Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы
ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің
жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
Лукпанова Лайлим Сериковна
Пәннің атауы |
Әдебиеттік оқу. 4 сынып |
||
Сабақтың тақырыбы: |
«Кішіпейілділік» Ж.Молдағалиев |
||
Сабақтың мақсат-міндеттері: А) ақпараттық |
Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттердің ерекшеліктерін тануға, қарым-қатынас жасаудағы әдептілік істерге, адами құндылықтарды тану арқылы кейіпкер портретін жазуға үйрету. |
||
Ә) коммуникативтік |
Ауызша және жазбаша тілдесім кезінде әдеби тілде сөйлеуді қалыптастыру. |
||
Б) проблеманы шешу |
Мәтінді дауыс ырғағына келтіріп оқуға дағдыландыру. |
||
Сабақтың типі: |
Аралас |
||
Сабақтың әдісі: |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру |
||
Қолданылатын пед.технологиялар: |
Дамыта оқыту |
||
Оқыту құралдары: |
Оқулық ,тақта, тақырыпқа сай көрнекіліктер. |
||
Сабақтың барысы: |
Оқытушының әрекеті |
Оқушының қызметі |
Күтілетін нәтиже |
І. Ұйымдастыру бөлімі |
Амандасады, түгендейді. Сыныптың сабаққа дайындығын тексереді. Қажетті көрнекіліктер мен құралдарды дайындайды. Оқушыларды сабаққа жұмылдырады. |
Оқытушымен амандасады. Сабаққа дайындалады, оқулықтар мен жұмыс дәптерлерін және қажетті құрал-жабдықтарды дайындайды. |
Сабаққа зейінін аударады, сабаққа қызығушылығын арттырады. |
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа материалды меңгерту
Сөздікпен жұмыс
ІҮ. Жаңа білімді бекіту
Сергіту сәті
Ү. Үйге тапсырма.
ҮІ.Бағалау. |
Мұғалім өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексереді.
Тақтаға мәтіннің авторы Ж. Молдағалиевтің суреті ілінеді. Ол туралы не білетіндіктерін, кім екенін оқушылардан сұрайды. Толығырақ ақпарат береді. Дәптерлеріне қысқаша жазғызады.
Автор туралы мәліметтен соң, кішіпейілділік туралы сұрақтар қояды. «Кішіпейілділік» дегеніміз не? Кішіпейілділік көзге көрініп, құлаққа естіліп тұратын, я болмаса ерекше түр – тұлғасы бар мінез – құлық па ?
Оқулықтағы берілген сөздікті оқытып мағынасын ашады. Мәлік Ғабдуллин – Кеңес Одағының батыры, жазушы, ғалым. Алтын көмбе – қазына.
Тізбектей оқу стратегиясын пайдалану арқылы мәтінмен жұмыс.
Мәтінді қорытындылау сұрақтарын қояды: Мұхтар Әуезовтің кішіпейілділігі неден байқалады? Ұлы жазушының адам мінезі туралы айтқан нақыл сөзін тап. Мұхтар Әуезовтың ауыз әдебиеті туралы айтқан сөзін дәптеріне теріп жаз. Кішіпейілділікке қарама – қарсы мінез туралы жаз. Мәтіннен кейіпкер портретін тауып оқы.
Оқушыларға портреттің не екенін түсіндіріп өтеді. Портрет – шығармада кез- келген кейіпкерді бейнелеп айтуды портрет деп атаймыз.
Шаршай қалса көзіміз, Жаттығамыз өзіміз. Қолға ұстап қаламды, Оңға қарай бұлғаймыз. Жалғастырыпсанауды. Солжаққа да қараймыз, Ойнатамызжанарды. Бір ,екі, үш,төрт, бес, Шаршаубізденкөш! Жоғары да, төменде, Қолымыздысозамыз, Ширақжүрсекосылай, Бізәрқашанозамыз.
Топшама таратады. Топшамада оқушыларға арналған тақырып бойынша түрлі сұрақтар жазылған. «Кішіпейілділік» әңгімесін оқу және мазмұнын айту. Бір сыныптасына портрет жазып келу.
Оқушыларды сұрақтарға берген жауап, сабаққа қатысуына қарай бағалайды. |
Үйге берілген Әли Ысқабайдың «Жан еді сондай балажан» өлеңін мәнерлеп оқиды.
Ж. Молдағалив туралы не білетіндіктерін айтады. Дәптерлеріне тақтада берілген мәліметтерді қысқаша жазып алады. Жұбан Молдағалиев 1920 жылы 5-қыркүйекте, Орал облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды ауылында дүниеге келген. Қазақ ақыны, жауынгер, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, "Мен Қазақпын" поэмасының авторы. Ұлы Отан соғысына қатысты.
Сұрақтарға жауап береді.
Оқулықтаға сөздікті дәптерлеріне жазып алады. Игі іс – жақсы бастама, жақсы іс. Кемеңгерлік – даналық, білімділік.
Оқулықтан мәтінді тізбектеп оқиды.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. 2) «Кішіпейіл болмай, кемеңгерлік жоқ» 3) Іздей білетін кісіге халық ауыз әдебиеті – мол сырлы, алтын көмбе. 4. Дөрекілік туралы өз ойларын жазады. 5. Үстінде қалың ақ жібек матадан тіккен костюмі, басында ақ шетен қалпағы бар орта бойлы, толық, ат жақтылау, дөңес қыр мұрынды кісі... Портреттің анықтамасын дәптерлеріне жазып алады.
Шаршай қалса көзіміз, Жаттығамыз өзіміз. Қолға ұстап қаламды, Оңға қарай бұлғаймыз. Жалғастырыпсанауды. Солжаққа да қараймыз, Ойнатамызжанарды. Бір ,екі, үш,төрт, бес, Шаршаубізденкөш! Жоғары да, төменде, Қолымыздысозамыз, Ширақжүрсекосылай, Бізәрқашанозамыз «Кішіпейіл болмай, кемеңгерлік жоқ » дегенді қалай түсінесің? Кішіпейіл сөзін басқаша қалай атар едің? Кішіпейіл адамды қалай танисың ? Сен өзіңді кішіпейілмін деп санайсың ба? Ұлық болсаң, кішік бол. Кішіпейіл болғаннан, кішірейіп қалмайсың.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Жұмыстанғанына қарай бағаланады. |
Үйге берілген тапсырмаға дайын екендіктерін көрсетеді.
Ж. Молдағалиев туралы білімдерін кеңейтеді.
Кішіпейілділік туралы ойларын айтады, жаңа тақырыпты игеруге дайындалады.
Мәтіндегі қиын, бұрын кездестірмеген сөздердің мағынасын ашады.
Мәтінді тізбектеп оқиды, өз ойларымен бөліседі.
Белсенділіктерін оятады; Сұрақтарға жауап беруде алынған ақпаратты қолданады. Ақпараттың қайсысын меңгергенін, не меңгермегенін көрсетеді, алған білімін қолдана алады.
Жаттығулар жасап бой сергітіп алады.
Топшамалардағы сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын ашық айтугға дағдыланады.
Үй тапсырмасын орындау жолын үйренеді.
Өз деңгейлерін бағалары арқылы біледі. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі