Қызылорда облысы
Қызылорда қаласы
№ 101 орта мектеп
Еңбекке баулу пәнінің мұғалімі: Мұстафаева Нұргүл
Сабақ мақсаты:
1. Ою-өрнектің шығу тарихы жайында жалпы түсінік беру, ою-оюды үйрету.
2. Оқушыларды эстетикалық талғамын дамыта отырып, шеберлік әсемдікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
3. Қол ептілігін дамыту, ой қиялдарын ұштау.
Көрнекілігі: Оюлар, ұлттық киімдер, үй мүліктері мен жабдықтар т.б суреттер.
Қажетті құралдар: қайшы, түрлі-түсті қағаз, желім.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
Назарларын сабаққа аудару
Шаттық шеңбері
Хормен: "Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Таңдай арайланып,
Судай мөлдір таза
Көңілімен сабағымызды бастаймыз" (қимылмен көрсету)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Ұлттық киімдермен танысу. Қазақ халқының (ер баланың) киім үлгісі. Үй тапсырмасын тексеріліп бағаланады.
Ұлттық бұйымдарды қою. Балалар біз үй тапсырмасынан қазақ халқының киім үлгісімен таныспыз. Ендеше осы тұрған заттармен қандай байланыс болуы мүмкін. Мына заттарға қарап бүгінгі сабағымыз не туралы болуы мүмкін (деп сұрақ қою керек).
Я балалар бүгін біз ата-бабаларымыздың дәстүріне саяхат жасаймыз. Ол үшін сендерді халық шеберлері жасаған ұлттық бұйымдарын көресіңдер. Кейін де сендер де шебер бояуларың мүмкін. (сол жердегі заттарды таныстыру).
Бұл бұйымдардың барлығында ұлттық ою-өрнектер пайдаланған.
Олай болса біз бүгінгі сабағымыздың мақсаты:
1- ден Қазақтық ою-өрнеігмен танысуымыз.
2- ден Ұлттық оюдың шығу тарихын білу.
3- ден ою-өрнектерді қолдан қиып жапсыру.
(Тақтаға күннің реті тақырып жазу)
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Жаңа сабақ: "Қазақ ою-өрнектерінің тарихынан"
Ал, 1. Кім қандай ою-өрнек біледі (оқушылардан өз ойларын сұрау)
Оюлардың қандай түрлерін білесің?
2. Оюларды не үшін ойлап тапқан. (өз ойын айту оқушы)
3. Оюды не үшін пайдаланған (әсемдеу, сәндеу, безендіру үшін)
Олай болса толықтырып кетейік:
(Ою-өрнек туралы мәлімет беру)
Ою-өрнек қазақ халқының ертеден келе жатқан сәндік-қолданбалы өнері. Қазақтың ою-өрнегі алуан түрлі (әртүрлі). Олардың әрқайсысының өз атауы бар. Оның 200-ге жуық түрі белгілі. Оюлармен тек қана қазақ тілі, орыс тілі, математика, сурет сабақтарында таныссыңдар. Әр шебер өрнекке өзі ат қойып отырған. Ою-өрнек түріне қарай 4 топқа бөлінеді.
Сергіту сәті: "Қанша оюды таптың?"
Сарамандық жұмыс:
Ал, қазір біз ою-өрнектерді қиып жапсырамыз
(4 топқа тапсырма беріледі, оюды жасап көрсету)
Қошқар мүйіз оюын салып (түсіндіру) қию. Мен сендерге ұлттық бұйымдар беремін әр топқа сол бұйымды оюмен әшекейлейсіңдер.
1-топ Қамзол
2-топ Киіз үй
3-топ Сандық
4-топ Қоржын
(Жұмыс барысында Күй "Әлқисса".)
Жасап болған топтарды тыңдау. (қандай ою жапсырдың)
Топтық жұмыс
Бекіту: Кестені толтыр:
Бағалау: Рефлексия "Менің көңіл-күйім" Смайликтермен
Үйге тапсырма беру: Қазақ ою-өрнектері. Ою-өрнек қию, жапсыру
Қорытынды: Үйге тапсырма беру,бағалау,
Назарларыңызға рахмет!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі