Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов «Көкшенің көрінісі»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі. Мәтіннің мазмұнын түсіне отырып, Көкше табиғаты туралы түсінік алуларына жағдай жасау.
2. Дамытушылығы. Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелігі. Табиғатты сүю, оны аялауға тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс тәсілдер:
АКТ, топпен жұмыс, сұрақ - жауап әдісі.
Көрнекілігі және құрал жабдықтары: презентация, карточка.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу, ұнатқан гүлді таңдау арқылы. «Раушан», «Бәйшешек», «Қалампыр», «Қызғалдақ». Әркім өз тобына отырады.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Әуелбек Қоңыратбаев. Киіктің айласы
Мәтінді бөліктер арқылы мазмұндау
- Аң мен жануарлардың өз жауларынан қорғанатын қаруы.
- Киіктердің суатқа келуі.
- Қасқырлардың шабуылы.
- Текенің айласы.
- Дала еркесі – Ақбөкен.
Әрбір жауап берген топтарды смайликтер арқылы бағалау.
III. Жаңа сабақ:
- Оқушылар, сендер қандай ақын - жазушыларды білесіңдер?
- Олардың қандай шығармаларын білесіңдер?
- Бүгін сендер аса көрнекті жазушы - Сәбит Мұқановпен танысасыңдар және оның «Көкшенің көрінісі» тақырыбындағы мәтінін оқып танысамыз.
Мұқанов Сәбит Мұқанұлы (1900 - 1973) - қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі.
Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит Мұқанов атындағы ауылда туған.
Көкшетау туралы түсінік беру
Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік - шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды - көлді тау. Ең биік жері – Көкше шоқысы (947 м).
- Сөздік жұмысы:
Гауһар - асыл тас
Селеу – шөптің аты
Құз – биік жартас
Сағым – алыстағы көрініс, елес.
Мәтінді тізбекпен оқушыларға оқыту.
Топтық тапсырма:
1 топ: Табиғат туралы мақал – мәтел немесе көркем сөз айту
2 - топ: Туған жер туралы мақал – мәтел немесе көркем сөз айту
3 - топ: Отан туралы мақал – мәтел немесе көркем сөз айту
4 - топ: Сурет салу, оны қорғау
Сергіту сәті
Музыкалық жаттығу жасау.
IV. Ойды қорытындылау
Тірек сызба арқылы сабақты қорыту
Көкшетау
↓
табиғаты сұлу
орманды, тоғайлы
ауасы таза
көлдері шипалы
Жеке батыр
Жұмбақтас
Оқжетпес
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма: мәтінді оқу, мазмұндау, өзіміздің аймақтағы көрікті жерлер туралы шағын әнгіме жазу.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі