Оңтүстік-Қазақстан политехникалық колледж
Арнайы пәндер оқытушы
Убайдуллаева Индира Медетханқызы
«Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәні бойынша ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі
Сабақтың тақырыбы: БҚ қосымшаларын құруға арналған компоненттер
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Берілгендер қоры қосымшаларын құруға арналған компоненттермен танысу, компоненттердің қасиеттерін, қызметтерін меңгеру. Программалау барысында қолдана алу.
Дамытушылық: Студенттердің сабаққа деген және өз мамандықтарына деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Студенттерді өзара сыйластыққа және үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі аралас сабақ
Көрнекі құралдар: SMART Board электронды интерактивті тақтасы, дербес компьютер, «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәні бойынша электронды оқулық, әдістемелік нұсқау (пән бойынша оқу құралы).
Пән аралық байланыс: Жүйелік бағдарламалау, Өндірістік және экономикалық процестерді математикалық модельдеу, Объектілі бағытты бағдарламалау негіздері.
САБАҚТЫҢ ЖҮРУ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру сәті ( 2 мин.): Топты ұйымдастыру, түгелдеу, аудиторияны сабаққа дайындау, студенттердің назарын аударту
2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру: білімді бақылауды ұйымдастыру ( 15 мин.)
Өткен сабақтарды қайта жаңғырту, еске түсіру:
Бағдарламалаудан терминдік диктант
Тестілеу – тестілеу бағдарлама арқылы
Үйге берілген тапсырма бойынша презентацияларды Смарт-тақтада көрсету
3. Жаңа сабақты түсіндіру ( 35 мин.). БҚ қосымшаларын құруға арналған компоненттер бөлімің электрондық оқұлықтан теориялық және практикалық түрінде түсіндіру
BDE технологиясы бойынша БҚ құру компоненттері
Table компоненті.
Table (Кесте) компоненті BDE жапсырмасында орналасқан. Оның мақсаты кез келген БҚ кестесiне қол жеткiзу.
Компонент қасиеттері:
DatabaseName – кесте сақталған берiлгендер қоры атауы (алиасы). Қасиет мәні мәндер тiзiмдерiнен (6) таңдалуы тиiс.
TableName – кесте атауы. Кесте атауы алиас орнатылғаннан соң тiзiмдерiнен (6) таңдалуы тиiс.
Active – кестені белсенді ету (True) және етпеу (False).
Программа бойынша кестенi жабудың баламалы екi әдiсi бар:
мұндағы Active – қасиет, Close – әдiс.
Кестенi ашу әдiсi: Table1.Active := True;
DataSource компоненті.
DataSource (берiлгендер көзi) компоненті Data Access жапсырмасында орналасқан. DataSet (Берiлгендер жиынтығы) қасиетi арқылы нақты кестемен байланыс орнату;
DataSource1 компонентi өзiнiң DataSet (Берiлгендер жиынтығы) қасиетi арқылы нақты кестемен байланысады. Ол – Table1 және DBGrid1 компоненттерiн келiстiрушi де. Delphi-де TDataSet класы берiлгендер қоры объектiлерiнiң негiзгiлерiнiң бiрi. Ол кестенi ашуға пайдаланылады, яғни, Table компонентi - TDataSet класының мұрагерi. DataSet DataSource компонентiнiң қасиетi ретiнде пайдаланылуы да мүмкiн.
DBGrid компоненті.
DBGrid (Берiлгендер кестесi) компоненті Data Controls жапсырмасында орналасқан. Оның міндеті берiлгендердi форма бетiне кесте түрiнде шығару. DBGrid1 компонентiнiң DataSource (Берiлгендер көзi) қасиетiне DataSource1 мәнi меншiктелген кезде, Table1 объектiсiнiң Active қасиетiне True мәнi меншiктелуiне байланысты, DBGrid компонентi терезесiнiң iшiне таңдалған кесте енгiзiлiп қойылады.
Форманың DBGrid компонентi терезесiне енгiзiлген кестенi сақтау үшiн Delphi-дiң негiзгi терезесiнен File-Save As командасын беру керек. Сақталған кестенi форманың DBGrid терезесiне шығару әдеттегiдей. DBGrid компонентi терезесiне енгiзiлген кестенi алып тастау (терезенi тазалау) үшiн Table1 компонентiнiң Active қасиетiне False мәнiн меншiктесе болғаны.
Компонент қасиеттері:
Name – компонент аты.
DataSource – кестеде көрінетін мәліметтер көзі (DataSource1).
Options – компоненттің күйге келтіру қасиеттерін анықтайды.
Columns – бағандар тізімі.
Columns қасиетін шерткенде экран бетіне келесі терезе шығады. Бағандар 0-ден бастап номерленеді.
Add New (Insert) батырмасы арқылы жаңа баған қосуға болады.
Delete Selected (Delete)батырмасы арқылы ерекшеленіп тұрған бағанда өшіруге болады.
DBNavigator компоненті.
Компоненттер панелінің Data Controls қосымша бетінде орналастырылған DBNavigator компоненті өзіне байланысты берілгендер қорын басқаруға арналған түймелерден тұрады:
Түйме |
Аты |
Қызметі |
nbFirst |
кестенің бірінші жазуына өту; |
|
nbPrior |
алдыңғы жазуға өту; |
|
nbNext |
келесі жазуға өту; |
|
nbLast |
ең соңғы жазуға өту |
|
nbInsert |
берілгендер файлына жаңа жазу қосу |
|
nbDelete |
ағымдық жазуды жою |
|
nbEdit |
ағымдық жазуды редактрлеу режиміне өту |
|
nbPost |
ағымдық жазуға енгізілген өзгертулер берілгендер файлына жазылады |
|
Cancel |
ағымдық жазуға енгізілген өзгертулердіқайтарады |
|
nbRefresh |
енгізілген өзгертулерді файлға жазады |
Компонент қасиеттері:
Name – компонент аты.
DataSource – DBNavigator компоненті көмегімен басқарылатын мәліметтер көзі (DataSource1).
VisibleButtons – командалық түймелердің көріну/көрінбеуін анықтау. Мәні True болса түйме көрінеді, False болса түйме көрінбейді. Түймелердің атаулары келесідей: nbFirst, nbPrior, nbNext, nbLast, nbInsert, nbDelete, nbEdit, nbPost, Cancel, nbRefresh.
4. Жаңа материалды пысықтау ( 20 мин.).
4.1 Тікелей эфир-шығармашылық лаборатория – бір оқүшы Смарт-тақтада берілгендер қорымен жобаны түсіндіріп құрастырады (студенттер тұралы берілгендер қорымен жоба құрастыру – өрістері: номер, аты, тегі, тұылған жылы, телефон номері)
4.2 Қатені табу – бағдарламаларда қателерді тауып, түсіндіру (қателерді презентацияда дайындау керек)
4.3 Терминдерді түсіндіру – бір оқушы топқа берілген терминдерді түсіндіру керек, бір түбірлі сөздерді пайдалануға болмайды (DATASOURCE, DBGRID, DBNAVIGATOR, TABLE, Берілгендер қоры, DataBase Decktop утилитасы)
5. Үй тапсырмасы ( 3 мин.) Конспектіні толықтыру : жобаны кұрастыру жолың алгоритм түрінде жазу.
6.Сабақты қорытындылау ( 5 мин). Бағалау және оны жариялау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі