Өлең, жыр, ақындар

Паскаль заңы

«Бекітемін»

Оқу ісі жөніндегі орынбасар:                           Б.Жоланов.

Сабақ жоспары

Сыныбы- 7 (жетінші)

Пәні: Физика

Мерзімі: 12.01.2016 ж

 

Сабақтың тақырыбы:

Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар, газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.

Негізгі идея:

Қысым, қысымның қатты денелер, сұйықтар, газдар арқылы берілуі,  Паскаль заңын сипаттайтын формулаларды біле отырып, есеп шығару қадамдарымен танысу

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар

Қысымның физикалық шама ретінде белгіленуін, формуласын, заттың үш күйінде қалай түсірілетінін білу

Оқушылардың көпшілігі

Қысымның формуласын пайдаланып есеп шығара алу, заттың үш күйінде қысымды ажырата алу

Жекелеген оқушылар

Жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасау барысында қысымның формуласын қолдана отырып есеп шығару, формуланы түрлендіру

Құндылықтар:

Табиғатты құрметтеу, қорғау

Лексика:

Қысым, Паскаль заңы

         

 

Табыс критерилері

Барлық

оқушылар

Қысымның физикалық шама ретінде белгіленуін, формуласын, заттың үш күйінде қалай түсірілетінін біледі.

Оқушылардың көпшілігі

Қысымның формуласын пайдаланып есеп шығара алу, заттың үш күйінде қысымды ажырата алады.

Жекелеген оқушылар

Жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасау барысында қысымның формуласын қолдана отырып есеп шығара алады, формуланы түрлендіре алады.

Сабақ кезеңдері

іс-әрекеттер

кезеңдер

Мұғалім әрекеті

Тапсырмалар

Оқушылар әрекеті

ресурстар

Сабақты ұйымдастыру

 

Сәлемдесіп, сабаққа дайындықтарын тексеру. Сыныпты топқа бөледі

 

 

Суреттер арқылы топқа бөлу

 

Оқу құралдарын реттеп, оқушылар топқа бөлінеді

Суреттер

Үй тапсырмасын пысықтау

Алдыңғы тапсырмаларды еске түсіреді

  • Кім білімпаз?

1. Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?

2. Күш немен сипатталады?

3. Гук заңын айт.

4. «Деформация» сөзі қандай  мағынаны білдіреді?

5. Күштің  өлшем бірлігі?

6. Пластикалық деформацияға мысал  келтір.

7. Дененің салмағы дегеніміз не?

8. Қандай күшті үйкеліс күші деп айтамыз?

9. Үйкелістің неше түрі бар?

  • Кубизм стратегиясын пайдалану.

Бұл сабақтың сұрағы

Көпшілікке ұнады,

Көп нүктенің орнында

Қандай шама тұрады.

Оқушылардың алдына кубик тасталады.

1.p=.../S;   2. ...= 9,8 Н/кг;  3. F = ...*g;  4. S= F/...;  5. m=...*V;   6. F=p*...;

 

 

 

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Аяқталмай қалған формулалар жазылған куб

Білімді тиянақтау, жинақтау

 

 

Сәйкес формуланы табу

1

 

Гук заңы

 

 

 

 

2

 

Ауырлық күші

 

 

 

3

 

Үйкеліс күші

 

 

 

4

 

Дененің cалмағы

 

 

5

 

Тең әрекетті күш

 

 

6

 

Тығыздық

 

 

 

 

Оқушылар формуланың сәйкес атауымен сызба арқылы орындайды.

(бесбармақ әдісі арқылы бағаланады)

Кесте

Жаңа сабаққа бағыттау, сілтемелер

Жаңа сабаққа кіріспе бағыт береді

Жұмбақтар:

Қылышпен шауып,

Турай алмадым.

Бір шайқап қалып,

Жинай алмадым.

(Су)

 

Шешесі -  суда,

Әкесі – суық.

Көктемде өлер,

Күз күні туып.

(Мұз)

 

От қойсаң – жалын шығар,

Бос қойсаң – жаның шығар.

(Газ)

Оқушылар жұмбақты шешеді.

Қосымшадағы 5-кесте бойынша заттың әр түрлі күйлерінің қасиеттерін

қайталау.

 

Оқулықтың соңындағы 5-кесте

Жаңа білімді игеру

Су, мұз, газ терминдерін қолданып, сыныпты үш топқа бөлу

Есептер шығару

Топтық жұмыс

«Су» тобының есептері:

№1

200см2 ауданға түсірілген күш 100Н – мен әсер ететін болса, қысым қандай болар еді?

№2

Асфальт төсеуде қолданылатын машина каток тірегінің ауданы 1500 см2, түсіретін қысымы 300кПа екені белгілі. Катоктың салмағы қандай?

 

«Мұз» тобының   есептері:

№1

Бетке 45 кН күш түсіріп 2 кПа қысым алсақ, ауданы қандай болған?

№2

Вагонның барлық доңғалақтарының рельспен жанасқан ауданы 0,001м2. Бұл вагонның массасы 30т болса, ол жерге қандай қысым түсіреді?

 

«Газ» тобының есептері:

№1

Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 78Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95м, ал ені 6 см. Шаңғышының қар бетіне түсірген қысымын табыңдар.

№2

Массасы  6 т  жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы  қандай болған, егер оның топыраққа түсіретін қысымы 3кПа болса.

Оқушылар топтасып, ақылдасып, ұжымдасып тапсырманы орындайды

(екі жұлдыз бір тілек арқылы бағаланады.)

Есептер жазылған тартпа қағаздар

Алған түсінік-терін тексеру, нақтылау

Сергіту сәті

 

Жұптық жұмыс

Суретке қарап есеп құрастыру

 

Сөздерден физикалық шама, құбылыстарға қатысты сөз құрау.

Сөз сиқырын ұғыңдар,

Осал емес бір әріп

Сөз бен сөйлем туындар,

Бір әріптен құралып

 

Сөз сиқырын ұғыңдар,

Құбылатын алмасша

Өзге бір сөз туындар,

Жалғыз әріп алмасса

 

Ал, балалар, толғанып

Сөз құрайық ендеше

Өзгергенде бір әріп,

Сөз шығатын өзгеше

(үш-күш, мысық-қысым, қол-жол, маса-масса, бақыт-уақыт)

Жұптық жұмыс

Жұмбақ:

Ақ қарда тек тұрмадым,

Қос тақтаймен зырладым

(Шаңғы)

Тапсырма:  Сурет бойынша есеп құрастырып, шаңғыда тұрған баланың түсіретін қысымын табу керек.

 

 

Оқушылар берілген тапсырманы орындайды. (бағдаршам арқылы бағаланады)

Сурет

Бағдаршам

Жаңа білімді бекіту

Жеке жұмыс

Дидактикалық материал

 

1. Бос орынды толтырыңдар:_______________________________________________

_______________________________________________________қысым деп атайды.

 

2. Қысымды латынның ___________әрпімен белгілейді.

 

 

3.                                 Қысымды есептеу формуласы.

 

 

4. Қысымның негізгі өлшем бірлігі: _____________

 

5. Қысым бірліктері арасындағы байланысты жазыңдар:

1кПа      =__________Па                     1гПа         =____________Па

1мПа      =__________Па                     0,01Н/см2 =____________Па

1МПа     =__________Па                     15000Па  =____________Па

0,1кПа   = __________Па                     1Н/мм2    =____________Па

0,001Па =__________Па                      15Н/см2   = ___________Па

 

Неліктен шаңғысы жоқ балаға қарағанда шаңғы байлаған бала қар үстімен жеңіл жүреді?

 

Себебі__________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

 

Қай кезде сіз еденге көп қысым түсіресіз: қозғалмай тұрғанда ма, әлде жүргенде ме?

Жауабы:________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Неліктен орындықта қатты да, киіз үйде көрпешеге отырған жұмсақ болып сезіледі?

Жауабы:________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Неге шөл далада аттан гөрі түйемен жүрген ыңғайлы?

Себебі:_________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Жаңа тақырыпқа байланысты тапсырманы орындайды

Таратпа

Үй тапсырмасын орындауға нұсқау, шығармашылық бағыт беру

Қосымша тапсырмалар ұсынады

 

 

- Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар, газдар арқылы берілуі.

-Тақырыптың соңындағы есептерді шығарып келу

-Тақырып бойынша тест құрастыру

-«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі 
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?

(Мәлімет жинақтап келу)

-Блез Паскаль өмірінен (Мәлімет жинақтап келу)

Оқушылар күнделікпен жұмыс жасайды

Күнделік

Сабақты қорытындылау (кері байланыс)

Стикерлер таратады

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазып, себетке салу

 

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазып, себетке салады.

 

Стикерлер, себет

 

 

Пән мұғалімі:                              Г.Жиембаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер