» кезеңі бойынша  әділқазылардан бірінші кезеңнің ұпайларын сұрайық (әділқазылар әр топтың ұпайларын айтады).

5. Бесінші кезең «Әдеби әлемге саяхат» деп аталады. Төменгі сыныптарда өткен тақырыптардан үзінді беріледі. Сол үзінді қай шығармадан алынғанын және авторын табу керек.

Ендеше экранға назар аударайық. Бесінші кезеңнің  бірінші тапсырмасы:

       1. «Ол ән салса  өз-өзін  ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі, оның даусы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады. Ол әннің әр  нақысын  ұғады, әнді ғана  сүйеді. Ол тәтті үнге, топқа бола жаралған адам».

Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі Әмірхан бейнесі.

 

2. –Бұл кім?

- Мен ғой, ата. Мен  ............

- Мұнда неғып отырсын?

- Педсоветке келдім.

- Онда сенің не шаруаң бар:

- Мен жөнінде мәселе қозғап жатыр.

- Мәселе, қандай мәселе? Сені мұғалім етеміз дей ме?

- Директор етеміз дейді.

Б.Соқпақбаевтың шығармасындағы Қожамен әңгімелесіп тұрған Сәйбек қарт

 

3. –Менің  атым-әйел,  мына  қыздың   анасымын! Бәрің  де  анадан  тудыңдар! Анамен  алыспайды  да,атыспайды  да.Нең  бар  еді  менің  жалғызымда?Кел, ботам, өзіме!

      Ғ.Мүсіреповтың  «Ананың  анасы»  әңгімесіндегі  ананың  сөзі.

       4. Зытып келем, зытып келем. Артыма  қарай-қарай  зытам...Зытып келе жатқаным-қашып келемін, артыма қарай беретінім қорқып  келемін...

Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Қайроштың сөзі.

«Қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің»,-деп Қ.Жұмаділов айтқандай біз бақытты ұрпақпыз. Ана тілімізді ардақтайық ағайын. Елеміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай.

 


Пікірлер (2)

Руза Жадігерқызы

Маған ұнады жинақы,түсінікті

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер