Ақтөбе қаласы
№ 59 жалпы білім беретін орта мектебінің
Физика пәні мұғалімі: Қуатбаева Орынгүл Айнашқызы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Манометр, сорғылар туралы мағлұмат алады.
Дамытушылығы: Өткен сабақты еске түсіре отырып, алған білімдерін жаңа сабақпен байланыстыра отырып, толықтыру. Оқушыларға берілген жаңа сабақты игеруін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушылардъң сабаққа қатысуьн қадағалау.
Күтілетін нәтижелер:
1) Манометр құралын не үшін қолданылатының анықтай алады.
2) Барометр құралымен манометр құралын салыстыра отырып, айырмашылығын біледі.
3) Манометр құралының түрлерін медицинада қолдану ерекшелігін түсінеді.
Не арқылы бағаланды: Кубизм, Венн диаграммасы, классер сұрақ-тары, категориялық топтастыру, авторлық үстел, көрнекілік стратегиясы, жуан және жіңішке сұрақтары.
Сабақтың барысы
I. Қызығушылық ояту. СЕРГІТУ
II. Ой шақыру.
- Балалар, сендер алдыңғы сабақтан атмосфералық қысым туралы мағлұмат алдыңдар.
Атмосфералық қысымды өлшейтін прибор «барометр» құралымен таныссыңдар.
I. Мағынаны тану.
- Мына «манометр» құралы неден тұрады?
- Резеңке, шыны түтік, шкаламен жабдықталған.
- Манометрлердің түрлері болуы мүмкін бе?
- Иә.
- Қандай ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін?
- Бір жерде қолданағанда тиімсіздігіне, қолданатын ортаның аталуына байланысты болуы мүмкін.
Ал, балалар бұл сендердің ойларың. Енді менің ойымды тыңдап, өздеріңнің ойларыңмен салыстырыңдар.
Манометр - қысымның айырымын өлшейді.
Табиғатта, техникада қысым атмосфералық қысымнан жоғары немесе төмен болатын процестер жиі кездеседі. Манометрлер сирек, тығыз емес, метрео-өлшеймін. Манометр доға тәріздес шыны түтіктен тұрады. Түтікте сұйық бар, сұйық бетіне тек атмосфералық қысым ғана әсер етіп тұр. Сондықтан сұйық деңгейі екі тармағында да бір деңгейде болады.Манометрлердің бурдон, сфигмоманометр деген түрлері болады.
Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың біріне сорғылар жатады. Сорғылардың шприц, су сорғысы, ауа үрлеу сорғысы. Сорғыдан Паскаль заңы бойынша сыртқа ауа, сұйықтар сыңалау арқылы ығыстырып шығарамыз.
IV. Топтық жұмыс. Кубизм стратегиясы.
1-топ: Топтастыру. Манометрді топтастырасыңдар.
2-топ: Салыстыру. Манометрді барометрмен Венн диаграммасы арқылы салыстыр.
3-топ: Таныстыру. Металл манометр құралының құрылысымен таныстыр.
4-топ: Дәлелдеу. 27-жаттығу №1 есеп 131-сурет.
Ашық сұйықтық манометрлер ыдыстармен жалғастырылған (131-сурет). Осы ыдыстардың қайсысындағы газдың қысымы:
а) атмосфералық қысымға тең;
ә) атмосфералық қысымнан жоғары;
б) атмосфералық қысымнан төмен?
5-топ: Талдау.
Қазіргі заманда мына құралдарды қай салада қолданады?
Осы құралдардың құрылысын ата. (сфигмотанометр, шприц, шар үрлеу сорығысы)
6-топ: Ұсыныс. Жуан-жіңішке сұрақтарды әр топқа ұсыну.
V. Әр топтың жауаптары тыңдалады. Топтарға (3рет) қол шапалақтап қошемет көрсету.
Топтық рефлексия.
VI. Үйге тапсырма. §53 Манометр. §54 Сорғылар.
VII. Бағалау парағы бойынша бағаланады.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі