Өлең, жыр, ақындар

Модуль CRT

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән: Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері

Оқытушы: Тасбулатова Алия Алтайқызы

Сабақтың тақырыбы: Іс-тәжірибелік сабақ №3. Модуль CRT.

Сабақтың түрі: Іс-тәжірибелік сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: CRT модулінің процедуралары мен функцияларын бағдарлама құру барысында қолдануды меңгеру.

Дамытушылық: Студенттердің сабаққа деген және өз мамандықтарына деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.                    

Тәрбиелік: Студенттерді колледж мүлкіне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу. Өзара сыйластыққа және өзін-өзі құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Smart тақта, ДК, Іс-тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқау, Пән бойынша интерактивті-электронды оқулық.

Пән аралық байланыс: Микропроцессорлық техника негіздері, Объектілі бағытталған бағдарламалау негіздері, Сандық әдістер, Жоғарғы математика негіздері.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

1. Үйымдастыру сәті (    2 мин.). Аудиторияны сабаққа дайындау. Сдуденттердің назарын сабаққа жұмылдыру.

2. Алынған білімнің актуалдығы (          15   мин.). Іс-тәжірибелік жұмысты өткізуге жеңілдік алу. Өткен сабақты қайталау мақсатында электронды оқулық көмегімен бақылау. Тапсырманы орындауға бір студент тақтаға шығады, ал қалғандары өз компьютерлерінде отырып орындайды.

Электронды оқулықтың басты мәзірінен «Интерактивті жаттығулар» пунктін таңдаймыз. Студенттер «Экранды пернетақта» жаттығуында пернелер көмегімен  берілген сұраққа жауап береді. Жаттығу 6 сұрақтан тұрады:

  1. Экранды тазалау функциясы – CLRSCR
  2. Курсордың тұрған жерін анықтау үшін қолданылатын функция – WHERE
  3. Динамикті өшіру функциясы – NOSOUND
  4. Курсорды у қатардың х бағанына жылжыту функциясы – GOTOXY
  5. Мәтін түсін орнату функциясы – TEXTCOLOR
  6. Төбелері (5,5) және (55,15) болатын терезе салу функциясы – WINDOW(5,5,55,15)

Жаттығуды орындап болған соң студентке орындалған жаттығудың нәтижесі ретінде баға қойылады.

Келесі орындайтын жаттығуымыз «Қатені табыңыз». Тапсырманы орындауға бір студент тақтаға шығады, ал қалғандары өз компьютерлерінде отырып орындайды. «Қатені табыңыз» жаттығуында студенттер операторлардың жазылуында кеткен қателіктерді түзейді. Жаттығу 7 сұрақтан тұрады:

  1. CLRSQR – CLRSCR
  2. WINDOWS – WINDOW
  3. TEXKOLOR(X) – TEXTCOLOR(X)
  4. COUND(X) – SOUND(X)
  5. DALAY(X) – DELAY(X)
  6. KEYPRESED – KEYPRESSED
  7. RAEDCEY – READKEY

Жаттығуды орындап болған соң студентке орындалған жаттығудың нәтижесі ретінде баға қойылады.

3. Іс-тәжірибелік жұмысты орындау (40 мин.). Тақырып бойынша мысалдар қарастыру және индивидуалды тапсырманы орындау.

Әдістемелік нұсқау

GoToXY(x,y) – процедурасы курсорды экран бетінде у қатардың х бағанына жылжытады.

TextColor(color) – тексттің түсін орнатады.

TextBackground (color) – экран бетінің түсін (фон) орнатады.

ClrScr – экранды тазартып, курсорды экранның жоғарғы сол жақ бұрышына апарады.

Window(x1,y1,x2,y2) – экран бетіне тіктөртбұрышты терезе сызады. (x1,y1) және (x2,y2) нүктелері тіктөртбұрыштың диагоналінің сол жақ жоғарғы және оң жақ төменгі төбелері. Ескерту: Window процедурасы іске қосылған болса, онда барлық процедуралар тек таңдалған терезеде ғана жүреді.

Delline – курсор тұрған қатарды алып тастайды.

HighVideo – терілуші таңба анықтығын анықтайды.

LowVideo – терілген таңбаның анықтығын төмендетеді.

InsLine – курсор орналасқан жерге бір қатар қосады.

ReadKey – клавиатурадан басылған клавиша коды арқылы символды анықтайды.

KeyPressed – клавиатурадан перненің басылуын күтеді. Перне басылғанда True мәнін қабылдайды.

Sound(i) – динамиктен і жиілікпен дыбыс шығарады.

Nosound – динамикті өшіру.

Delay(i) – программаның орындалуын і миллисекундқа кідіреді.

 

Мысалдар қарастыру.

Терезенің төменгі жағында бағдарлама үзінділері кездейсоқ әдіспен араласып тұр. Ұсынылған блок-схема бойынша бағдарлама үзінділерін дұрыс ретпен орналастыру қажет. Әр үзіндінің өз орны бар.

Мысал №1. Берілген блок-схема бойынша жүгіртпе жол бағдарламасын құру.

 

 

program esep2;

uses crt;

var i:integer;

begin

for i:=1 to 30 do begin

gotoxy(1+i,10); write('181');

delay(30000);

clrscr;

end;

end.

Мысал №2.  Кездейсоқ түспен боялған терезе ішінде терезе салу бағдарламасын құру.

program esep1;

uses crt;

var i:integer;

begin

for i:=1 to 10 do begin

textbackground(random(15));

window(1+(10+i),1+(2+i),80-(10+i), 25-(2+i));

delay(50000);

clrscr;

end;

end.

Программаның орындалуы:

Нұсқа бойынша бекітілген тапсырмаларды орындап, нәтижесін алу.

Іс-тәжірибелік жұмыс тапсырмалары:

Тапсырма  №1. Мәтіндік файл мазмұнын экран бетіне Enter пернесін басу арқылы 18 қатардан тұратын үзінділермен шығару.

 

Тапсырма №2. Дүкен бағдарламанын құру.

Тапсырма №3. Тест сұрақтарын енгізу.

Тапсырма №4. Тестілеу бағдарламасы

4. Іс-тәжірибелік  жұмыс бойынша есеп тапсыру (   15     мин.) Орындалған жұмыс нәтижелерін тексеру және бағалау. Кеткен қателіктерді ескерту және келешекте қайталанбауын қадағалау.

Оқулықтың тест сұрақтарына жауап беру.

Тест тапсырмаларын орындап болған соң студентке орындалған тесттің нәтижесі ретінде баға қойылады.

 

5. Үй тапсырмасы (3 мин.). Паскаль тілінде CRT модулінің мүмкіндіктерін пайдаланып тарих пәнінен және психологиялық тестілеу бағдарламасын ұйымдастыру

 

6. Сабақты қорытындылау (5 мин). Сабақ барысында студенттің жинаған бағаларынан орта балл алып, сол бағаны студенттерге жариялау және бағалау.

Оқытушы:  Тасбулатова А.А.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз