Өлең, жыр, ақындар

Судың тазасы – дерттің дауасы

Текелi қаласының №4 балабақшасы КММ-нің
Тәрбиешici: Матахбаева Сауле Касымхановна

 

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Қоршаған орта. Экология.

Тақырыбы: Судың тазасы – дерттің дауасы.

Мақсаты: Балаларға судың денсаулыққа пайдасы туралы түсінік. Балаларға судың адам денсаулығына өте пайдалы екенін, сусыз тіршілік иесі жойылатыны туралы түсініктерін кеңейту.

Тәрбиелік: Суды ретсіз ысырап жасамауға үнемдеуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын.

Көрнекіліктер: Қағаз, гүл, валеология картасы, глобус.

Билингвальды компонент: Су- вода, күн – солнце, ауа – воздух, табиғат – природа.

Тәрбиеші: Балаларға «Валеология» елінің картасын қарап, «Су» аялдамасына келіп, күн, ауа жайлы не біліп, үйренгендерін сұрау. Өткен оқу іс – әрекетіндегі ақыл кеңестерін естеріне түсіру.

Балалар «Валеология» елінің картасын қарап, «Су аялдамасына» келіп, күн, ауа жайлы жаңа не нәрсе біліп, үйренгендерін айтады.

Тәрбиеші: «Валеология» еліне ары қарай сапар шегіп, табиғат Ана патшалығына баруды ұсыну.

Балалар тәрбиешімен келіседі.

Тәрбиеші жұмбақ жасырады:

Аяғы жоқ, қолы жоқ

Бірақ тыныш тұрмайды

Сақтамасаң қорын тек,

Барша тіршілік құрайды.

                                           (Су)

Тәрбиеші:Судың қасиетін зерттейді.

  1. Су түссіз, суға бояғыш қосқанда судың түсі өзгереді.
  2. Су дәмсіз, иіссіз. Дәмін келтіру үшін қоспалар қосқанда дәмі пайда болады. Мысалы: Тұз, қант, т.б.
  3. Судың тұрақты пішіні жоқ, суды мұздату арқылы заттың бір пішінге келтіру

Сөздік қимыл ойын: «Теңіз толқиды».

Балаларға глобусты көрсетіп, оның планетамыздың кішкентай үлгісі екенін естеріне салу. Балаларға осы глобусты қарап, қандай түстің көп екенін сұрау.

  Балалар ойын сөзін айтып, толқынның қимылын көрсетеді.

Тәрбиеші: Көгілдір түспен не белгіленген? Су қайда болады?

  Жер бетінде шынында да судың көп екенін, бірақ, теңіздер мен мұхиттардың суы тұзды, ішуге болмайтынын түсіндіру.

Балалар өз жауаптарын айтады.

Тәжірибе: Іші суға толтырылған екі стақан дайындайды. Біреуі- тұзды, екіншісі- тұссыз су. Балаларға осы сулардың дәмін татқызып көрсетіп тұзды су ішуге жарамсыз деген қорытынды жасау.

Балаларға өзендерде, арықтарда, тұзсыз су ағатынын, онымен бау – бақша суғаруға болатынын, бірақ ішуге болмайтынын түсіндіреді.

Неліктен? Балалар сулардың дәмін татып, тұзды су ішуге жарамсыз екенін айтады.

Тәрбиеші балалардың жауаптарынан кейін біздің планетамызда судың көп екенін айта келе, бірақ тек таза, тазарған тұзсыз суды ішуге болады деп қорытылады.

Балалар тәрбиешінің айтканын естеріне  сақтайды.

«Қауіпсіздік мектебінің » ақыл кеңесі.

  1. Өзендерден, жылғалардан ағып жатқан суды ішуге болмайды, оларда қауіпті ауру тудыратын микробтар болады.
  2. Суды үнемдеп таза сақтау керек. Оны ластауға болмайды. Таза ауасыз, сусыз адамдар өмір сүре алмайды.

Балалар қауіпсіздік ережелерін мұқият тыңдап, емтеріне сақтайды.

Дидактикалық ойын: «Кім білгіш?»

Тақтаға суда және құрлықта тіршілік ететін жануарлар мен жәндіктердің суреті ілінеді. Балалар әрқайсысының үстіне белгілер қойып шығады. Олар ойынды қызыға ойнайды.

Қорытынды: Суды ретсіз ысырап жасауға болмайды, үнемдеу қажет. Себебі, суды тазалау өте қиынға түседі, әрі қымбат. Тамшылардай нәзік болыңдар! Судай таза мұздай мықты болыңдар!

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар судың қасиеттерін біледі.

Игереді: Балалар суға тәжірибе жасауды, оны үнемдеуді игереді.

Меңгереді: Тапсырманы орындап, қимыл – әрекетін жасай алады, қарапайым сұрақтарға жауап беруді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз