Ақтөбе қаласы
№ 10 жалпы білім беретін орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі: Сармыс Бақыт Қыдыралықызы
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
I.Қызығушылықты ояту
1-2 мин 1. Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
2. Топқа бөлу. «Жұбын тап!» ойыны арқылы.
3. Бағалау парағы тарату. Топ басшылары толтырады.
1. Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
2. Топқа бөлініп отырады.
1-топ: Құстар
2-топ: Бунақденелілер
3-топ: Бауырымен жорғалаушылар
Білу 10 мин
1. Үй тапсырмасын тексеру. Ө.Тұрман-жановтың «Жаралы торғай» өлеңін оқу, мазмұнын өз сөзімен айту.
2. «Ыстық орындық» әдісі арқылы:
- Торғайдың не үшін ән салуға зауқы болмады?
- Торғайдың қасына жақындаған кезде, ол не істеді?
- Автордың айтайын деген негізгі ойы неде?
1.Оқушылар үй тапсырмасын айтады.
2.Орындыққа отырған оқушы балалардың сұрақтарына жауап береді.
II.Мағынаны тану
Түсіну 5 мин
1. «Адасқан әріптер» әдісі арқылы ҚАРЛЫҒАШ (АҚШРЛЫАҒ) сөзін шығару.
2. Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау.
3. Ө.Тұрманжанов туралы өткендіктер, еске түсіру мақсатында «Кластер» құру. Ө.Тұрманжанов кім? (Оқушылар айтады, мұғалім тақтаға жазады)
4. Топтарға жұмбақ қою, топ аттарына сәйкес.
1. Жұмбақтарды шешу, шешуіндегі жануарлар туралы айту:
Үп-үшкір таяғы,
Жыланның көзін ояды. ( Дәуіт)
Иір-иір ізі бар,
Құлағы жоқ, көзі бар.
Түсі суық ызғарлы,
Аузында айыр бізі бар. (Жылан)
Үйіңе үйін салатын,
Адамның досы қай құс? (Қарлығаш)
5.Құстар туралы бейнефильм көрсету
- Құстар туралы қандай мағлұмат алдыңдар?
- Қарлығаш туралы не білдік?
1. Адасқан әріптерді орнына қойып, «Қарлығаш» сөзін шығарады.
2. Ө.Тұрманжанов - 1905 ж ОҚО Ордабасы ауданында туған, қазақ мақал-мәтелдерін құрастырған, «Біздің қарлығаш», әңгімелер жинағы, «Ұршық» өлеңдер жинағы бар.
4. Жұмбақты шешеді.
Дәуіт – шегірткеге ұқсас, алдыңғы екі аяғы ұзын жәндік
Жылан – бауырымен жорғалаушы, улы, уы тісінде болады.
Қарлығаш- жыл құсы, адамның, табиғаттың досы.
5. Құстар туралы бейнефильмді көріп, онда не түсінгендерін айтады.
Қарлығаштың ұя салуы, ұшуы, балапан шығаруы, пайдасы, ерекшелігі туралы айтады.
Қолдану 12 мин
1. «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісінің бейнефильмін көрсету.
2. Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы өлеңді өз бетімен түсініп оқиды және тізбектеп барлық балаға оқыту.
3. Дәптермен жұмыс.С өздікпен жұмыс жасау. Дәптерге жазады.
1.Ертегіні көріп, тамашалайды, талдайды.
2.Оқулықтағы өлеңді өз бетімен оқып түсінеді. Тізбектей оқиды. Түсініксіз сөздерді тауып, мәнін түсінеді, дәптерге жазады.
Таянып – жақындап, күйбеңдеді- әрі –бері ұшып, мазасызданды, дәуіт – шегірткеге ұқсас, алдыңғы екі аяғы ұзын жәндік, сұлап түсті- өліп қалды.
Сергіту сәті 3 мин
Сергіту сәті. Қарлығаш
Сергіту сәтін жасайды.
Талдау
Шығармашылық жұмыс.
1-топ: Сатылай кешенді талдау жасау. Жыланды сипаттау.
2-топ: «Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы» әдісі арқылы өлеңді талдау.
3-топ: «Алты қалпақ» әдісі бойынша
Ақ : өлеңнің негізгі ойы не?
Сары: Қарлығаштар не себепті үйдің маңына ұя салады?
Қара: Жылан неге зияндық жасайды?
Қызыл: Дәуіт пен қарлығаштың достығы туралы ойың қандай?
Жасыл: Жыланның зұлымдығын көрсең сен қарлығаштың балапанын қорғау үшін не істер едің?
Көк: Берілген жауаптар туралы сенің қорытынды ойың? Шығармашылық тапсырмалар орындап, жариялайды.
1-топ. Кешенді сатылай талдау:
1. Ө.Тұрманжанов
2. Қарлығаш
3. Өлең
4. Ата- ананың баласын қорғау үшін, көмек сұрауы. Бірлікпен өмір сүру.
5. 14 шумақ
6. 56 тармақ
7. 11 буынды өлең
8. Қара өлең ұйқасы
9. Құс та өз баласын дұшпаннан қорғайды, адамдар да балаларын әрдайым қорғап, мейірімділік таныту.
Жылан- сұр жылан, түсі суық, сұм жылан,қан сорғыш шұбар жылан.
2-топ. Проблема: қарлығаш балапанын жыланнан қалай құтқарады?
Сұрақтар:
Қорытынды:
3-топ: Алты қалпақты киген оқушылар өздеріне берілген сұрақтар мен тапсырмалар туралы айтады.
Жинақтау 3 мин 1. Қосымша ақпараттармен жұмыс.
1-топ. Құстар ауа райын да болжайды
2-топ. Қарлығаш туралы не білеміз.
3-топ: Дәуіт туралы білеміз бе?
Оқушылар қосымша ақпарат тыңдайды. Өз білгендерін қосады.
1-топ: Біздің халық ежелден ақ құстарға әуес, халық ұлдарын сұнқарға теңесе, төгілтіп ән шырқыраған әншісін бұлбұлға, батырларын бүркітке, елден асқан сұлуларын аққуға теңеген. Ата-бабаларымыз құстардың атымен қыздардың есімдерін қойған. Мысалы: Сандуғаш, Ұлар, Қарлығаш. Құстардың қанатына қарап, ою өрнектер де салған. Ән де шырқаған.
ә) Құстар ауа райын да болжайды екен.
1. Шағала келсе, сең бұзылады.
2. Көкек қатты, әрі жие шақырса, күн жылынады.
3. Қарлығаш өрлеп ұшса, күн жылы, құрғақ болады. Ал жер барлап ұшса, жаңбыр жауады.
2-топ: Қарлығаш – айыр құйрықты, қанаттары ұзын, әрі үшкір келетін, шағын денелі қара ала құс. қарлығаш сөзі «қара», «ала», «құс» деген сөздердің кірігуімен шыққан. торғайлар отрядына жататын құс тұқымдасы. Басқа құстардан бір айырмашылығы – жемін ұшып жүріп ұстайды. Суды да ұшып жүріп ішеді. Бауыры ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр. Арктика мен антарктидан басқа жердің бәрінде мекендейді. Бүкіл әлемде қарлығаштың 80 түрі бар.
3-топ: Дәуіт туралы айтады
III. Ойтолғаныс
Рефлексия 2 мин «Білім ағашы» әдісі
Өзін-өзі бағалайды, ойларын айтады, білім ағашына стикермен жапсырады.
IV. Үйге тапсырма 1 мин «Құстар біздің досымыз» тақырыбына әңгіме құрап, альбом жасау.
Өлеңді мәнерлеп оқу, түсінік айту, жоспар құру.
Тапсырма күнделіктеріне жазылады.
V. Бағалау 2 мин Бағалау парағы арқылы бағалайды.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі