Сабақтың мақырыбы: «Қыздар! Көктем гүлі » атты Қыз сыны 2016 байқауы.
Сабақтың мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру,қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке,инабаттылыққа,ізеттілікке тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар қош келіпсіздер!
Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл – күй тілей отырып, көктем аында өткелі отырған «Қыздар! Көктем гүлі» атты Қыз сыны 2016 байқауын тамашалауға шақырамыз.
Жүргізуші:
Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген,
Қазақ қызы- инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.
Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе!
Кім де болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдыңа қазақ қызы келгенде – дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.
1- аруымыз. ....
2- аруымыз. ....
Жүргізуші:
Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қарақылды қақ жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды таңдап бүгін алуға – деп бүгінгі сайысымызға әділ баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқасының төрағасы ...
1. Б.Сабирова
2. Ж.Қожақова
Жүргізуші:
I.бөлім: «Сәлемдесу» - деп аталады.Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін-өзі таныстырады. Мұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс-тұрысы сынға түседі.
II.бөлім: «Өз өнері» - деп аталады. Бұда аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.(Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т.б) өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі.
III.бөлім: «Үй тапсырмасы» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз үй тапсырмасын орындап, өз қолдарымен жасалған бұйым немесе тағамдар әзірлеп келу тапсырылған болатын.
IV.бөлім: «Сұрақ-жауап» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
Жүргізуші:
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы- әдепті де әдемі
Қазақ қызы – ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі – дей келе байқаумыздың бірінші бөлімі «Сәлемдесу» бойынша аруларымызды өзін-өзі таныстыруыны рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.
1- аруымыз
2- аруымыз
Қазылар алқасы I бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем әнге кезек берсек.
Ән: Анашым
Қазылар алқасынан I бөлімнің бағасын сұраймыз.
Жүргізуші: II бөлім: «Өз өнері» - деп аталады.
Аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді
Өнері өрге жүзер өнерлінің
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер атты
Шарпып өтсін лебімен қанаттының – деп сайыскерлеріміздің өнерін тамшалауға шақырымыз.
1- аруымыз
.....................
Қазылар алқасы II бөлімнің бағасын бергенше әдемі биге кезек берсек,қарсы алыңыздар жігіттердің орындауында: «Флешмоб».
Қазылар алқасынан II бөлімнің бағасын сұраймыз.
III бөлім «Үй тапсырмасы»
Бұл бөлімде үйден дайындап әкелген бұйымдарын немесе тағамдарын қазылар алқасына тапсырады.Қазылар алқасы әділ бағаларын берер деген үміттеміз.Ендеше Қыздарымызды қол соғып ортаға шақырамыз.
Қазылар алқасы өз бағаларын бергенше ән кезек берсек.
Ән: Әкешім
Қазылар алқасынан III бөлімнің бағасын сұрасақ.
IV.бөлім: «Сұрақ-жауап». Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
Біл құйған бойына
қанын құйған бойына
Салт дәстүрдің әр сөзін
Сақтап жүрген ойына – деп сайыскерлерді ортаға шақырамыз.
1. Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін ата?
Ата көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер.
2. Ұлттық тағамдарды ата?
Ақыл көпке жеткізер,өнер көкке жеткізер.
3.Сәукелені кімдер киеді?
Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
4. Ұлттық әшекейлерге нелер жатады?
Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ.
5. Анаңның анасы саған кім болады?
Өнерлінің он саусағы тең,өнерсіздің бір саусағы кем.
6. «Ерулік» дегеніміз не?
Жеті атасын білмеген -жетесіз.
7. Ұлттық ойындарды ата?
Ананың көңілі балада, баланың көңлі далада.
8. Ақтан дайындалатын тағамдарды ата?
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
9. «Шолпы» деген не?
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
10. «Енші»дегеніміз не?
Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі.
Қазылар алқасынан IV бөлім бағасын сұраймыз.
Ән: Жаяу
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін
Зерделі ол, зейінді келіп сыныр – дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.
Жүргізуші:
Бұла қырдың құлпырған қызғалдағы
Ер жігіттің бірінші ізгі арманы
Тіршіліктің жылуы, сұлулығы
Мына жалған өмірдің гүлзар мәні
Көркемдікке көмілген келбетіне
Көз тимесін деп достым сенде тіле
Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды
Айна көктен жететін жер бетіне.
Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайыңда ұрлана таңырқамақ
Пай-пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай
Ес еркіңді әкеткен барымталап.
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыздар! Көктем гүлі – 2016» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда Құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын – дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі