Эссе және өлең-жыр байқауы

Халық дәстүрі – асыл қазына

Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы
"Д. Қонаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі:  Құнанбаева Гауһар


Мақсаты:
1. Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін, мақал-мәтелдерін үйрету.
2. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру, тәрбиелік мәні бар салт- дәстүрлерді бойына сіңіру.
Көрнекілігі:
Салт–дәстүрге байланысты суреттер, мақал-мәтелдер, даналардан шыққан сөз, қолөнер бұйымдары, ою-өрнек түрлері.

Сабақтың  барысы:


«Дұшпанға қатал, Досқа адал»
Кіріспе
Мұғалім: Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.


Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, қадірлі қоңақтар, құрметті мұғалімдер!
Біздің бүгінгі «Халық дәстүрі – асыл қазына» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

 

1-оқушы        Cәлем берем халқыма,
                     Сәлем берем жалпыңа.
                     Сәлемдесу кіреді,
                     Ата-дәстүр салтына.

 

2-оқушы        Егемен болмай ел болмас,

                     Етек жеңі кең болмас,

                     Терезесі тең болмас,

                     Еңді қазақ кем болмас.

        

3-оқушы        Қазақ осы- көргенінен танбайтын,

                     Той- думансыз оты дұрыс жанбайтын.

                     Қазақ осы алудай –ақ алатын,

                     Ал беруден алдына жан салмайтын



 6-.Оқушы     Біздер бұрын көрмеген,
                    Салт – дәстүрін білмеген,
                    Үйренеміз дәріптеп
                    Заманымда өрлеген


7- оқушы

Туғаннан соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп

 

4 – оқушы:      Бауырласқан тәніміз,

                         Бұзылмаған антымыз.

                         Кең даланың ежелгі

                         Қазақ дейтін халқымыз.

                         Өзге ұлттай біздің де

                         Бар дәстүрмен салтымыз.

5 оқушы  

 
Салт дәстүрім қайта оралды, аты да аңыз!
Сұрамаймыз алғыста, ақылда біз
Үй дастархан даламыз, сахнамыз
Ұлы мейрам қуанышқа шақырамы

 

Жүргізуші
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүрмен салтымыз - демекші біздер сіздерге бүгін қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің кейбірт түрлері жайында паш етеміз.
Сұрақ жауап алу.

Бата айта білесің бе?

Жаңбыр менен жер көгерер

Батаменен  ел көгерер, - дегендей бата арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі.Оның мағынасы- алғыс айту,ақ ниет, тілек білдіру. «Жақсы сөз – жарым ырыс» дегендей үлкендердің,ұлағатты адамдардың берген батасы тарихта ұрпақтан – ұрпаққа  үлгі болған.

Ақсақал:

Нұртас  бата айту

Бекжан бата айту

2жүргізуші    Жерден ауыр не?

 

1 -жүргізуші     Біздің ата бабаларымыз данышпан, шешен болған. Олар кез   келген    сұрақтарға, жұмбақтарға ойланбай жауап  берген.

 

                                Жол бастау қиынба?

                                Сөз бастау қиынба?

                               Қол бастау қиынба?

 

12 -   оқушы:   Қол бастау қиын емес

                          Көк найзалы ерің болса.

                          Жол бастау қиын емес

                          Соңына ерген ел болса.

                          Бәрінен де сөз бастау қиын

                          Тауып айтсаң мереке қылады

                          Таппай айтсаң келеке қылады

 

2–Жүргізуші:    Не жетім?                                                                              

13-  оқушы:      Жаңбыр жаумаса жер жетім,

                         Басшысы болмаса ел жетім,

                         Ұқпасқа айтқан сөз жетім.

Достар жеті ата деген кім?

Жеті атасын үйрету ескіден қалған аталы сөз, бабалардың өнегесін, ерлігін, азаматтығын балаларға ұғындыру - әке міндеті болып есптелген. 

Хормен: Әке, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

Аружан, Бекжан(өздерінің жеті аталары туралы айтады)

Мұғалім:      Жақсылық адамдардың тілегі екен,

                    Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.

                    Дәстүрі қазағымның сарқылмаған,

                    Сұрақтарға балалар дұрыс жауап бере ме екен?

Мұғалімнің сұрағы:

2-Жүргізуші

 Қазақтың бар отбасында баланың дүниеге келуіне байланысты ежелден келе жаткан салт – дәстүрлері бар. Кейбір дәстүрлер сәл өзгерген түрде бүгінгі күнге дейін сақталған. Бала дүниеге келгенде сүйінші сұрайды.
Сүйінші қазақ халқының жақсы дәстүрінің бірі. Жас нәресте дүниеге келгенде, қуанышты хабар болғанда, туған туыс, дос – жаран бір – бірінен сүйінші тілеп мәз – мейрам болып жатады.
23.Оқушы-
Сүйінші, сүйінші дүниеге ер бала келді!
Ата, сүйінші, немерең туды!
Әже, сүйінші, бөпем келді дүниеге!
1-Жүргізуші

Бала дүниеге келгененнен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Дін басы болғандықтан кейде баланың атын Молда қоятын болған. Ат қоюшы адам баланың құлағына: «Сенің атын Ербол» - деп үш рет қайталайды. Ат таңдаған кезде түрлі ырымдар, түсініктер, тілектер ескеріледі. Ата – аналар бала есімінің мағыналы әрі көркем болғаны қалайды.

1-Көрініс: Балаға ат қою (оқушылардың орындауында )

23.Оқушы-

Сен келді деп өмірге
Шырақ жағып көңілге
Қуануы халкымның тегін емес тегінде


Қазақтың дәстүрлері ән: Дина, Аружан.
2.Жүргізуші-

Шілдехана – туралы айту

2-оқушы:
Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады
4-оқушы:
Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларын алып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады.ананың мейір-шапағатын арттырады

Бесікке салу: Шілдехана өткеннен кейін баланың әке- шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары енмесе жасы үлкен қадірлі аналалдың біріәкеліп сыйға береді.Ауылдағы сыйлы әже әр бесікке салу ырымын  есте сақтай отырып  баланы бесікке бөлеп, бесік жырын айтады.

5-оқушы:
Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.
Тұсау кесер жырлары айтылады.

Ән: «Шілдехана бесік той »   Айжан

Көрініс. Тұасу кесу. Ат қою рәсімдерін көрсету.
Қорытынды.

Егеменді еліміздің ертеңі-жас жеткіншектері халықтың рухан қазынасын, өнерін қастерлеп, аталар даналығынан толық сусындап өсіңдер.Халқымыздың адал, үмітін ақтар перзенті болуларыңа тілектеспін.

Сөз қатысушы қонақтарға беріледі


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...