Өлең, жыр, ақындар

Үздік математик

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы

№121 орта мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі: Сарбасова ГауҺар Қырғызәліқызы

 

Күні:

Сыныбы: 4 а,б,в

Тақырыбы: «Үздік математик»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу.

Дамытушылық: Математикаға деген қызығушылығын арттыру. Математикалық ойлау қабілетін дамыту. Есептеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелеу: Ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа, ақыл-ой белсенділігіне тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: интербелсенді  тақта.

Барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі

- сайыстың мақсатын хабарлау;

- сайысқа қатысушыларды таныстыру;

- әділ қазылар алқасымен таныстыру

- қатысушылардың реттік нөмерін анықтау;

- сайыс бағдарламасымен,шартымен таныстыру;

І-кезең:  «Кім жылдам?»

ІІ-кезең: «Формула-есеп жүрегі»

ІІІ-кезең:  «Ережелер елінде»

ІҮ-кезең: «Логикалық есептер»

Ү-кезең: «Жорға»

Жүргізуші:

Бүгінгі күн сайыста

Ешкімнен сен қалыспа

Білімі кімнің көп болса

Сол озады сайыста – деп  «Кім  жылдам?»  І - кезеңін бастаймыз. (кезеңнің шартымен таныстыру)

1. Өрнек түрлері (санды, әріпті)

2. Теңдеу дегеніміз не?  (құрамында мәнін табуға байланысты әрпі бар теңдік)

3. Миллионда неше цифр бар?  (7)

4. Санды нолге бөлсек....  (бөлуге  болмайды)

5. 100³ (1000000)

6. 32 см тең шаршының қабырғасы  (8 см)

7. Натурал сандар  (1 басталады)

8. Көбейтінділері олардың бөліндісіне тең 2 сан  (1*1=1:1)

9. Көп таңбалы санның  9-ға  бөлінетінің қалай білуге болады? (цифрларының қосындысы 9 – ға  бөлінсе 2763=18:9=2)

10. Диаметрі 28-ге тең шеңбердің радиусы нешеге тең? (28:2=14см)

11. Математикада пайдаланылатын цифр  түрлері (араб, рим)

 

Жүргізуші:

Ғылымның  сырын  ұғына

Шығындар  білім  шыңына

Ұқыптылықпен  зеректік

Жеткізер   сендердей  өреңді,

Жеңістің   шыңына – деп   ІІ-кезең: «Формула – есем  жүрегі» (кезеңнің  шартымен  таныстыру)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1. Ара қашықтықтың формуласы (S=V*t)

2. Уақытты табу формуласы  (t=S:V)

3. Жылдамдықты табу (V=S:t)

4. Қосудың ауыстырымдылық заңы (a+в=в+а)

5. Қашықтау жылдамдығын табу  (Vқаш=V1+V2)

6. Шаршының периметрінің формуласы (Р=а*4)

7. Көбейтудің үлестірімділік  қасиеті (а+в)*c=а*с+в*с

8. Дөңгелектің диаметрі  (d=2*R)

9. Жақындау жылдамдығын  табу  (V жақ=V1-V2)

10. Тік төртбұрыштың ауданы  (S=a*в)

11. Радиусты табу формуласы  (R=d:2)

12. Тік  бұрышты параллелепипедтің формуласы (V=a*в*с)

Жүргізуші:

Қадірін білсең егер сен

Қол ұшын берер ол саған

Есептеп жүрсең бәрінде

Сүрінбейсің өмірде – дегендей  сайысымыздың  «Ережелер елінде» ІІІ- кезеңін бастаймыз. (кезеңнің шартымен таныстыру)

10

10

20

20

30

30

40

40

10-Кесінді дегеніміз не? (екі жағы шектелген, түзу)

10-Параллель түзулер дегеніміз не? (қанша созсаң  да, қиылыспайтын түзулер)

20-Тік төртбұрыш  дегеніміз  не?(Қарама – қарсы  құабырғалары тең болатын төртбұрыш)

20-Көбейтудің ауыстырымдылық  қасиеті (көбейткіштердің орны ауысқанымен, мәні өзгермейді)

30-Дөңгелектің радиусын қалай табамыз? (диаметрді 2 –ге бөлеміз)

30-Шаршының ауданың қалай табамыз? (қабырғасын өлшеп 4-ке көбейтеміз)

40-Перпендикуляр түзулер дегеніміз не? (тік бұрыш жасау арқылы қиылысатын түзулер)

40-Шеңбер дегеніміз не? (дөңгелектің шекарасы)

Жүргізуші:

Математика толған тәртіп, мағына мен мән

Математика толған тамаша заңдылық пен сән

Математика толып жатқан терең сыр

Шетсіз, шексіз дариядай  бейне  бір – дей  «Логикалық  тапсырмалар»  ІҮ-кезеңін бастаймыз.

1. 3 қыз Айгул, Жанар, Айна дүкенге бара жатып, 5 теңге тауып алды. Егер Айгул дүкенге жалғыз барса, қанша ақша тауып алған болар  еді? (5 теңге)

2. Айжан сары және жасыл түстілерден 4 шар сатып алды. Сары шар жасыл шардан көп. Айжан әр түрінен неше шардан сатып  алды? (жасыл 1, сары шар 3)

3. Мен бір  сан ойлап, оған 17-ні қостым, оны 5-ке көбейтсе 95 шықты. Мен қандай сан ойладым. (2 саны)

4. Әлия серуенге Мараттан 3  минут ерте шықты. Марат Нұржаннан 2 минут кеш шықты. Балалардың қайсысы бәрінен бұрын және  неше  минут ерте шықты. (Әлия 1 минут)

5. Айша, Серік, Алмат би биледі.

1 - Спорттық би

2 - Балдық би

3 - Ұлттық би

Серік спорт және балдық  би билемеді, Алмат спорттық би билемеді, Айша қандай би биледі? (Серік ұлттық би, Балдық би, Айша спорттық би)

4. Мен бір сан ойлап оған 16-ны қосып, 7-ні азайттып сосын 9-ды азайтып, 1-ді қоссақ 5 шықты. Мен қандай сан ойладым? (4 саны)

Жүргізуші:

Қиындығы қызығы мол  жорға келді,

Аяқтайтын шешуші сәтте енді.

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма,

Жеңімпаз атануға асық енді-деп «Жорға» Ү-кезеңін бастаймыз. (Кезең шартымен таныстыру)

1-оқушы:

1. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)

2. Көбейтудің  компоненттері? (көбейткіш, көбейткіш, көбейтудің мәні)

3. 3 дм неше см? (30см)

4. Ұз-12 см, ені-3 см тік төртбұрыштың ауданы? (36 см²)

5. 5² (25)

6. 10000–да неше нөл бар? (4 нөл)

7. Литр ненің өлшем бірлігі? (сыйымдылық)

8. 380+260  (640)

9. Санды нөлге көбейтсе (нөл шығады)

10. Радиусы 4 см шеңбердің радиусы қанша? (2)

11. 2-ге бөлінетін сандар (жұп сандар)

12. Санның ширегін табу үшін нешеге бөлеміз (4)

13. 3 сағатта неше минут бар? (180)

14. 1 жұмыртқа 7 минутта піссе, 2 жұмыртқа неше минутта піседі? (7 миут)

15. Периметрі  24 см-ге тең шаршының қабырғасы? (6)

2-оқушы:

1. Ең үлкен 2 таңбалы сан (99)

2. Бөлудің компоненттері (Бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің  мәні)

3. 4 ц неше кг? (400 кг)

4. Ені-4 см  ұз-11  см  тік төртбұрыштың ауданы?  (44  см²)

5. 6² (36)

6. 100000  неше  нөл  бар?  (5 нөл)

7. Тонна ненің өлшем бірлігі? (масса)

8. 440+280 (720)

9. Санға нөлді қосса  (сол санның өзі)

10. Радиусы 3 см шеңбердің диаметрі нешеге тең? (6 см)

11. 2-ге бөлінбейтін сандар? (тақ сандар)

12. Санның жартысын табу үшін (санды 2-ге  бөлеміз)

13. 1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)

14.  Үйрек 1 аяғымен тұрса 3  кг тартады, екі аяғымен тұрса  ше? (3 кг)

15.  Периметрі 32 тең шаршының қабырғасы (8 см)

Қорытындылау: Әділ қазылар алқасына сөз беру. Оқушыларды марапаттау. Алғыс хаттарын табыстау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз